Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет167/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді сөздер: көру, қарым-қатынас, Брайл жүйесі, инклюзивті оқыту, сурет салу. 

 

Көру – бұл адам мен жануарлардың күрделі нерв рецепторлы жүйені көру анализаторлары 



арқылы  іске  асыратын  оптикалық  қабылдау.  Көру  арқылы  адам  қоршаған  орта  туралы  көп 

мөлшерде  хабарлар  алады.  Заттардың  түсі,  пішіні,  үлкендігі,  олардың  бірігіп  орналасуы  және 

өзара ара қашықтығын адам көру арқылы біледі. Көру қабілетінің зақымдалуына байланысты бұл 

топтағы тұлғалар 2ртопқадбөлінеді: 

1. 

Көрмейтіндер; 



2. 

Нашар көретіндер.  

Соқырлар  (көрмейтіндер)  –  көруінде  ауытқуы  бар  балалар  қатарындағы  жарықты  көру 

сезінуі  толығымен  бұзылып  немесе  қалдық  көру  сезімдері  мен  көру  қабілеті  бар  (жақсы  көретін 

көзіндегі өткірлікті көз әйнек арқылы түзету 0,04 дейін) және көру  көлемі тарылу жағдйындағы, 

көру өткірлігі (0,08 дейін ) прогредиентті сипатқа ие көз аурулары бар балалар. Нашар көретіндер-

0,05-тен,  0,2-ге  дейін  жақсы  көретін  көзінде  түзететін  қарапайым  көзілдірік  арқылы  көретіндер. 

Нашар  көретіндерде  көру  қабілетінің  өткірлігінің  төмендеуімен  қатар,  көру  қызметінін  басқа 

салалары  да  бұзылуы  мүмкін,  мысалы:  жарық  пен  түстерді  сезінуі,  шеткі  бинокулярлық  көруі. 

Көру  қабілеті  бұзылған  балалардың  ата-аналары  мамандардың  кеңесі  көмегіне  үнемі  сүйеніп 

отыруы тиіс. 

Соқырлар  мен  нашар  көретін  балаларды  мектепте  оқытудың  өзіндік  принциптері  мен 

міндеттері  бар,  яғни  бұзылған  көру  функцияларын  қайта  қалпына  келтіру,  коррекция  және 

компенсация. Ал тифлопедагогиканың ең басты мақсаты  — ол дамуында ауытқушылықтары бар 

балалардың  тұлға  ретіндегі  жан-жақты  толысуы,  дамуы.  Осыған  байланысты  оларға  арналған 

мектептердің  атқаруға  тиіс  функциялары  бар.  Олар:  оқыту-тәрбиелеу,  коррекциялық-

дамытушылық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-қалпына келтіру, әлеуметтік бейімделу және кәсіби 

бағыттандырылу функциялары. 

Көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған мектептердің ерекшеліктері: 

1. 


Балалар дамуының жалпы және жеке ерекшеліктерін ескеру. 

2. 


Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жаңартып отыру, оқыту мерзімін ұзарту және 

оқу материалдарын ыңғайлап қайта құру. 

3. 

Сыныптар мен тәрбие топтарындағы бала санын азайту,  жіктеу, жұмыстың арнайы 



әдістері  мен  түрлерін  қолдану,  көрнекі  құралдар  мен  қызықты  кітаптарды  және  жаңа 

тифлотехниканы қолдану. 

4. 

Оқу  сыныптары  мен  кабинеттерін  жабдықтау,  санитарлық-гигиеналық  жағдайлар 



жасау, емдеу-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру. 

5. 


Еңбек  және  әлеуметтік  бейімдеу  жұмыстарын  күшейту,  соның  нәтижесінде 

түлектердің өмірден өз орнын табуын қамтамасыз ету.   

