Түркілердің қолөнері туындылары негізінде мәдениеттанымдық құзыретті қалыптастыру жолдары Қ.Қадашева, Ұ. Асанова, Б. Ашикбаева



жүктеу 44.87 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.01.2017
өлшемі44.87 Kb.

Түркілердің қолөнері туындылары негізінде мәдениеттанымдық 

құзыретті қалыптастыру жолдары 

 

Қ.Қадашева, Ұ.Асанова, Б.Ашикбаева 

 

Кілем – үй жиһазы. Әсемдік үшін, бөлме жылылығын сақтау, төсеніш 

мақсатында қолданылады. Халықтың көне заманнан бері келе жатқан 

дәстүрлі үй мүлкінің бірі болған [1, 149 б.]. 

Кілем тоқу – өте ертеден келе жатқан қолөнері. Ол қай халықта 

болмасын ерекше орын алған кәсіптің түрі болып саналады. Иран, Үндістан, 

Франция, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Түрікменстан, Қазақстан сияқты 

елдерде кілем тоқу өнері бүгінгі күнге дейін өз қасиетін жоймай, ірі рухани 

мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. Сондықтан да әр халықтың 

қалыптасқан дәстүр ерекшелігіне қарай кілемнің түр-түсі, ою-өрнегі, оны 

дайындау тәсілі әртүрлі болады. 

Кілемдерге ұлттық реңк беретін негізгі элемент оның бетіне салынған 

ою-өрнек (лат.ornamentum – әсемдеу, сәндеу) [2, 233 б.] болып табылады. 

Кілемдегі ою-өрнек арқылы сол халықтың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, салт-

дәстүрі байқалады.  

Қазақ кілемдеріндегі ою-өрнек, біріншіден, қазақ халқының негізгі 

кәсібі малшаруашылығы болғандығын дәлелдейді. Сол себепті қазақ 

оюларында қошқардың мүйізі («қошқар мүйіз», «қос мүйіз», «қыңыр мүйіз»), 

түйенің табаны («түйетабан»), түйенің өркеші («өркеш»), малдың ізі (аша 

тұяқ), құстың тұмсығы («құстұмсық») және т.б. бейнеленген. Сонымен қатар 

зоо- морфтік ою-өрнек аң стилінің (хайуандардың, дала қырандарының басы, 

бұлан, бұғы т.б.) сюжеттеріне негізделген. Екіншіден, қазақ кілемдеріндегі 

ою-өрнек ғарыш сипатты (космонологиялық, яғни ай, күн, жұлдыз) 

оюлармен берілген. Үшіншіден, қазақ кілемдерінде түзу, қисық кейде доға 

сызықтар көптеп кездеседі. Мәселен, «сүйір», «ирек», «балдақ», «тұмарша», 

«қармақ» т.б. Төртіншіден, қазақ кілемдерінде өсімдік тектес (гүл, ағаш, 

жапырақ және т.б.) оюлар да бар. 

Көне түркілердің түсінігі бойынша құс – көктің, балық – судың, ағаш – 

жердің белгісі. Қазақ халқы да өзінің ұлттық дүниетанымын осы тәрізді 

символдар арқылы кілем беттеріне өрнектеп отырған. Бұдан шығатын 

қорытынды: қазақ халқы өзінің ойын, арман-тілегін кілем бетіне салынған 

ою-өрнек нақышы арқылы жеткізетін болған.  

Халықтың ұлттық қолөнерін ұрпақ тәрбиесімен ұштастыру – ұлттық 

мәдениеттің көрінісі. Ұлттық мәдениетті еркін игерген, рухани бай, терең 

ойлы, шығармашылығы мол, білікті де білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі 

күннің басты талабы. Олай болса, өскелең ұрпаққа ұлттық қолөнердің 

танымдық әрі тәрбиелік мәні туралы мағлұмат беру осындай мақсаттан 

туындап отырғаны белгілі. Ал ол тіл үйрету сабақтарында 

лингвомәдениеттанымдық мәтіндер арқылы жүзеге асырылады. 

Лингвомәдениеттанымдық мәтіндерде берілген қазақ кілемдеріндегі 

ою- өрнектерді ақпарат беруші құрал деп қабылдап қана қоймай, тіл 

үйренушіге кілем бетінде өрнектелген ою-өрнектердің әрқайсысының ақиқат 



астарын, өзіндік сырын қазақтың аңыз әңгімелері және ертегілерімен 

байланыстыра түсіндірген абзал. Сонда ғана тіл үйренушінің сол халықтың 

тіліне, мәдениеті мен өнеріне қызығушылығы артып, мәтін мазмұнын терең 

түсінуге деген ынта-ықыласы ұлғаяды. Мұндай мәтіндер тіл үйренушінің 

білім шеңберін кеңейтумен бірге, оның ойын ұшқырлап, тілін дамытуға және 

қазақша еркін сөйлеуге үйрететін құрал болып табылады. Бұған мысал 

ретінде біз қазақ тілін үйрету сабағында берілген «Сырмақ шерткен сыр» 

тақырыбындағы мәтінмен жүргізілген жұмыстың бір түрін ұсынып отырмыз. 

Сырмақшерткен сыр Ерте-ерте-ертеде бір әділ хан болыпты. Соның 

жарлығы бойынша қол астындағы елдің ою, өрнек, кесте, бастырма, тоқыма, 

оймыш, бәдіз, тігін, құйма өнерлерін меңгергені сонша, үйлерінің іші-сырты, 

киім-кешектері, жиһаздары мен бұйымдары, құрал-саймандары, қару-

жарақтары түгелдей оюланған әрі өрнектелген әсем де көрікті екен. Және 

олар бір-бірімен ою тілінде де сөйлесе алатын болыпты. Сол себептен бұл ел 

басқарушысы – Ою хан аталып кетіпті.  

Жылдардың бір жылында бөтен елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды ор-

нынан алып, билікті өзі жүргізеді. Ол ескі салт, көне дәстүр, бұрынғы әдеп, 

ежелгі өнер, бұған дейінгі мәдениет белгілерінің бәрін жойып, жаңаша 

құрмақ болыпты.  

– Уа, хан-ием! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп бара 

жатырсыз, – деп жөн айтқанның бәрін, айтпақ болғанның да, тіпті ондай 

адамдармен сыбайлас екен дегендердің де көзін жоя беріпті. Сондықтан да 

оны халық Жою хан деп атапты.  

Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолындағы аң атаулы-

ны түгел қырып, еті мен терісіне қарық болмақ ниетпен ойына алғанын істеп 

келе жатқанда, бір үкі мұның бетіне шапшиды. Бала жанталаса ажыратып 

үлгергенше, үкі оның екі көзін ойып жібереді. 

Ешнәрсе көре алмай келе жатып, бір жардың басынан құлап, көлге ба-

тып өледі.  

Бұл кезде Жою хан баласына іздеу салып жатқан еді.  

– “Кімде – кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын”– 

деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды.  

Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге өзінің баратынын хабарлайды. 

Ою хан жолында кезіккен жаралы аң-құстың бәрін емдейді. Ең соңында 

қанаты сынған үкіні дәрілеп: – Жою ханның баласын көрдің бе? – деп 

сұрайды. 

– Жою хан баласы жолында кезіккен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, 

қодасты, жолбарысты жаралап, балықты құрғаққа тастап, бәрін қайта ай 

налып келіп сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені 

ол жаралағанның бәрі Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан 

баласы қазір көл түбінде өліп жатыр, – дейді үкі.  


Болған жайдың шындығына көзі жеткен Ою хан үйіне оралып, 

оқиғаның желісін сырмақ бетіне түсіреді де, әлгі сырмақты Жою ханның 

алдына жайып тастайды... 

Жою хан сырмақтың оюына қарап ойланып ұзақ отырып, ондағы 

оқиғаны іштей былай тарқатады: 

 

- “Балам биік-биік тауларды асып, 



 

терең-терең суларды өтіп, 

 

қалың орманды аралап, 



 

күндіз де, түнде де талмай жүрген екен. 

Жүрген жолында ол 

 

ұшқан құстармен беттесіпті, 



 

бұғымен кездесіпті, 



 

Тау тағысы арқар да жолығыпты. 

 

Алдынан қодас шыққан көрінеді. 



 

Жорғалаған тышқандар да қарсы келгенге ұқсайды. 

 

Сорлы балам жолбарыспен де арпалысыпты... 



 

Балықа да ұшырасыпты... 

 

Айдын көлге де түсіпті... 



Қайран ұлым, алып күштің иесі екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел 

ішіндегі дұшпандарыңа неге көрсетпедің?! Тірімісің, өлімісің? 

 

Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді – жаны рухқа, тәні 



әруаққа айналды деп тұр ма?...”  

Кенет Жою хан орнынан атып тұрып:  



– О, жалған! Менің жалғыз ұлымның шынымен өлгені ме? Өлтірем!!! – 

деп қылышын суырып алып, Ою ханға төнеді. Сонда Ою хан:  

– Дат, тақсыр! Сенің:“Кім де кім баламның өлімін естіртсе, соның 

басын аламын деген жарлығың бар емес пе еді, ”– дейді.  

– Иә, бар! – дейді қаһарлы хан.  

– Ендеше, балаңның өлгенін мен де, мына халық та сенің өз аузыңнан 

естіп тұрмыз, “Ханның екі айтқаны – өлгені”. Алынса, сенің басың алынуы 

керек, – дейді Ою хан саспай. Бүкіл халық оны қолпаштай жөнеледі. Сөйтіп, 

Жою ханның өз жарлығы өзінің басын алуға себепкер болыпты [3, 217-220 

б.].  


Ертегі мәтінін оқып, түсіну барысында тіл үйренушінің өз бетінше 

ойлану, қорытынды жасау, мәселенің себебін іздеу, ойланып жауап беруге 

дағдылану тәрізді қабілеті дамиды. Тіл үйренушінің ізденімпаздық, тап 

қырлық қабілетін дамыту тіл үйретушінің шеберлігіне байланысты. 

Сондықтан да тіл үйретуші түрлі танымдық сұрақтар қою арқылы тіл 

үйренушіні тілдік қатысымға түсуге бағыттайды.  

Мәселен, жоғарыда берілген мәтін бойынша мынадай танымдық 

сұрақтар беруге болады:  

– Сырмақ сөйлей ме? «Сырмақ сыр шертеді» дегенді қалай түсінесіз?  

– Сырмақ бетіндегі әрбір оюдың мағынасын қалай анықтауға болады?  

– Оқиға желісі бейнеленген сырмақтан сіз нені ұқтыңыз?  

– Сырмақ бетіндегі оюмен берілген ойды сіз қалай оқыр едіңіз?  

– Сіз сырмақтағы әңгімені әрі қарай қалай өрбітер едіңіз?  

– Ертегі кейіпкерлері не себепті Ою хан, Жою хан деп аталады?  

– Ертегіде тағы қандай кейіпкерлер бар?  

– Ою хан Жою ханның баласының өлгенін оған қалай жеткізді?  

– Сіз Ою ханның орнында болсаңыз, не істер едіңіз?  

Мұндай сұрақтар тіл үйренушіні сөйлеуге дағдыландырады, өздігінен 

шешім қабылдап, ойын дәлелдей білуге үйретеді. 

Лингвомәдениеттанымдық мәтіндер туыс тілділерді оқыту үдерісінде 

маңызды орын алады, себебі практикалық сабақтар аясында тіл үйренуші ділі 

бір, тілі бір, дәстүрі бір туыс елдің мәдениетімен танысады. Сондай-ақ тіл 

үйренуші өз елінің мәдениетіндегі айырмашылықтарды түсініп, туыс ел 

(тілін үйреніп жүрген елдің) мәдениетінің жақындығын сезіне алады. Ол 

туыс ел мәдениетіндегі сақталып қалған, өз елінің мәдениетіндегі ұмытылып 

бара жатқан рухани байлықты бағалай алады.  

Тіл үйренушінің мәдениеттанымдық материалдарды өз ана тіліндегі ма-

териалдармен салыстыруы тілді тез үйрену және түсіну нәтижесіне жеткізеді. 

Тіл үйренушіге үйренетін тіл мен ана тіліндегі мәдениеттанымдық мәтінді 

салыстырта отырып, екі тілдегі мәтін бойынша түрлі лексикалық, 

грамматикалық тапсырмалар орындатуға да болады.  

Мәселен, жоғарыдағы мәтін бойынша мындай сұрақтар беріледі:  

– Сіздің мәдениетіңізде кілем тоқу өнері бар ма? Ол қалай дамыған?  

– Сіздің ұлттық кілемдеріңіздегі ою-өрнектер халық өмірінің тұрмыс- 

тіршілігінен хабар бере ме? 


– Қазақ кілемдерінде жиі кездесетін «қошқар мүйіз», «түйетабан», 

«құсқанаты» және т.б. ою-өрнектер сіздің ұлттық қолөнеріңізде кездесе ме? 

Олардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтары бар ма? 

– Сіз өз ұлттық кілемдеріңіздегі ою-өрнектердің мазмұн-мағынасын білесіз 

бе?  

– Сіздің елде кілемдердегі ою-өрнектер арқылы ойын жеткізген аңыз 



әңгімелер немесе ертегілер бар ма? Мысал келтіріңіз.  

Лингвомәдениеттанымдық мәтіндер оқу материаланың негізін 

құрайды, ал тілдік тұлға осы мәтін ақпараты арқылы тілдік фактілерді 

бақылап, байқап, оны интерпретациялайды. Мәтінді тірек ету арқылы 

лингвистикалық, қатысымдық және мәдениет-таным құзыреттерін 

қалыптастыру және тілдің құрылымын тіл дамыту мен танымдық жүйенің 

бірлігін қамтамасыз етеді.  

Қазақ қолөнеріне қатысты лингвомәдениеттанмыдық мәтінмен 

жүргізілетін жұмыс түрлерін тиімді ұйымдастыру тіл үйренушілердің ауызекі 

сөйлеу тілін дамытуға, ой-өрісі мен дүниетанымын жетілдіруге, алған 

теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге мүмкіндік береді және 

туыс елдің мәдениеті мен өнеріне деген қызығушылығын оятады. 



 

Әдебиеттер  

1.

 



«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. 5-том. – Алматы, 2003. – 720 б.  

2.

 



«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. 7-том. – Алматы, 2005 – 728 б.  

3.

 



Сулейменова Э.Д., Кадашева К., Аканова Д.Х. Тіл ұстарту. 

Углубленный курс по изучению казахского языка. – Астана, 2007. – 

264 с.  

4.

 



Балкенов Ж. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және рең. – Қарағанды: 

КарГУ, 1996. – 198 б.  

5.

 

Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. – Алма- 



Ата: Өнер, 1986. – 256 с.  

6.

 



Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 

240 б. 

Каталог: media -> upload -> 1534 -> 2014
2014 -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
2014 -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
2014 -> Айбек қалиев
2014 -> Абылай ханның Ресей империясына қатысты саясаты
2014 -> Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
2014 -> 1. 2 Мұстафа Шоқай зиялылық және ұлт зиялысы хақында
2014 -> Шахман нағЫМҰлы нағымов
2014 -> Ш. Уалиханов және Г. Потаниннің достық және ғылыми байланыстағы ықпалдастығы
2014 -> 1. 3 Мұстафа Шоқайдың қызметі мен мұрасындағы Түркістан халықтарының ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы мәселесі


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет