Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет1/28
Дата07.09.2023
өлшемі0,54 Mb.
#106420
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ОЖ-Дарис конспек-Ет-18


«№14 колледж»

Дәріс конспектілері (тезистері)

56 беттің -беті




ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
14 КОЛЛЕДЖ МКҚК




ЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН


ДӘРІС КОНСПЕКТІЛЕРІ (ТЕЗИСТЕРІ)



Пәннің атауы: «ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР»
Оқу түрі: Күндізгі, негізгі орта білім беру базасында


Атакент, 2022

Әзірлеушілер: Алипбаев Т.Н.


Дәріс конспектілері (тезистері) «Есептеутехникасы және ақпараттық желілер» әдістемелік бірлестігі отырысында қаралды және мақұлданды.
2022 ж. «_____» ______________ № 1 хаттама

ӘБ жетекшісі: _________________ Аргинбаев А. З.



1-Дәріс
Тақырыбы: Кіріспе.
Жоспар:
1. Курс мақсаты мен мәні.
2. Операциялық жүйелердің даму бағыттары.


Дәрістің мазмұны
Операциялық жүйе (ОЖ) – дегеніміз компьютер құрылғыларын қолданушы үшін ыңғайлы пайдалану мүмкіншіліктерін қамтамасыздандыруға арналып жазылған программа.
Операциялық жүйе (ОЖ), жүйелік программалық қамтаманың негізгі құраушысы. ОЖ-ні құрған кезде, ОЖ-ні оңайлатудың маңызды әдісі болатын және олардың детальдарының таратылуын елемей, желінің жоғарғы деңгейдегі құрауыштарымен өзара әсерін бір жерге жинауға мүмкіншілік беретін абстракциялау тең қолданады. Бұл мағынада ОЖ қолданушы мен компьютер арасындағы интерфейсті көрсетеді.
Көптеген компьютерлердің архитектурасы машиналар командасы деңгейінде қолданбалы программаларды пайдалануға өте қолайсыз. Мысалы, дискімен жұмыс істеу оның электрондық құрауышының ішкі жабдығын дискіні айналдыру командасын енгізу, жолшықтарды іздеу және форматтау, секторлардан оқу және жазу т.б. үшін – контроллерді біледі деп ұйғарады.
Орташа программисттің жабдықтар жұмысының бүкіл ерекшеліктерін ескеруге мүмкіншілігі жоқ екені (қазіргі заманғы терминологиямен айтқанда жабдық драйверін дамытумен шұғылдануға) басқаша айтқанда анық орташа программистің дискінің ақпараттық кеңістігін файлдар жиыны ретінде көрсететін қарапайым жоғарғы деңгейдегі абстракциясы болу керек.
Файлды оқу немесе жазу үшін ашуға, ақпаратты алу немесе босату үшін пайдалануға, содан кейін жабуға болады. Дискінің бастиегінің детальдарын жылжыту немесе мотордың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етуден, бұл концептуальды жеңіл (оңай). Сол сияқты, қарапайым және анық абстракцияның көмегімен программистен үзілісті ұйымдастырудың барлық қажет емес егжей-тегжейі, таймердің жұмысы, жадыны басқару және т.б. жасырылады. Одан басқа, қазіргі заманғы есептеу комплекстеріне операциялық жады көлемі және процессор саны шектеусіз деген иллюзия құруға болады. Осының бәрімен ОЖ айналысады. Сонымен, ОЖ компьютер құрал-жабдықтарымен тікелей жұмыс істейтін виртуалды машина ретінде көрсетіледі.
ОЖ компьютердің өте күрделі архитектурасының барлық бөліктерін басқаруға арналған. Мысалға, егер бір компьютерде жұмыс істейтін бірнеше программа, бір мезгілде нәтижені басқа құрылғысына (принтерге) шығаруға әрекеттенсе не болатынын елестетейік. Біздер әр-түрлі программалар шығарған араласқан жолдар мен беттер алатын едік. ОЖ бұл сияқты хаосты баспаға арналған, дисктегі және баспаға кезекті ұйымдастыру ақпараттарын буферлеу арқылы болдырмайды. Көп қолданушыға арналған компьютерлердің ресурстарын басқару және оларды қорғаудың қажеттілігі өте анық. Демек, операциялық жүйе, ресустар менеджері
сияқты, процессырлардың таралуын, жадының және әртүрлі програмалар арасында басқа русуртардың ретелгенін және бақыланғандығын іске асырады.
Егер есептеу жүйесі бірнеше қолданушының ортақ жүмысынан рұқсат етсе, онда олардың қызметінің қауіпсіздігін ұйымдастыру проблемасы шығады. Дискте ақпараттың сақталуын ешкімнің басқа адамдардың бөтен райларын жоймауын және бүлдірмеуін қамтамасыз ету керек. Бір қолданушылардың программаларына, екінші қолданушылардың программаларының ерікті түрде араласуына рұқсат етпеу керек. Есептеу жүйесін рұқсатсыз пайдалану әрекетін тыю керек. Осы әрекеттің бәрін, қолданушының және оның программаларының қауіпсіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы ретінде, ОЖ іске асырады. Осы тұрғыдан қарағанда, ОЖ полициялық және қарсы шолу (барлаушы) функциясы жүктелген мемлекеттік қауіпсіздік жүйесін көрсетеді.
Бір жағынан компьютердің аппаратурасы мен пайдаланушының есептері арасындағы интерфейс болып табылатын, ал екінші жағынан есептеуіш жүйесінің қорын тиімді қолдану және сенімділік есептеу ұйымдастыруына арналған басқарушы және өңдеу программаларының комплексін операциялық жүйе дейміз.
1944 жылы программаны есте сақтайтын бірінші сандық есептеу машинасы іске қосылғаннан бастап, 1956 жылға дейін есептеу машиналарының құрылысы және іс әрекеттері тұрақты болып қалды. Олардың классикалық фон Нейман архитектурасы, енгізу-шығару операцияларын қоса алғанда, командалардың қатал түрде тізбектеліп орындалуына негізделген. Әдетше қолданушының программасы жүктелгенде және орындалғанда, регистрлердің мәндерін орнату, жады ұяшықтарын тексеру және барлық есептеулермен машиналардың ең төменгі деңгейінде қатынаста болу қызметтері үшін пернетақта арқылы тікелей машинамен жұмыс істелді. Программалар абсолютті машиналар тілі (ондық және сегіздік нотация) жазылды және оны енгізу алдында абсолюттік жүктеме болды. Программаларды автоматтандыру құралдары жоқ болды, немесе өте аз болды. Тек өте күрделі қондырғыларда стандартты программалар кітапханасын аздап пайдаланатын ассемблер мен интерпретаторлар болды.
Символдық программалаудың маңыздылығы мойындалғанда және ассемблерлеу жүйелері кең тараған кезде, стандартты операциялық процедура өндірілді: ассемблер жүктеуішпен оқылады; ассемблер қолданушының стандартты программалар кітапханасы қосылған бастапқы программасын «символикалық колодалар» абсолюттік формасына түрлендіреді; ассемблерленген программа лентаға немесе картаға жазылады, ал жүктегіш осы программаны картадан негізгі жадыға енгізу үшін тағы да қайтадан пайдаланылады, содан кейін абсолютті программа орындалады. Әсіресе, осы қадамда карталарды өңдеу үшін ЭЕМ қажет ететін уақытпен салыстырғанда әрбір қадам оператор жағынан манипуляцияны қажет етеді және көп уақыт алады.
ОЖ-нің «1-ші буыны (ұрпағы)» өмірге жоғарыда айтылған тиімсіздіктермен, сонымен қатар басқа да пікірлемен келтірілген. Бұл қосымша факторларда: құрал-жабдықтарды басқаруға шығатын шығын; басқа тілдердің болуы; кітапханалық программалардың дамуы және құрылғылар, әсіресе, енгізу-шығару операцияларына қатысты ерекшеліктер; абсолюттік программаның орындалуына қажет барлық программалар секциялары және бағыныңқы программаларды аударудың (трансляциялаудың) ыңғайсыздығы, ең басында барлығы бірге және барлық уақытта кез келген программаларға өзгертулер енгізілген кезде таратылуы келтірілген. Алғашқы жүйелік дестелер (пакеттер) стандартты тізбекті «жүктеу/аудару (трансляция)/жүктеу/ орындау» қажетті жүйелік программаларды (ассемблер, компилятор, жүктеуіш немесе кітапханалық бағыныңқы программалар) табатын және жүктейтін, сонымен қатар бірінші тапсырмадан екінші тапсырмаға өтуді басқаратын, орталық басқару программасының көмегімен автоматтандырылады.