Көру  қабілеті  бұзылған  балаларды  орта  мектепте  оқыту  үш  кезеңге  бөлінеді:  бастауыш, 

негізгі және орта мектеп. Барлық деңгейде де оқыту арнаулы бағдарламалар және оқу жоспарлары 

арқылы  іске  асырылады.  Бастауыш  мектепте  оқыту-есту,  иіс  сезу,  сөйлеу  және  мүмкіндігінше 



338 

 

көру  қабілеттерін  дамытуға  бағытталады.  Сондай-ақ  емдеу  дене  мәдениеті,  ритмика,  әлеуметтік-



тұрмыстық  бағыттағы  сабақтар  жүреді.  Көруі  нашар  немесе  мүлде  көрмейтін  балалар  бастауыш 

мектепте  оқу  іс-әрекетінің  дағдыларын  –  оқу,  жазу,  санауды  меңгереді,  көрнекі-бейнелік  және 

теориялық ойлауға, жеке гигиена негіздеріне, кеңістікте бағыт ұстауға үйренеді. 

Мектептегі  білім  берудің  ІІІ-ші  деңгейінде  жалпы  орта  білім  беру  және  дифференциация 

негізіндегі кәсіби оқыту аяқталады. Орта мектептің соңғы кезеңінде балалардың қызығушылығы, 

әлеуметтік-психологиялық  бейімделуі  есепке  алына  отырып,  оның  еңбек  ете  алатын  саласы 

анықталады.  Осы  мақсатта  оқу  жоспарына  түрлі  бағыттағы  факультативтік  сабақтар  енгізіледі. 

Нашар көретін балалар кейбір тітіркендіргіштікпен, тұйықтықпен сипатталатын мінез-құлқындағы 

ерекшеліктермен  ерекшеленеді.  Бұл  жетіспеушілік  көру  кемістігі  салдарынан  ойында,  оқуда, 

құрдастары  қарым-қатынасқа  түскенде  болатын  қиындықтармен  түсіндіріледі.  Сондықтан  нашар 

көретін балалар оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайын талап етеді. Егер де нашар көретін бала 

жалпы білім беретін мектепте оқи бастаса, оның жұмыс қабілеті басқа оқушыларға қарағанда тез 

артта  қала  бастайды.  Егер  оның  үлгерімі  оның  мүмкіндіктерінен  төмен  болса,  онда  бұл  үлгере 

алмаушылыққа  алып  келеді.  Көру  жүйесінің  бұзылу  деңгейіне,  оның  белгілеріне,  пайда  болу 

уақытына,  компенсация  мүмкіндігіне  байланысты  нашар  көретіндерге  арнайы  оқыту  мен  тәрбие 

жүйесі  құрылған.  Нашар  көретін  балаларды  оқыту  жағдайы  әлсіз  көру  қабілетін  сақтай  алатын, 

оның көру арқылы қабылдауын жақсартатын, ауыртпалық түсірмейтін жағдайда болу керек. Оған 

көруді  түзететін  көз  дәрігері  ұсынған  құралдарды  қолдану  жатады:  кәдімгі  және  арнайы 

көзілдіріктер,  жұмыс  істейтін  жердегі  жарық  беретін  құралдар,  арнайы  оқулықтар,  көру 

жұмысының күнтізбесін сақтау жатады. 

М.И.Лисина  қоршаған  әлеммен  балаларды  өзара  iс-әрекеттің    дамуы  қарым-қатынастың 

бiрнеше  ерекше  пiшiндерiнің  ауысуымен  болады  деп  қарастырды.  Олардың  әрқайсылары  жас 

кезеңдерінің  коммуникативті  іс  –  әрекет  күйін  көрсетеді  және  эмоционалды  реакциялар, 

әлеуметтiк  қатынастардың  жиынтығымен,  вербалды  және  вербалды  емес  тәсілдердің 

айқындылығымен  сипатталады.  Баланың  дүниеге  келуінің  өмірлік  жолының  бірінші  қадамы  – 

әлемді  тану  болып  келеді.  Бұл  әрекет  тәжірибелік  жолмен  жүзеге  асырылады.  Бірақ,  баланың 

әлемге  белсене  араласуы  үшін  коммуникативті  іс-әрекетке  қосылуы  керек.  Осы  жас  кезеңнің 

негізгі мәселесі -  бала мен ересек арасындағы эмоционалдық әсерлермен айырбас жасау. Бұл іс-

