Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты түрде сақтайды. Қатты диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелі блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір кестеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады. Дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.
Қатты диск
Қатты диск – компьютермен жұмыс барысында қолданылатын ақпараттарды сақтап отыру құрылғысы. Қатты магнит дискілерінің жинақтаушысы бір немесе одан да көп магнитті қабаты бар пластиналардан, бүркеншіктен, позиционерлейтін құрылғысынан, корпус және контроллерден құрастырылады.
Пластиналар – жинақтаушының негізгі элементі, оларда ақпараттар орналасады. Бүркеншік пластинадағы ақпараттарды оқу немесе жазу үшін орналасады. Позиционерлейтін құрылғысы пластиналар бойымен бүркеншіктердің керекті жеріне орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Корпус конструкциялардың қалған элементтерін бекітеді және пластиналар мен бүркеншіктердің механикалық зақымдануынан, шаңнан қорғайды.
К онтроллер жинақтауышының барлық электрлік және электромеханикалық түйіндерін басқарады және компьютерден керісінше, ақпараттардың берілуін қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта сыртқы құрылғыларды қосуда бірнеше шешімдер қолдануда. Біріншіден, USB – портына қосылған қатты дискілер, олар көбінесе цифрлік камера, басқа да ұялы құрылғылармен ақпарат алмасу үшін қолданылады.
Ақпараттарды сақтау жүйесінің басқа бағыты ол магнитті – оптикалық дискілер. Магнитті оптикалық (МО) дискілерге жазу лазер мен магниттік бүркеншік көмегімен атқарылады. Лазер сәулесі магниттің жазылуға тиісті микроскопиялық облысы, кюри нүктесіне, дейін жылытады да, әрекеттесу зонасынан шыққан кезде салқындайды, осы жерде магнитті өріс тұрақталады. Осының нәтижесінде дискіге жазылған мәліметтер үлкен магнитті өрістерден және температуралық өзгерулерге шыдайды. Дискілердің барлық функционалдық қасиеттері – 20 – дан +50 градус Цельсий аралығындағы диапазонда сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |