САН ЕСІМДЕР
Түркі тілдеріндегі сан есім – көне ескерткіштерден келе жатқан сөз таптарының бірі. Сан есімге салыстырмалы-тарихи зерттеу жүргізу барысында аталған сөз табының мағыналық топтарының жасалу жолдарына қатысты елеулі өзгерістерді көруге болады.
Сан есімнің жалпы сипатын, жасалу жолдарына байланысты фонетикалық, грамматикалық өзгешеліктерін М.Томанов, Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов, А.Есенқұлов, Ф.Е.Исхаков, Б.А.Серебренников, Н.З.Гаджиева, Ә.Нұрмаханова еңбектері арқылы салыстырып ерекшеліктері мен ұқсастықтарын, өзгешеліктерін көрсетуге болады.
Көптеген түркі тілдерінің грамматикаларында семантика-морфологиялық принциптеріне қарай сан есімдерді түрліше бөледі. Қазақ, қарақалпақ, ұйғыр тілдерінде сан есімдер алты, өзбек тілінде жеті, түрікмен тілінде екі түрге бөлінеді. Сол сияқты гагауз тілінде үш, қарайым тілінде төрт, татар тілінде беске бөлінеді. Сан есімдердің есептік сан мен реттік сан түрлері барлық түркі тілдерінде мағынасы мен атқаратын қызметі және жасалу тәсілдері бойынша бірдей. Ал басқа түрлері бірінде аталса да, екіншісінде аталмайды, оның үстіне жасалу тәсілдері де біраз өзгеріске ұшырағандығы сезіледі.
Есептік сан есімдер көне түркі тілінде жұрнақсыз-ақ дара (бір, ікі, отуз, сегизон) және күрделі (бір он, беш йегірмі, ікі қырқ) болып ескерткіштерде қолданылса, қазіргі түркі тілдерінде есептік сан есімге қатысты фонетикалық ерекшеліктерге қоса, кейбір ондық атауларының бірлік атауларына байланыстылығы көрінеді. Мысалы: 3 – үч (әзерб., қырғ., түрікм., ұйғ.), уч (өзб.), оч (тат.), үш (қаз., тува, шор, қ-қалп.), үс (як., хақ.), виссе (чув.); 7 – едди (әзерб.), еди (түрікм., түрік), жиде (тат.), чеди (тува), етти (құм., өзб.), сэтте (як.), четти (шор), сичче (чув.), жеті (қаз., қ-қалп., қырғ.), ете (башқ., ноғ.); 9 – доггуз (әзерб.), туңқиз (өзб.), тоңқұуз (ұйғ.), докуз (түрікм., түрік), таххар (чув.), тоқуз (як.), тоғыс (хақ.), тос (тува), тоғыз (қаз, қ-қалп.), туғыз (башқ., тат.); 30 – үш он (с.ұйғ.), үжен (тува), тоуз (әзірб., қырғ., құм., түрік, түрікм.), оттуз (ұйғ.), уттиз (өзб.), одус (алт., шор), отыз (қаз., қ-қалп., ноғ), утыз (тат., баш.қ), ватар (чув.); түртон (с.ұйғ.), дөртен (тува), қырық (басым тілдерде қолданылады және фонетикалық варианттарымен); елу, эллик, еліг (басым тілдерде), биэс уон (якут), пісон (с.ұйғ.), бежен (тува); жетон (с.ұйғ.), чеден (тува), дьетен (алт.), йетмиш (әзерб., құм., түрік., түрікм., өзб.), иәтмиш (ұйғ.), етпис (ноғ.), етмеш (башқ.), жетпіс (қаз., қ-қалп.), жетимиш (қырғ.), ситмел (чув.).
Реттік сан есім көне түркі тілінде есептік сандарға –ынч, -інч, –нчы/-нчі, -ынчы/-інчі, -унчы/-үнчі, -нті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалған: екінті, үчінч, бісінч, онынч, бірінчі, екінчі, төртүнчі, үчүнчі т.б.
Қазіргі түркі тілдерінде реттік сан есімнің жұрнақтары қазақ тілінде –інші, -ыншы (бірінші, алтыншы); құмық тілінде –инчи –ынчы, -юнчю (-үнчү) –үнчу, -нчи, -нчы (экинчи, уъчюнчю, доъртюнчю); татар тілінде –енче, -ынчы, -нче, -нчы (беренче, икенче, алтынчы); түрікмен тілінде –инжи, -ынжы, -үнжи, -унжы, -нжи, -нжы (биринжи, икинжи, үчүнжи); башқұрт тілінде –енса, -ынсы, -нсе, -нсы (беренсе, икенсе, өсөнсе); чуваш тілінде –меш (перремеш – бірінші, иккемеш – екінші, виссемеш – үшінші); якут тілінде –ис, -ыс, -ус, -үс, -с (сүүс, тыһыннча); тува тілінде –кы, -ки, -чы, -чи, -ку, -кү, -гу, -гү (бирги, йинчи, тоску) түрінде қолданылады.
Көне түркілік реттік сан есімнің жұрнақтарының қазіргі түркі тілдеріндегі сипатында фонетикалық өзгешеліктерді есепке алмағанда, чуваш, якут, тува тілдері көзге түседі.
Жинақтық сан есімнің көне түркі тіліндегі жұрнағы ретінде -егү (бірегү, икегү, үчегү) жұрнағын айтсақ, қазіргі түркі тілдеріндегісінде көнелікті фонетикалық өзгерістерімен сақтағандары да, жаңаша қолданыстары да бар. Қазақ, ноғай, түрікмен тілдерінде –ау, -еу (біреу, екеу, үшеу); ноғай, құмық тілдерінде -ав, -ев (бирев, экев, учов); қырғыз тілінде оо, өө (бирөө, экөө, үчөө); якут тілінде -ыа, –ыан, –йақ (алтыа, алтычан, алтау-ақ); тува тілінде –елээн, -алаан, –елээ, -алаа (үжелээ-үжелээн; бежелээ-бежелээн); шор тілінде –ала, -еле (пежеле, ужеле); өзбек тілінде –ов (биров, эков); ұйғыр тілінде –үлән, -лән (үчүлән, бешүлән иккилән); чуваш тілінде -ан, -ен (иккен, таваттан) түрінде қолданылады.
Қазіргі түркі тілдерінде топтық сан есімнің жұрнақтарын қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек тілдерінде –дан, -ден, -тан, тен (екіден, бирден, учтадан); башқұрт, татар, құмық, түрік, ноғай тілдерінде –шар, -шәр, -ар, -әр, –сар, -сер, -ар, -ер (унар, икешер, алтышар); хақас тілінде -лар, -лер, -ар, -ер (пірер, кілер, алтылар); якут тілінде –лыы, -лии, -луу, -лүү, -тыы, -тии, -туу, -түү, -дыы, -дии, -дуу, -дүү, -ныы, -нии, -нуу, -нүү (биирдии, икилии, үстүү) ретінде топтап көрсетуге болады.
Болжалдық сан есім көне түркі тілінде есептік сан есімдерге
Достарыңызбен бөлісу: |