әрекет физиологиялық және психикалық факторларды қоса, барлық өмірлік іс-әрекеттің жүйесінің 

жұмысын  қамтамасыз  етеді.  Олардың  әсері  дамуда  бұзылыс  шақырады,  соның  ішінде  көру 

анализаторының дамуындағы бұзылыс. Көру ақауы баланың дамуында ең бір күрделі және ауыр 

бұзылыстардың бірі болып келеді. Жаңа туған нәрестенің көру бұзылысының тереңдігін анықтау 

қиынға  соғады.  Себебі,  нәрестенің  көру  жүйесі  ересектердің  көру  жүйесінен  ерекшелінеді. 

Баланың дүниеге келгеннен кейінгі  алғашқы айларында көру қабілеті  қарапайым, диффузиялық 

жарық  сезiнуімен  сипатталады.  Нәрестенің  көріп  қабылдауының  дамуы  реакциясымен  көрінеді. 

Екінші  айында  ғана  балада  заттық  көруі  анасын  сезінуінен  пайда  болады.  Ерте  жастағы 

коммуникативті  әсер  етудің  негізгі  түрі  тiкелей  эмоционалды  немесе  ситуациялы  -  жеке  қарым-

қатынас  болып  табылады.  Бұл  әрекет  бала  ересектің  махаббаты  мен  қамқорлығымен 

қанағаттануына  бағытталған.  Баланың  мүлдем  көрмеуі  немесе  көру  бұзылысының  айқындығы 

туғаннан  кейін  бірінші  аптада  білінеді.  Сондықтан,  көру  қызметінің  бұзылысы  баланың  жалпы 

дамуында білінбейді, әсіресе, бұл кезеңдегі қарым – қатынастың дамуында мүлдем білінбейді. 

Көру анализаторы барлық ағзаның жұмысын ұйымдастырады және түзетеді. Сол себептен, 

оның  қызметінің  бұзылысы  басқа  ағзалардың  анализаторлық  жүйесіне  кері  әсер  етеді.  Көру 

патологиясы  бар  балаларға  өзінің    көру  бұзылысына    сенуі  өте  ауыр  болып  келеді.  Олар  бұл 

жағдайда басқа анализатордан келген ақпаратты нашар саралайды немесе мүлдем елемейді. Көру 

бұзылысы  бар  балалар  қоршаған  ортаның    сапалы  алуан  түрлілігін  қабылдай  алмайды.  Себебі, 

сенсор эталондарының жүйесi бұрмаланады. Кез-келген объект, әрекет немесе күйі сияқты күрделі 

жиынтықтар қоздырғыштар болып келеді. Бұған сенсорлық, перцептивтік, апперцептивтік сияқты 

сезгіштіктің  барлық  деңгейлері  жауап  қайтарады.  Субъективті  перцептивтік  бейне  сенсорлық 

ақпараттың  бұрмалануымен  сипатталады.  Сенсорлық  ақпараттың  бұрмалануы  барлық 

анализаторлық  жүйенің  өзара  әрекеттесуін  бұзады.  Бұл  елестетуде  де  көрінеді.  Себебі, 

«қабылдауда не жоқ болса, елестетуде ол болуы мүмкін емес». 




339 

 

Елестету  –  көру  бұзылысы  бар  балалардың  жоғарғы  психикалық  функциялардың  негізін 



құрушы және қарым – қатынас әрекетінің дамытушысы болып табылады. Көру ақауының әсерінен 

қозғалу белсенділігі, қозғалыс тепе-теңдігі төмендейді және пәндік іс-әрекеттің дамуына кері әсер 

етеді. 5 – 6 айында көру бұзылысы бар баланың қалыпты көретін құрдастарынан артта қалғандығы 

айқын  көрінеді.  6  айдан  3  жасқа  дейін  көру  бұзылысы  бар  балаларда  бірінші  кезекте  - 

ынтымақтастық  қарым-қатынасқа  түсу.  Ынтымақтастық  қарым-қатынасқа  түсу  ересектермен 

іскерлік  –  ситуациялық  сөйлесуде  жүзеге  асырылады.  Ересектермен  сөйлесу  мазмұн  деңгейімен 

бір  мезетте  жүзеге  асуы  мүмкін.  Яғни,    сөз  арқылы  жеткізілген  цифрлық  ақпарат.  Аналогия 

ақпаратты беретін  қарым-қатынастық деңгей – мұнда сөйлеп тұрған адамның тыңдаушыға деген 

қарым-қатынасы.  Көру  бұзылысы  бар  балалар  сөздік  және  сөздік  емес  қарым-қатынас 

құралдарынан айрылған. Олар арнайы оқытуды қажет етеді. 

Көру  бұзылысы  бар  балаларда  пәндік  қызметті    3  –  4  жас  аралығында  қалыптастыру 

созылады.  Бала  сөйлей  бастағанда  пәндік  қарым-қатынаста  коммуникативті  іс-әрекетінің 

дамуында  сапалы  жоғарылау  байқалады.  Сөз  маңызды  екі  қызмет  атқарады:  қарым-қатынастық 

және  сигнификативті,  осының  арқасында  сөйлеу  арқылы  қарым-қатынасқа  түсу  құралы  және 

ойлау қабілетінің және сананың қалыптасуы. С.Л.Рубинштейн ойлауды ауызша қалыптастырудың 

ерекшелігі  қалыптасса,  ой  қалыптасады.  Сөйлеудің  қалыптасуы  психологиялық  процестердің 

дамуымен тығыз байланысты: сезіну, елестету, ойлау, есте сақтау. 

Көру  бұзылысы  бар  балада  сөйлеу  қабілеті  жақсы  дамыған.  Олар  өз  құрдастарымен, 

ересектермен белсенді сөйлесе алады. Көру бұзылысы бар бала қалыпты баладағы сияқты сөйлеуі 

бірдей негізде қалыптасқан. Қалыпты көретін балалар сияқты көру кемістігі бар балаларда сөйлеу 

қабілеті коммуникативті үрдіс кезінде дамиды және түсінеді. Бірақ кейбір ерекшеліктер болады – 

даму темпі өзгереді, сөйлеудің сөздік – сематикалық жағы өзгереді, вербализм пайда болады, көру 

әсерлері болмағандықтан сөздерінде айқара ашық сөздер сирек қолданады. 

Көру  қабілеті  бұзылған  балалардың  жаңа  қажеттiлiктерін  қалыптастыру  процесiнде, 

әлеуметтiк  және  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасында  дұрыс  сөйлеуді  біртіндеп  меңгертеді. 

Жаңа сөз қоршаған әлемнiң әлеуметтiк өзара байланысын таныстырады, оның қарым-қатынастық  

қызметiнiң  негiзгісi  болып  табылады.  Көру  бұзылыстары  бар  балалардың  қарым-қатынастық 

бейiмделуi,  оның  қарым-қатынастық  қызметiнің    әртүрлi  суреттеу  құралдарының  пайдалануын 

бағамдайды және баланың дамуы  эмоционалды, әлеуметтiк бағынышты болады. Оған индивидтің 

вербальды  емес  қарым-  қатынастары,  сонымен  бiрге  дауысы,  қалыпы,  киiмі,  интонациясының 

ерекшелiктерiнің  бәрi жатады. 

Мектепке дейінгі көру бұзылысы бар балалармен, көру қабілеті жақсы дамыған балаларды 

салыстырғанда  вербальды  емес  ауызша  қарым-қатынасты  иеленедi.  Онда  балалар  ересектермен  

қарым-қатынас  кезіңде  мәнерлi  қозғалыстарды,  сонымен  қатар  ымдармен  мимиканы  мүлдем 

пайдаланбайды  және  серiктестiң  көңiл-күйiнің  өзгерiсін  де  сирек  байқайды.  Көру  бұзылысы  бар 

балалардың  қарым-қатынасы  көбінесе  сөйлеу  мүмкіндігіне  қарай  көбірек  арқа  сүйейдi,  ал    осы 

уақытта  қалыпты  көретiн  балалар  қарым-қатынас  қызметiн  іс-тәжірибе  жүзінде  белсенді 

жетiлдiредi және «теориялық» жүйенiң дамуы ересектердің ынтымақтастығы арқылы сөз жүзінде 

вербальды және вербальды емес құрал-жабдықтары арқылы қарқынды дамиды. 

Көрмейтін  және  нашар  көретін  балалармен  түзету  жұмысы  педагогикалық  үрдіс 

жағдайында  кешенді,  жан  жақты  ықпал  ету  түрінде  жүргізіледі.  Түзету  жұмысы  жалпы 

дидактикалық және арнайы қағидаларға сүйеніп ұйымдастырылады. Арнайы  қағидаларға  түзете 

оқыту,  бірінші  реттілік,  екінші  реттілік  ақаулықтар,  сақталған  анализаторларға  сүйену  және 

полисенсорлы  негіздерін  құруға  жағдай  жасау,  қоршаған  орта  туралы  ұғымын  қалыптастыру, 

сөйлеу  тілінің  қалыптасу  деңгейі  мен  сөйлеу  тілінің  бұзылу  құрылымын  ескеру,  сөйлеу  іс-

әрекетінің  сақталған  (компоненттерін)  бөліктеріне  сүйену,  сөздік  материалдың  жаңалығын, 

көлемін, күрделілігін ескеру жатады. Түзету жұмысында арнайы ұйымдастырылған логопедиялық 

сабақтардың орны ерекше. Көбінесе жеке сабақтар жүргізіледі. Топпен сабақтарда баланың көру 

деңгейін,  сөйлеу  қабілеті,  қабылдау  тәсілдері  және    жеке  басының  ерекшеліктері  ескеріледі. 

Тәрбиешілер  мен  тифлопедагогтар  логопедпен  бірге  сөйлеу  тілінің  бұзылыстарын  түзету  жұмыс 

бағыттарын  анықтайды.  Сөйлеу  мәдениетін  дамыту  жұмысын  барлық  сабақтарда  жүргізу  керек. 

Логопедиялық  сабақ  барысында  нашар  көретін  балалардың  сақталған  көру  мүмкіндіктерін 




340 

 

пайдалануға  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Ол  үшін  рельефті  суреттер,  «сиқырлы  қапшық»,  дыбысты, 



буынды, сөзді белгілеуге қажет кубиктер т.б. көрнекіліктер пайдаланады. Түзету жұмысында мына 

бағыттар қарастырылады: 

 

есту зейінін дамыту; 



 

сөз қорын дамыту және молайту, сөздің мағынасын анықтау; 

 

тиісті  ұғымдар  мен  түсініктерін  қалыптастыруға  байланысты  сөйлеу  қимыл 



дағдыларын, координациясын, кеңістікті бағдарлауын жетілдіру; 

 

жалпылама түсініктерін қалыптастыру; 



 

сөйлеу тілінің  грамматикалық жағын меңгеру; 

 

байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру; 



 

дыбыс  айтуын  және  фонематикалық  талдау  және  жинақтау  дағдыларын 

қалыптастыру.  Сонымен  қатар,  көруі  бұзылған  балаларда  кездесетін  ринолалия,  тұтықпа, 

дауыстың бұзылуын түзету жұмыстары жүргізіледі. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Қ.Қ.Өмірбекова, Г.С.Оразаева, Г.Н.Төлебиева, Г.Б.Ибатова. Логопедия. Оқулық, Алматы, 

2011ж.  

2. Под ред Л.С. Волковой Логопедия. М., Просвещение. 2010г.  

3.  Орфинская  В.К.  «Дифференциальные  методы  логопедической  работы  при  разных 

формах алалии и афазии» М., 2013г. 

4.  Ибатова  Г.Б.,  Коржова  Г.М.  Дамуында  түрлі  ауытқуы  бар  балалардың  сөйлеу  тілі 

дамуының ерекшеліктері., Алматы, 2010ж. 

5. Тебенова Қ.С., Рымжанова А.Р., Арнайы психология., Алматы: Дәуір, 2011. 264б  

6. Кенжебаева Т.Б. Арнайы психология. Павлодар, 2011ж. 122 б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет