2) Мағыналары бірдей, құрылымында азды-көпті өзгерістер кездесетін
фразеологиялық тіркестер: қаз.
алдына қара салмау, қырғ.
алдына ат
салдырбаган – «маңдайалды болу».
Ал түркі тілдеріндегі (қазақ, қырғыз, түрік) жылқы малына қатысты
фразеологиялық тіркестердегі негізгі айырмашылықтары әр халықтың
жылқыны тануда қалыптасқан өзіндік дүниетанымына, түліктің осы түріне
деген көзқарасына байланысты туындаған деп ойлаймыз. Мысалы
: қазақ
халқы
адам жылқы мінезді деп өзін жылқыға ұқсатады
. Мұндай таным басқа
түркі халықтарында кездеспейді. Ал Анадолы түріктері тамақсаулықты
атын
өлүмү арпадан олсун деген тіркеспен бейнелейді. Бұл түрік
халқының
жылқыға деген өзіндік танымын көрсетеді.
Осы арада «жылқыға қатысты фразеологиялық тіркестердің диалектілік
ерекшелігі бар ма?» деген сауал туады.
Этнолингвистиканың диалектологиямен шендесуі, ең алдымен,
біріншісінің түбегейлі мақсатына байланысты: ол этносқа қатысты
деректердің бәрін тіл қорының қойнау-қойнауларын тінте қарап, тірнектеп
жинап, түгел қамтуды көздейді. Ал
диалектология болса, әдеби тілдің
«сыртында» жатқан, сонау тайпа тілінен бастау алып, жергілікті тұрғындар
қолданысында сақталып келе жатқан көне де байырғы сөздерді, көрші
халықтар тілінен әр кезде қабылдаған ауыс-түйістерді,
жергілікті
кәсіпшілікке байланысты ұғым-түсініктерді жинақтап, түсіндіру арқылы
этнолингвистиканың бастау алар бұлақтарының бірі болып саналады.
Этнолингвистика мен диалектологияның арақатыстығына байланысты,
мәселен, академик Н.И.Толстой бастаған ғалымдар тобының көп жылдан бері
славян тілдерінің жергілікті ерекшеліктерін зерттеу арқылы бүгінде ұмыт
бола бастаған көне дүниелерін жаңғыртуды мақсат ететіндігін айта кеткен
жөн [4, 17 б.].
«Диалектілік тұрақты сөз тіркестері дегеніміз – жалпыхалықтық
қолданыста жоқ, тек белгілі бір говорларда сөйлейтін
жергілікті халықтың
географиялық орналасу жағдайына, өмір тіршілігіне, айналысатын кәсібіне,
рухани танымына байланысты ұзақ уақыттар бойында туған, құрамы
жағынан тұрақталып, дайын единица ретінде бейнелі мағынада қолданылып
жүрген сөз тіркестері», – деп көрсетеді қазақ
говорларындағы тұрақты
тіркестерді зерттеген Қ.С.Қалыбаева [5, 24 б.].
Диалектілік фразеологиялық тіркестердің әдеби тілден басты ерекшелігі
–
қолданылу аясының тарлығы. Соның салдарынан оның саны да әдеби тілге
қарағанда шектеулі болады. Әрине, тілдік тұрғыдан қарағанда оның
құрамындағы тұлғалар да біршама өзгергіш болып келеді. Осыдан барып
жергілікті говорларда диалектілік фразеологиялық тіркестердің түрліше
варианттары туған.
Жалпы фразеологиялық тіркестердің пайда болуына әсер ететін
фактордың бірі – сол өлкенің жағдайы, табиғаты,
халықтың айналысатын
негізгі кәсіп түрі. Міне сондықтан да әртүрлі аймақтарда өмір сүріп жатқан
қазақтардың тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестерге
талдау жасау арқылы олардың осы түлікке деген танымдарындағы
ерекшеліктердің көп емес екендігі байқалды.
Мәселен, Түрікменстандағы қазақтар тілінде
ат та шөл, адам да шөл
деген фразеологиялық тіркестер кездеседі. Яғни «адам мен аттың қатты
шөлдеуі» мағынасындағы тіркес. Бұл тіркестің пайда болуына, біздіңше, сол
жердің табиғаты әсер еткен секілді. Себебі Түрікменстанның
табиғаты
құмды, шөлді, ыстық болып келеді. Мысалы:
Бір тәулік қасқыр қуып, құмда
Достарыңызбен бөлісу: