Байқаудың мақсаты: XYII-XYIII ғасырлардағы қоғам және мемлекет қайраткерлері, «Қазақтың үш пайғамбары» атанған билердің шешендік өнер шежіресін, қазақ қоғамындағы мұраларын насихаттау.
Міндеттері: - оқушылар арасында Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би шығармаларын насихаттау;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, дарындарын анықтау;
- оқушылардың поэзияға, шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру, өлең мен шешендік сөздердің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
- өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
Байқауды ұйымдастыру комитетінің міндеттері
3.1. Облыстық ұйымдастыру комитеті:
Байқаудың барлық кезеңдерін өткізу тәртібін анықтайды;
Байқау тікелей басқаруды жүзеге асырады;
Байқаудың жоғары деңгейде өтуі үшін пәндер бойынша қазылар алқасы құрамын анықтайды;
қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады;
Байқаудың қорытындысына талдау жасайды және жинақтайды, есеп береді.
3.2. Ұсынылатын тапсырмалардың бағыттар (кезеңдер) бойынша сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Байқаудың қазылар алқасының міндеттері:
ұйымдастыру комитетіне байқаудың қорытындысы туралы есеп тапсырады;
ұйымдастыру комитетіне жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау жөніндегі ұсыныстар жасайды;
байқаудың қатысушыларының орындаған жұмыстарына талдау жүргізеді;
жеңімпаздарды анықтайды және ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды тағайындау үшін ұсыныстар береді.
Байқауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері:
қатысушылар белгіленген уақыттан кешікпей байқауға қатысуы тиіс;
әдеп нормаларын сақтауы қажет;
қатысушылар тарапынан қорғаушы педагогке сұрақ қойып, кедергі келтіруге тыйым салынады.