Тілдік аударулар (трансляторлар) программаларды абсолюттік емес, жылжымалы пішінде (формада) құру үшін қайта көшірілген. Қалыпты (колоданы) араластыруға рұқсат ететін бастапқы және жылжымалы объекті пішінде (формада) программалары бар байланыстырғыш жүктемелер жасалған содан кейін кітапханалық программаларды жылжымалы объекті пішінінде (формасында) сақтау мүмкіндігі пайда болды. Операторға (оператор-аламға) енгізу-шығару дестелеріне (пакеттеріне) арналған, стандартты емес тапсырмаларды күтуші (обслуживание) және қабылданбаған кезде жүйелерді қалпына келтіретін физикалық жабдықтарды басқару қажет. Тапсырма авторының, тапсырманың орындалу процессіне тікелей қатынасы жоқ. Бұл ОЖ-де қауіпсіздік ең қиын және нақтылы проблема: жүйе өздігінен немесе қолданушы арқылы жеңіл бүлінуі мүмкін, одан басқа, кез келген қолданушы өз тапсырмасының ішінен дестедегі (пакеттегі) келесі тапсырманы оңай оқуы мүмкін. Ресурстарды ең бірінші негізгі жадыны және енгізу-шығару құрылысын үлестіру, ОЖ-ге қарағанда, үлкен дәрежелі тіл процессорларының және қолданушылар программасының таныстырмасы болды. Аппаратураның архитектурасы және программалық айқындалушылығына қарағанда, ОЖ-нің болашақта даму көзқарасынан айырмашылық аппараттық қамтамада уақыт периоды шамамен ЭЕМ-нің буындарының (ұрпақтарының) даму периодымен түйіседі.
1959 жылдан 1963 жылдардағы периодта бірнеше маңызды аппараттық зерттеулер кең таралды және ОЖ дамуына себепші болды. Деректер каналы – байланысты басқаратын және деректерді негізгі ЭЕМ-мен және енгізу-шығару құралдары арасында беретін, өзінің жеке жүйелік командаларымен және басқару құрылғыларымен қарапайым ЭЕМ-сы маңызды ақпараттық жаңалық болды. Орталық өңдеуші құрылғыдан (ОӨҚ) енгізу-шығару сұранысын алған кезде, канал енгізу-шығару асинхронды және өз жұмысын жалғастырушы ОӨҚ-мен бірге (параллельно) орындайды; енгізу-шығару операциялары және ОӨҚ-н мезгілде (уақытта, кезде) қиыстыру мүмкіндігі пайда болады. Негізгі жады каналымен және ОӨҚ-мен бөлінеді. Негізгі жады олар үшін программаларды және деректерді сақтайды. Алғашқы кезде ОӨҚ тек каналдың жағдайын ғана сұрай алатын, бірақ жақын арада, егер канал ақпарат берумақсатында ОӨҚ-нің жұмысын көп жағдайда енгізу-щығару операторлары аяқталғанда үзетін болса, тиімділікті жоғарылатуға болатындығы анықталды.
Бұл жаңа архитектураның артықша тиімділік мүмкіндігін пайдалану мақсатымен күрделірек енгізу-шығару программалары жазылған. Оның құрамына деректерді автоматты түрде оқуды қамтамасыз ететін буферлеу программалық құралы кірді. Олар программаға қажет болғанға дейін және олардың шыуын кейінірекке қалдыратын, шығу деректерін кезекке оналастыру үшін, сонымен қатар енгізу-шығару үзілісін сезінетін және басқаруды үзілген программаға қайтаратын өңдеуді үзу стандартты программалары бар.
Ерекше ішкі жағдайлар туралы сигнал беру, мұндағы, арифметикалық толып кету және таңдап қосу үшін командалар қосылды, тыйым салу (сөндіру) және үзіліс механизмінің (іс-әрекетінің тоқтатылуы) тоқтатылуы пайдалана бастады.
ОЖ есептерінің күрделенуі және толықтырылуына қарай (жай қолданушы нақты аппаратурадан көбірек қашықтайтын) тапсырмаларының сипаттамаларын және оларға қойылатын талаптарды жүйелі әдіске келтірудің қажеттілігі туындады. Осы мақсат үшін тапсырмаларды басқару тілдері енгізілген. Бірақ, тапсырманы әр уақыт моментінде жеке (бір-бірінен) өңдеу, үдемелі (интенсивный) есептеу тапсырмасын орындау үшін, бұрынғыдай каналдарды өте төмен белсенділікке (активности) келтірді. Сонымен қатар, үдемелі енгізу шығару тапсырмалары үшін, егер каналдың және ОӨҚ-ның операциялары максимальды қиюласқан (совмещение) деңгейге жеткен кезде, ОӨҚ және канал өте төмен белсенділікке (активность) келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет