Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» кмм директоры 2023 жылғы № бұйрығына қосымша Білім беру ұйымдарының 5-7 сынып және 8-10 сынып оқушылары арасында «Қазақ қоғамындағы би-шешендер мұрасы»


Байқаудың мақсаты және міндеттері



бет2/3
Дата12.03.2023
өлшемі35,06 Kb.
#73470
1   2   3
Байқаудың мақсаты және міндеттері

Байқаудың мақсаты:
XYII-XYIII ғасырлардағы қоғам және мемлекет қайраткерлері, «Қазақтың үш пайғамбары» атанған билердің шешендік өнер шежіресін, қазақ қоғамындағы мұраларын насихаттау.


Міндеттері:
- оқушылар арасында Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би шығармаларын насихаттау;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, дарындарын анықтау;
- оқушылардың поэзияға, шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру, өлең мен шешендік сөздердің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
- өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;



    1. Байқауды ұйымдастыру комитетінің міндеттері

3.1. Облыстық ұйымдастыру комитеті:

  • Байқаудың барлық кезеңдерін өткізу тәртібін анықтайды;

  • Байқау тікелей басқаруды жүзеге асырады;

  • Байқаудың жоғары деңгейде өтуі үшін пәндер бойынша қазылар алқасы құрамын анықтайды;

  • қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады;

  • Байқаудың қорытындысына талдау жасайды және жинақтайды, есеп береді.

3.2. Ұсынылатын тапсырмалардың бағыттар (кезеңдер) бойынша сәйкестігін қамтамасыз етеді.



    1. Байқаудың қазылар алқасының міндеттері:

  • ұйымдастыру комитетіне байқаудың қорытындысы туралы есеп тапсырады;

  • ұйымдастыру комитетіне жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау жөніндегі ұсыныстар жасайды;

  • байқаудың қатысушыларының орындаған жұмыстарына талдау жүргізеді;

  • жеңімпаздарды анықтайды және ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды тағайындау үшін ұсыныстар береді.




    1. Байқауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері:

  • қатысушылар белгіленген уақыттан кешікпей байқауға қатысуы тиіс;

  • әдеп нормаларын сақтауы қажет;

  • қатысушылар тарапынан қорғаушы педагогке сұрақ қойып, кедергі келтіруге тыйым салынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет