Бақылау сұрақтары:
Магниттік дискідегі жинақтауыштар (МДЖ).
Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер).
Қатты диск геометриясы.
Қатты дискінің негізгі мінездемелері.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2017 ж.
2. Кейлингерт П. Элементы ОС. Пер. с.англ. –М.:Мир, 2015
3. Гордеев А.В. Операционные системы. Учебник для вузов. –СПб.:Питер, 2014
4. Дейтл Г. Введение в операционные системы. В 2-х томах. Пер. с.англ. –М.: Мир, 2077 г.
5. Операционные системы-от РС до PS/2/ ж: Фодор, Д. Бонифас, Ж. Танги. Пер. с. франц.-М.:Мир,2019 г.
9-Дәріс
Тақырыбы: Дискілер.
Жоспар:
1. Төмендеңгейлі форматтау.
2. Жоғары деңгейлі форматтау.
3. Таймерлер.
Дәрістің мазмұны
Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек болады. Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен программаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет.
Иілгіш диск (дискета) – табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластамассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу – оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бас тиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады. Қазіргі ДЭЕМ – дерде көптеген көлемді программалар CD – ROM компакт – дискілеріне жазылады. CD – ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады, мысалы, жәй жылдамдықты, екі еселенген.
Иілгіш магнитті дискілердегі жинақтауыш
Иілгіш магнитті дискілердегі жинақтаушылар немесе дисковод жүйелік блокқа енгізіліп жазылады. Иілгіш жинақтауыштар да, көбінесе, дискеталар түрінде жасалады. Иілгіш магнитті дискі – табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластамассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу – оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады.
Жинақтауыш – бұл жоғары жағында жылжымалы ысырмасы бар, қорғаушы конвертте орналастырылған ферромагнитті қабаты бар диск. Дискеталар, көбінесе, бір компьютерден екінші компьютерге кіші көлемді ақпараттарды жедел түрде тасымалдау үшін қолданылады.
Қатты дискідегідей бұнда да олар тағыда секторларға бөлінеді. Секторлар мен жолдар дискеталарды форматтау кезінде пайда болды. Дискетаның негізгі параметрлері технологиялық мөлшері (дюйммен есептеледі), жазудың тығыздығы және толық сыйымдылығы. Жазу тығыздығы қарапайым SD (Single Density), екілік DD (Double Density) және жоғары HD (High Density) болады. Қазіргі таңда стандартты дискеталар 3.5 дюйм, жоғары тығыздықты HD, 1.44 Мбайт сыйымдылығы бар.
Дискеттің негізгі параметрі – оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін екі ғана стандарт бар – олар 3,5 және 5,25 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 және 133 мм болады. Бұрын шығарылған IBM PC XT, AT компьютерлері үшін негізінен диаметрі 5,25 дюймдік, ал соңғы шығып жатқан ДЭЕМ – дер үшін – 3,5 дюймдік дискеттер қолданылады
Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы дискіқозғағыштың ұясына салынады. ДЭЕМ – дерде бір немесе екі дискеттер ұясы болуы мүмкін. Дискеттер алмалы – салмалы құрал болғандықтан, олар әрі мәліметті сақтау үшін, әрі компьютерлер арасында мәлімет алмастыру үшін де қажет. 5, 25 дюймдік дискеттер істелу сапасына қарай 360 не 720 кб, әйтпесе 1,2 Мб информация сақтай алады. 3,5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады, 1,44 Мб және 720 кб. 1,44 Мб мәлімет жазылатын дискеттің төменгі оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады, ал 720 кбайт көлемді дискетте ол болмайды. Дискеттер қатты пластмасса қорапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді қызмет атқарады. Соңғы шығып жатқан ДЭЕМ – дерде 3,5 дюймдік дискеттер ғана қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |