Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет169/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді сөздер: сенсорлы алалия, ойын, әдістеме, афазия, психокоррекциялық жұмыс.  

 

Алалия – туылғанға дейін немесе бала дамуының ерте кезеңінде бас ми қабығының сөйлеу 



аяларының органикалық зақымдану  салдарынан болған  сөйлеу тілінің дамымауы немесе мүлдем 

жоқ  болуы.  Алалия  термині  (грек  тілінің  –  жоқ  lalio  –сөйлеу,  тіл)  –  аудармасы  –  сөйлеу  тілінің 

жоқтығы,  бұл  термин  сөйлеу  тілі  бұзылыстарына  арналған  әдебиеттерде  бұрыннан  бері  беріліп 

келеді.  «Алалия»  терминінен  басқа,  сөйлеу  тілі  бұзылысының  бұл  түрін  белгілеу  үшін  (әсіресе 

медициналық  және  шет  елдік)  басқа  да  көптеген  терминдер  қолданылады:  туа  біткен  афазия, 

дамудың  афазиясы,  онтогенетикалық  афазия,  дисфазия,  сөйлеу  тілі  дамуының  тежелуі,  сөйлеу 

тілінің  конституциональды  тежелуі,  сөйлеу  тілін  меңгерудің  бұзылуы,  (мылқау-естімей  сөйлей 

алмау) т.б. Статистикалық деректер бойынша алалия 0,1% тұрғындарда кездеседі. Мектеп жасына 




341 

 

дейінгі балаларда 1%, ал мектеп жасындағы балаларда - 0,6-0,2% кездеседі. Ер балаларда қыздарға 



қарағанда алалия екі есе жиі кездеседі деген деректер бар. 

Алалияны  зерттеуге  үлкен  үлес  қосқандар  Г.Гутцман  (1894),  А.Либманн  (1900), 

М.В.Богданов-Березовский  (1909),  Э.Фрешельс  (1931),  ал  кейінгі  кезде  М.Е.Хватцев, 

Н.Н.Трауготт,  В.К.Орфинская,  Р.Е.Левина,  Б.М.Гриншпун,  Л.В.Мелехова,  Г.В.Мациевская, 

Е.Ф.Соботович, 

В.А.Ковшиков, 

С.Н.Шаховская, 

В.К.Воробьева 

және 

басқалар. 



Н.И.Красногорскийдың  айтуы  бойынша,  егер  сөздер,  бала  естіген  сөз  тітіркендіргіштері  ретінде 

болса және де үнемі сөз есту және сөз кинестетикалық анализаторларда бірінші сигналды жүйенің 

тітіркендіргішімен  сәйкестенетін  болса,  соңғы  аталғандар  олармен  тұйықтасып  шартты 

рефлекторлы  байланыстарды  құрайды.  Бірінші  сигналды  жүйенің  тітіркендіргіштері  сөз 

белгілеріне ие болып, сөз оларды ауыстырады. Зерттеушілердің бақылауынша, қалыпты дамыған 

балада мағыналық байланыс 3-5 сәйкестіктен соң тұрақталады. Сенсорлы алалиясы бар балаларда 

бұл  байланыс  қиындатылған  болып  келеді:  шартты  рефлекторлы  реакция  саналы  түрде  орта 

есеппен алғанда 20-25 сәйкестіктен кейін пайда болады. Сенсорлы алалияның негізгі белгілері, ол 

есту-сөйлеу  анализаторы  қызметінің  бұзылу  салдарынан  болған  сөйлеу  тілін  түсінбеуі.  Ол 

доминантты жартышардағы самай бөлігінің зақымдануынан пайда болады. Соның салдарынан бас 

миының  қабығына  өтетін  дыбыс  қоздырғыштарының  жеткіліксіз  талдап  жинақтауына  әкеп 

соғады,  одан  соң  дыбыстық  бейнемен,  ол  белгілеген  зат  арасында  байланыс  болмайды.  Балалар 

айтқан  сөзді  естігенімен  түсінбейді,  себебі,  қабылдап  алатын  сөйлеу  тіл  механизміндегі 

дыбыстарды  ажыратуы  дамымаған.  Н.Трауготт  6м.  қашықтықтан  айтылған  сөзді  естіген  балалар 

туралы  айтады  —  бұл  қалыпты  есту  қабілетіндегі  сөзді  қабылдаудың  орташа  деңгейі,  бірақ, 

балалардың  зияты  қалыпты  болғанымен,  естігеннің  мәні  оларға  түсініксіз  болып  қала  береді. 

Зерттеушілердің  пікірі  бойынша,  егер  сенсорлы  алалияда  есту  қабілеті  төмен  болса  да,  сөйлеу 

тілінің  дамымауында  ол  жетекші  (негізгі)  емес.  Қабылдаудың  жеткіліксіздігі  есту  қабілетінің 

төмендігімен  емес,  бас  ми  қабығының  ерекше  жағдайымен  байланысты.  Ю.А.Флоренскаяның 

айтуы  бойынша,  сенсорлы  алалияда  (сенсорлы-акустикалық  синдромында)  акустикалық 

қозғыштықтың  және  есту  функциясының  әлсіздігінің  ерекше  жағдайы  байқалады.  Оның 

салдарынан  есту  реакциялары  тұрақсызданып,  естіп  ажыратудағы  қиындықтар,  естіп  талдап 

жинақтауының жеткіліксіздіктері пайда болады. 

Сенсорлы  алалиясы  бар  балалардың  есту  қабілетін  тексеру  өте  қиын,  арнайы 

электроакустикалық аппаратурада тексергенде есту қабілетінің тұрақсыздығы байқалады: жиілігі 

мен дауысының қаттылығы бірдей сигналдар бірде қабылданады, бірде қабылданбайды. Сенсорлы 

алалиядағы есту зейіні мен қабылдау ерекшеліктері, олардың баяулығы, тұрақсыздығы, тербелісі 

(баланың  есту  қозғыштарына  деген  есту  реакцияларының  тұрақсыздығы)  есту  қабілетін  дұрыс 

бағалауды  қиындатады.  Дыбысқа  деген  реакция  оның  интенсивтілігінен  тікелей  тәуелді  емес. 

Шартты  есту  зейінінің  бұзылысы  байқалады:  балалар  тындамай,  дыбыстарды  естімейді,  тез 

шаршайды,  алаңдап  тұрады,  дыбысталуларға  деген  қызығушылықтарын  жоғалтып  алады,  есту 

функциясы  тежеледі.  Аудиометриялық  зерттеулер  бірнеше  рет  өткізіліп,  бала  жағдайға  үйреніп, 

тапсырмаларды  дұрыс  түсінген  жағдайда  аса  сенімді  болады.  Баланың  есту  қабілетінің  жағдайы 

жөнінде  соңғы  қорытынды  тек  қана,  бірнеше  аудиограммаларды  салыстырғанда,  дұрыс 

көрсеткіштердің  орнына  8-10  зерттеулердің  мәліметтеріндегі  жақын  сәйкестіктерді  алғанда  ғана 

шығарылады.  Есту  анализаторының  естіп  өткізу  функциясын  сақталған  жағдайда  балаларда 

дыбысты  кеңістікте  шоғырландыру  білігі  жоқ,  естіп  есте  сақтауының  бұзылуы  айқындалып, 

дыбыстық  қоздырғыштарға  индифференттілік  байқалады.  Бағытталған  сигнал  (ересек  адамның 

сөзі) баланың оны түсінуіне, қызығушылығына және жауап беруге ұмтылыс жасауы үшін өте әлсіз 

болады. Зейінді қатыстырмау және оның тез тежелуі — жеткіліксіздік сипатына тән белгілер. 

Моторлы  алалия  —  сенсомоторлы  және  мағыналық  операциялардың  сақталған 

жағдайындағы  сөйлеудің  пайда  болу  процесіндегі  тіл  операцияларының  қалыптаспауы 

салдарынан  орталық  органикалық  сипаттағы  экспрессивті  сөйлеу  тілінің  жүйелі  дамымауы.  Бұл 

тұжырымды  жақтаушылар  (Р.Коэн,  Г.Гутцман,  Р.А.Белова-Давид,  Н.Н.Трауготт,  Ф.К.Орфинская 

т.б.)  сөйлеу  тілінің  қалыптаспауын  моторлы  кемшілікке  байланысты  дейді.  Авторлардың  көбі 

алалияны кинетикалық немесе кинестетикалық апраксиямен байланыстырып, осыған байланысты 

эфферентті  және  афферентті  түрлерін  бөліп  атайды.  Афферентті  алалияда  сөйлеу  тілі 



342 

 

бұзылысының  механизмі  кинестетикалық  апраксиямен,  эфферентті  —  кинетикалық  апраксиямен 



(афазия сияқты) салыстырылады. Соңғы аталған түрі 9-10 рет жиі кездесетіні туралы ақпараттар 

бар. И.Т.Власенко, В.В.Юртайкиннің (1981) айтуы бойынша, мұндай балалардың сөйлеу әрекетін 

құрайтын құрылымдық компоненттер арасында диссоциация айқындалады: біреулерінде операция 

жасау  мүмкіндіктері  сақтаулы  болғанда  мақсатты  нұсқаулардың  қалыптаспауы  байқалса, 

екіншілерінде  —  тұрақты  мотивация  болғанда  әрекеттің  операция  жасау  аясында  кемшіліктер 

байқалады. Орындау әрекетін қадағалау аясы да жетілмейді, нәтижелерді бастапқы жағдайлармен 

салыстыру да мүмкін болмайды. 

Заманауи психолингвистикалық көзқарас мына авторлардың тіл туралы концепцияларында 

орын алды: Е.Ф.Соботович, В.А.Ковшиков, Б.М.Гриншпун, В.К.Воробьева т.б. Сенсорлы алалияда 

логопедиялық  әсер  ету  сөйлеу  тілінің  құрамын  саналы  түрде  талдауға  үйретуге,  фонематикалық 

қабылдауын дамытуға, сөз құрылымын түсінуге бағытталады. Сенсорлы алалиясы бар балаларды 

оқытқан  кезде  әрекетті  дамытуға,  сөйлеу  тілінің  дыбыстық  және  морфологиялық  талдауын 

қалыптастыруға  бағытталған  арнайы  әдістер  қолданылады.  Бұл  жерде  өз  сөйлеу  тілін  түсінудің, 

танымдық  әрекеттерінің,  бала  тұлғасының  жалпы  ерекшеліктері  жетілмеуінің  деңгейі  ескеріледі. 

Балаларда  аналитикалық  дамытудың  ерекше  мақсаты:  түстер  үйлесімін  ажырата  білу,  заттар 

пішінін  бөлшектеу,  мөлшерлеудің  жеке  өлшемдерін  анықтау.  Осы  мақсаттардың  негізінде 

дидактикалық  ойындар  мен  жаттығулар  жүйесі  жасалған.  Ұсынылған  жүйе  көмегімен  жүзеге 

асырылатын  сенсорлық  тәрбиелеудің   әрекеттің  өнімді  түрлеріне  оқыту  (сурет  салу,  т.б.)  кезінде 

жүргізілетін  сенсорлық  тәрбиелеумен  байланысы  туралы  мәселе  маңызды  болып  табылады. 

Әрекеттің  өнімді  түрлері  баланың  үш  жасында  қалыптаса  бастайды,  бірақ  осы  жаста  оқыту 

маңызды  орын  алмайды.  Сондықтан  ерте  жастағы  балаларға  өнімді  әрекетті  және  сенсорлық 

тәрбиелеу  бойынша  дидактикалық  ойындар  мен  жаттығуларды  шектеудің  мағынасы  жоқ.  Үш 

жастан бастап әрекеттің өнімді түрлеріне оқыту жүйелі және жоспарлы сипатқа ие. М.Монтессори 

әдістемесі бойынша мынадай бірнеше дидактикалық ойындар ойлап табылды: 

1. 

«Судан аулайық» – елеуіштің көмегімен ыдыстың ішінен ұсақ заттарды (тығындар, 



бұтақтар және т. б.) аулайды; 

2. 


«Тұқымдарды  сұрыптаймыз»  –  бір  қорапқа  салынған  тұқымдарды  түрлі  бөліктер 

бойынша сұрыптайды (қолдың саусақтары дамиды); 

3. 

«Кәрзеңкедегі  кір  қыстырғыштар»  –  кір  қыстырғышты  үш  саусағымен  алып, 



кәрзеңкенің  шетіне  қыстырады.  Оң  немесе  сол  қолының  саусақтарының  ұшын  жаттықтырады. 

Мұны қадағалай отырып, баланың солақай немесе оңқай екендігін анықтауға болады; 

4. 

«Төгіп  алма»  –  жармасы  бар  құмыраны  оң  қолында  ұстап  және  сол  қолымен 



көмектесе отырып стақанға салады; 

5. 


«Қасықпен саламыз» – жармаға толы тостағаннан бос тостағанға қасықпен салады.  

Соңғы екі ойын балалардың көзбен өлшеуін дамытады, ұқыптылыққа, заттарды сақтықпен 

пайдалануға үйретеді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Қ.Қ.Өмірбекова, Г.С.Оразаева, Г.Н.Төлебиева, Г.Б.Ибатова. Логопедия. Оқулық, Алматы, 

2011ж.  

2.Под ред Л.С. Волковой Логопедия. М., Просвещение. 2010г.  

3.Орфинская В.К. «Дифференциальные методы логопедической работы при разных формах 

алалии и афазии» М., 2013г.  

 

 

 



 

 

 



 

 



343 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет