Түркі тілдеріндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің лексика-семантикалық мәні



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата12.10.2022
өлшемі146,94 Kb.
#42518
1   2   3   4
Байланысты:
Түркі тілдеріндегі жылқы

ат та шөл, адам да шөл болып, әрең шыққан күніміз болған (ҚТАС, 26 б.). 
Қытай қазақтары тіліндегі тұрақты тіркестердің диалектілік 
ерекшеліктерін зерттеген ғалым С.Мұстафаұлы: «Қытай қазақтары 
қолданылып жүрген фразеологизмдердің табиғатын түсіну үшін оның 
лексикалық құрылымына, яғни құрамындағы сөздерге көңіл бөлуіміз қажет. 
Өйткені Қытайда тұратын қазақ диаспорасының тілдік ерекшеліктерінің 
қалыптасуына әсер етіп отырған тілдік факторлар жеткілікті. Қолда жиналған 
материалды сұрыптай келе біз олардың құрылымындағы 2 түрлі жайтқа көңіл 
аудардық: 
1) 
Қытай қазақтары тіліндегі диалектілік фразеологизмдердің лесикалық 
құрылымы негізінен жалпыхалықтық лексикадан құралған тіркестер болып 
келеді. 
2) Бұл өлкедегі диалектілік фразеологизмдердің ендігі бір ауқымды 
бөлігі жалпыхалықтық лексика мен диалектілік лексикадан құралған 
тіркестер болып табылады» – дейді [6, 34 б.]. Мысалы: аттан түссе де 
үзеңгіден түспеу жеңілісті мойындамау; аузы асқа, ауы атқа толу – 
тұрмысы, күн көрісі оңалу; баладан бұзылған аттай болу  жаман әдетке бой 
үйретіп қалған, оғаштық, сөлекеттік жасау; алыстан ат өксітіп келу  алыс 
жол жүріп, шаршап жету; сөзден құрық ұстаған  сөзге шешен; кері айыл  
қырсық, көк бет т.б. 
Кейбір жай тіркес нәтижесінде жасалған фразеологизмдердің 
қалыптасуында тарихи шындық жатыр. Тіл элементтері жалпыхалықтық 
қолданысқа түскен кезде өзінің бастапқы тілдік нұсқасын бірте-бірте 
өзгертіп, жоғалтып, өшіріп алуы мүмкін. Демек, сөз және оның мағынасының 
дамуы әрбір қоғамдық даму кезеңдеріндегі дүниетанымдық көзқарастарға 
тікелей байланысты, – дейді Б.Ақбердиева [7, 10 б.]. 
Осыған байланысты С.Мұстафаұлының келтірген мына мысалын біз де 
келтіріп өтуді жөн көрдік: «Жерді көрсең Наратқа бар, Озатты көрсең 
Манапқа бар, Бәйгені көрсең кері атқа бар» . 
Нарат – Іле аймағына қарасты Күнес ауданының топырағы құнарлы, 
шөбі шүйгін, суы тұнық, табиғаты көркем құтты мекен, ырысты ауыл. Нарат 
ауылы қазіргі күнде өзінің жанға жайлы көркем табиғатымен сырттан келген 
саяхатшыларды өзіне ерекше баурайтын әйгілі саяхат орнына айналған жер. 
Манап Ахметұлы (1909-1985) – Күнес ауданындағы Нарат ауылының 
тұрғыны. Шыңжаңда тұңғыш рет Ыластай мал шаруашылық кооперациясын 
құрып, Мау Зыдоңның қабылдауында болған, әйгілі еңбек ері. 


Кері ат – 1959 жылы ішкі Моңғолияда бүкіл Қытай бойынша өткізілген 
ат бәйгесіне Нараттан апарылып қатысқан, 1-бәйгені алғаны үшін Бейжіңгер 
атанған бәйге аты. 
Бұл мәтелді «жақсының бәрі бір жерге жиналған» деген ауыспалы 
мағынасымен түсіндіруге болады. 
Жылқының жас мөлшерін, жынысын анықтайтын атаулардың басқа да 
жануарларға байланысты фразеологиялық тіркестерде қолданылу көрінісін 
диалектілік ерекшеліктерден байқауға болады. Мысалы: Қытай 
қазақтарының тілінде дөнен итше кергу – «ешкімді менсінбеу, көкірек 
көтеру» мағынасындағы фразеологизм қолданылады. Мысалы: Өзі дөнен 
итше кергімей, тұрыстықтарын айтсын (Ғ.Қанапияұлы). Әдетте әдеби 
тілде дөнен сөзі төрт түлік малға қатысты жұмсалады. Ал бұл сөздің итке 
анықтауыш болуы говорлық ерекшелікті танытады [6, 37 б.]. Сондай-ақ 
Түрікменстанда есектің еркегін айғыр ешек дейді. Бұл сипат Қазақстанның 
аймақтарында да кездеседі. Мысалы, Алматы облысы, Шелек ауданында 
жабы ит деген тіркес қолданылады. Қаппайтын итті осылай атайды екен.
«Зат есімдердің ішінде затты немесе заттық ұғымды әдеттегіше атаумен 
қатар, сол аталған заттың сын-сипат жағынан қандай екендігін қоса-қабат 
білдіре атайтын, олардың кейбір өзіндік сипатын нақтылай түсіп, әсірелеу не 
бейнелеу жолымен сезімді түрде эмоциялы-экспрессивті рең беретін 
тіркестер бар. Олар заттық мағынада жұмсалатын фразеологиялық 
тіркестер», – деп көресетеді Г.Смағұлова [8, 28 б.]. 
Осы тұрғыдан алғанда Қытай қазақтарының тілінде қолданылып жүрген 
зат есім мәндес фразеологизмдер де негізінен лексикаланып, экспрессивтік 
бояуы солғындап, көбіне нақты зат, құбылыс атауларына арналған болып 
келеді. Алайда олардың бойындағы фразеологизмдерге тән азды-көпті 
образдылығы бар түрлеріне көңіл бөлмеске болмайды. Мысалы, Қытай 
қазақтары ұзатылған қызға қатысты «ат байлар» тіркесі қолданылады. 
Әдетте, әдеби тілде «ат байлар» деп ұлды айтады. Ал бұл өңірде ұзатылған 
қыз жұрты «келешек сенің барар үйің, ат байларың, қазығың» деген 
мағынада образды айтылса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет