Бақылау сұрақтары: 1. Еркін және тізбекті қатынас құру тәсілдері.
2. Енгізу-шығару ағындары.
3. Енгізу-шығаруды қорғау тәсілдері.
4. Бүркеме жады-жадының шапшаңдық аймағы.
5. Операциялық жүйенің үшінші функциясы.
6. Енгізу-шығару сұраныстарының белгіленген бірнеше оңдеу этаптары.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2017 ж.
2. Кейлингерт П. Элементы ОС. Пер. с.англ. –М.:Мир, 2015
3. Гордеев А.В. Операционные системы. Учебник для вузов. –СПб.:Питер, 2014
4. Дейтл Г. Введение в операционные системы. В 2-х томах. Пер. с.англ. –М.: Мир, 2077 г.
5. Операционные системы-от РС до PS/2/ ж: Фодор, Д. Бонифас, Ж. Танги. Пер. с. франц.-М.:Мир,2019 г.
8-Дәріс Тақырыбы: Дискілер. Жоспар: 1. Мгниттік дискілер.
2. Компакт дискілер.
3. Дискілерді форматтау.
Дәрістің мазмұны Мәлімет жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ – нің қажетті бөлігі оларды көбінесе информацияны сыртқы сақтауыштар немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді мәліметті ұзақ уақыт сақтау үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ – нің күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жәй мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.
Дербес компьютердің мәлімет жинақтауыш рөлін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ – дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу – жазу жұмыстарын бірте – бірте тізбектей іздеу арқылы жәй жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
Магниттік дискідегі жинақтауыштар (МДЖ)екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш (ИМДЖ) және қатты магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ).