Түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіне тән дыбыс алмасулар



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата12.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#92585
1   2   3   4
Шай – шәй, жай – жәй, жайлы – жәйлі, 
жайымен – жәйімен, жайлап – жәйлеп, 
жайылым – жәйілім, жайлау – жәйлеу, 
жайбарақат – жәйбарақат сияқты сөздердегі 
а-ә алмасуын түркологтар ш, ж және й ды-
быстарының алмасуын жұмсартушылық қа-
сиетінің әсері деп түсіндіреді. Осыған ұқсас 
құбылыс басқа түркі тілдерінде де кездеседі. 
Б.А. Серебренников пен Н.З. Гаджиева а-ә 
алмасуын а дыбысының тұрақсыздығынан деп 
[10], ал М. Рясенен а-ның жіңішкеруін ж және 
й дыбыстарының ортасында келгенде көрші 
дыбыстардың ықпалынан деп түсіндіреді. 
Аталған құбылысты профессор А. Айға-
былов фонетикалық өзгеріске жатқызбайды
себебі ж, ш, й дыбыстарының «ықпалы шексіз 
емес, бір сөзде әсері болса, екінші сөзде әсері 
жоқ. Бұл дыбыстардың арасында келген о, ұ, ы 
дыбыстары тіпті жіңішкеріп ө, ү, і түрінде 
дыбысталмайды. Мәселен, жой, шойын, сой, 
сый сияқты сөздердің жіңішке айтылуы кез-
деспейді. Демек, бұл құбылыстар – сөйлеу 
барысында қалыптасқан морфонологиялық құ-
былыстар» [4, 38].
Қорыта келгенде, дыбыс алмасулары фоне-
тика мен морфология салаларының заңдылық-
тарына көне бермейтін, сөзжасам тәсілінің де 
талаптарына жауап бере бермейтін аралық (фо-
нетика, морфология, семантиканың үшеуіне де 
белгілі бір дәрежеде қатысты) құбылыс болып 
табылады. Дыбыс алмасуларына байланысты 
құбылыстардың барлығы тілдің даму тарихы-
мен тікелей байланысты болғандықтан, көп 
жағдайда фонологиялық шарттылық орын 
алады. Морфонологиялық құбылыстар арти-
куляция мен акустикаға байланысты болмаған-
дықтан, оны фонетика ережелерімен түсініруге 
келмейді. Бір позицияда түрлі өзгеріс пайда 
болып, ауытқу жиі кездеседі. Сондықтан ды-
быс алмасулары таза фонетикалық себептер-
мен жүзеге аспайды және олардың өзгеруіне 
басқа да факторлардың әсері болады, олардың 
морфонологиялық құбылыс ретінде қарасты-
рылуының басты себебі осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет