Бақылау сұрақтары: Операциялық жүйенің (ОЖ) атқаратын қызметі.
Операциялық жүйелердің даму бағыттары.
Символдық программалаудың маңыздылығы.
ОЖ-нің компьютердегі күрделі архитектурасы.
Орташа программисттің жабдықтар жұмысы.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2017 ж.
2. Кейлингерт П. Элементы ОС. Пер. с.англ. –М.:Мир, 2015
3. Гордеев А.В. Операционные системы. Учебник для вузов. –СПб.:Питер, 2014
4. Дейтл Г. Введение в операционные системы. В 2-х томах. Пер. с.англ. –М.: Мир, 2077 г.
5. Операционные системы-от РС до PS/2/ ж: Фодор, Д. Бонифас, Ж. Танги. Пер. с. франц.-М.:Мир,2019 г.
2-Дәріс Тақырыбы: Операциялық жүйелердің жіктелігі. Жоспар: 1. Операциялық жүйенің функциялары және міндеттері.
2. Мультипрограммалау.
3. Уақыт бөлу режимдері.
Дәрістің мазмұны Сонымен, ОЖ компьютер құрал-жабдықтарымен тікелей жұмыс істейтін виртуалды машина ретінде көрсетіледі.
ОЖ компьютердің өте күрделі архитектурасының барлық бөліктерін басқаруға арналған. Мысалға, егер бір компьютерде жұмыс істейтін бірнеше программа, бір мезгілде нәтижені басқа құрылғысына (принтерге) шығаруға әрекеттенсе не болатынын елестетейік. Біздер әр-түрлі программалар шығарған араласқан жолдар мен беттер алатын едік.
ОЖ бұл сияқты хаосты баспаға арналған, дисктегі және баспаға кезекті ұйымдастыру ақпараттарын буферлеу арқылы болдырмайды. Көп қолданушыға арналған компьютерлердің ресурстарын басқару және оларды қорғаудың қажеттілігі өте анық. Демек, операциялық жүйе, ресустар менеджері сияқты, процессырлардың таралуын, жадының және әртүрлі програмалар арасында басқа русуртардың ретелгенін және бақыланғандығын іске асырады.
Егер есентеу жүйесі бірнеше қолданушының ортақ жүмысынан рұқсат етсе, онда олардың қызметінің қауіпсіздігін ұйымдастыру проблемасы шығады. Дискте ақпараттың сақталуын ешкімнің басқа адамдардың бөтен райларын жоймауын және бүлдірмеуін қамтамасыз ету керек. Бір қолданушылардың программаларына, екінші қолданушылардың программаларының ерікті түрде араласуына рұқсат етпеу керек. Есептеу жүйесін рұқсатсыз пайдалану әрекетін тыю керек. Осы әрекеттің бәрін, қолданушының және оның программаларының қауіпсіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы ретінде, ОЖ іске асырады. Осы тұрғыдан қарағанда, ОЖ полициялық және қарсы шолу (барлаушы) функциясы жүктелген мемлекеттік қауіпсіздік жүйесін көрсетеді.
Бір жағынан компьютердің аппаратурасы мен пайдаланушының есептері арасындағы интерфейс болып табылатын, ал екінші жағынан есептеуіш жүйесінің қорын тиімді қолдану және сенімділік есептеу ұйымдастыруына арналған басқарушы және өңдеу программаларының комплексін операциялық жүйе дейміз.
Программалар абсолютті машиналар тілі (ондық және сегіздік нотация) жазылды және оны енгізу алдында абсолюттік жүктеме болды. Программаларды автоматтандыру құралдары жоқ болды, немесе өте аз болды. Тек өте күрделі қондырғыларда стандартты программалар кітапханасын аздап пайдаланатын ассемблер мен интерпретаторлар болды.
Символдық программалаудың маңыздылығы мойындалғанда және ассемблерлеу жүйелері кең тараған кезде, стандартты операциялық процедура өндірілді: ассемблер жүктеуішпен оқылады; ассемблер қолданушының стандартты программалар кітапханасы қосылған бастапқы программасын «символикалық колодалар» абсолюттік формасына түрлендіреді; ассемблерленген программа лентаға немесе картаға жазылады, ал жүктегіш осы программаны картадан негізгі жадыға енгізу үшін тағы да қайтадан пайдаланылады, содан кейін абсолютті программа орындалады. Әсіресе, осы қадамда карталарды өңдеу үшін ЭЕМ қажет ететін уақытпен салыстырғанда әрбір қадам оператор жағынан манипуляцияны қажет етеді және көп уақыт алады.
Пайдаланушының өз программаларымен әрекеттестігі операциялық жүйенің интерфейсі арқылы өтеді. Олардың әрбір командалары қолданбалы прграммаларға өту үшін операциялық жүйеден өтеді.