Түркі тілдеріндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің лексика-семантикалық мәні



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата12.10.2022
өлшемі146,94 Kb.
#42518
  1   2   3   4


Түркі тілдеріндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық 
тіркестердің лексика-семантикалық мәні
 
 

Ж.Д.Байтелиева 
С.Демирел университетінің
оқытушысы, филология
ғылымдарының кандидаты 
Әрбір халық өзінің әлемдік суретін тілі негізінде қалыптастырады. 
Осыған байланысты адамның бір-бірін түсінуі қиынға соғады. Әрине, бір-
бірінен қатты ерекшеленетін тілдерге қарағанда туыстас тілдерде сөйлейтін 
халықтар үшін бір-бірін түсінуі анағұрлым жеңілдеу. Түркітілдес халықтар 
үшін қай кезде де өз ұлтының тілі арқылы түсінісу күні бүгінге дейін ешбір 
қиындықсыз жүзеге асырылып келеді. Тіпті олардың ортақ фразеологиялық 
тіркестері де осының айғағы.
Жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің сабақтастығы мен 
ортақтығы түркі тілдерінің синхронды дамуында аңғарылады. Бұл әртүрлі 
топтар мен аймақтардағы қазіргі түркі тілдерінде жылқы малына қатысты 
бір-біріне өте ұқсас немесе нұсқалас фразеологиялық тіркестердің көптеп 
кездесетінін көрсетеді. Фразеологиялық тіркестердің бұл қабатында заңды 
түрде болған фоно-морфо-семантикалық ауытқуларда және құрылымдық 
түрленулерде олар не бұл халықтардың шығу тегі мен тұрмысының
ортақтығын көрсетеді, не олардың әртүрлі тарихи даму кезеңдеріндегі 
тіларалық кірме сөздердің нәтижесі болып табылады. Бұған кейбір 
мысалдарды келтіруге болады: қаз. ат жалын тартып міну // қырғ. ат 
жалын тартып минүү (сөзбе-сөз «жалынан ұстап атқа міну») ержету, шешім 
қабылдай алатын жігіт болу; қаз. ат басындай // өзб. отнинг калласиндай  – 
қандай да бір заттың көлемін анықтау кезінде қолданылады; қаз. жақсы 
атқа бір қамшы, жаман атқа мың қамшы // қырғ. жакшы атка бир камчы, 
жаман атка миң камчы // өзб. яхши отга бир қамчи, ямон отга минг қамчи // 
ұйғ. яхши атқа бир қамча, яман атқа миң қамча // түрікм. ягшы ата бир 
гамчы, яман ата мүң гамчы; қаз. атының сыры иесіне мәлім // өзб. аттын 
сыры ээсине маалым, кыздын сыры төркүнүнө маалым [1, 4 б.]. 
Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Түркі тілдеріндегі жылқы 
малына қатысты фразеологиялық тіркестердің сөздік құрамы туыстығын 
білдіретін ортақ сөздерден құралады. Оның үстіне фразеологиялық 
тіркестердің лексикалық қоры көптеген ғасырлардың куәсі. Сонымен қатар 
әрбір түркі халықтарында жылқы малына деген өзіндік көзқарасы, 
дүниетанымы қалыптасқанын да айтып өту керек. Мұндай ерекшеліктерді 
халық тілінде сақталған сөз орамдарынан байқауға болады.
Географиялық жағынан алшақта орналасқан түрік халқының жылқыға 
деген көзқарастарында біраз ерекшеліктер кездеседі. Түріктер жылқының 
етін жемейді, қымызын ішпейді. Мұның себебін түрліше түсіндіреді. 
Қазақтар мен түріктердегі жылқы өсіру мәдениетін зерттеген Али Аббас 
Шынар «түріктер ислам дінін қабылдағаннан бастап жылқы етін жемейді» 


деген мәлімет келтіреді [2, 78 б.]. Енді бірде жылқыға деген құрметтің 
жоғары болғандығы себепті оның етін жемейтіндіктерін айтады. Бірақ ислам 
дінінде жылқы етін жеуге тыйым салынбағаны бәрімізге аян.
Түріктерде atın ölümü arpadan olsun (тамақсаулық); at izi it izine karışmak 
(жақсыны жаманнан ажырата алмау); ata et, ite ot vermek (істі дұрыс 
атқармау); atlar tepişir, arada eşekler ezilir; at kafalı т.б. фразеологиялық 
тіркестер кездеседі. 
Atlar tepişir, arada eşekler ezilir (атлар тепишир, арада ешеклер езилир) 
деген мақалында үлкендердің әсерінен кішілердің зардап шегуі жайлы 
мағына бар. Бұл қазақ тілінде «екі түйе жанасса, арасында шыбын өледі» 
мақалымен беріледі. Әлдінің әлсізге жасайтын зорлығын бейнелейтін бұл 
тіркеске «ірілік», «зорлық» семалары негіз болған. At kafalı (ат кафалы; сөзбе-
сөз аудармасы: ат басты) деген тіркес «ақымақ» мағынасын береді. 
Негізінен түркі халықтарында «ақымақтық» көбінесе қой, есек, шошқа 
денотаттары арқылы берілген. Халық жылқы жайын сөз еткенде, біріншіден, 
оның ерге серіктігін, жүйрік қасиетін, дене бітімінің сұлулығын сөз еткен. Ал 
оны «ақымақ» ретінде көрсету сирек кездеседі [3, 56 б.]. Қырғыз халқында 
«


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет