Қазақ Ордасының сыртқы саясаттағы қарым-қатынастарын анықтаңыз. ХVІ ғ. ІІ жартысын қандай кезең деп айтуға болады?
5-тапсырма. Үш жүздің шығуы тарихынан.
Тарихи мәліметтер бойынша Үш жүздің ішінен саны жағынан салмағы артық Орта жүздің қалыптасуы Қасым хан заманында жүзеге асады. Қазақ хандығы Қасым тұсында ата қоныс мекені Ұлытау жерін мекендеді. Халық саны 1 миллионға жетті. Ал, Хақ Назар хан билік еткен Қазақ Ордасының территориясында Кіші жүз одағы қалыптасады.
Үш жүздің басына берілген сипаттама:
«Ұлы жүзді қауға бер де, малға қой,
Орта жүзді, қамшы бер де, дауға қой
Кіші жүзді найза берде, жауға қой».
(мақал)
«Жүз» ұғымының мағынасын және этникалық құрамын ажыратыңыз. Үш жүздің қалыптасуы қай уақытты шамалайды?
Үш жүздік құрылымның қалыптасуы генеологиялық туысу, этникалық бірлестікке қосылу жүйесі екенін түсіндіріңіз.
6-тапсырма.Қазақ хандары және Орта Азия.