Дәрістің мазмұны Қосындылауыш, арифметикалык, логикалық құрылғылардың (AЛҚ) негізгітүйіндерінің бipi болып табылады. Ол екілік код түрінде берілген сандардың арифметикалық қосу және алу амалдарын орындауға арналған. Алу амалы, кepi және қосымша кодтарды пайдаланып, қосу амалы арқылы орындалады. Қосындылауыштарды құрудың көптеген жолдары бар. Олар бірразрядты және көпразрядты болып келеді. Қосындылауыштардың мұндай жіктелуі қосындылар кодтарының разрядтарының санына байланысты жасалынады.
Көпразрядты қосындылауыштар тізбектелген және параллельді болып бөлінеді. Тізбектелген қосындылауыштарда разрядтардағы сандарды қосу амалдары, кішіразрядтан басталып, біріненсоң бipiтізбектеліп орындалады. Параллельді қосындылауыштарда қосындылар кодтарының барлық разрядтары бipуақытта қосылады, ал тасымалдау сигналдары әртүрлі тәсілдермен қалыптасады. Осыған сәйкес, параллельді қосындылауыш- тардағы тасымалдар тізбектемелі, параллельді, топтық, тасымалысы тізбекті және топаралық параллельді болып ажыратылады.
Жүйелі сумматор схемасы 2 - суретте көрсетілген, үш жылжымалы регистордан, бір D - триггерден және сонымен қатар бір рарядтты сумматордан тұрады. Регистрлар мен триггерлер С импульсімен үйлестіріледі
2 - сурет. Жуйелі сумматордың схемасы Жүйелі сумматор схемасы салыстырмалы, қарапайым құрылымды. Бірақ жылдам аппараттық құралдардың пайда болуы, сумматор әрекеттерінің төмендеуі орын алады. Осыдан келіп жылдам әрекеттерді жоғарылатуға арналған паралельді сумматорларды қолдану қажет болды.
Жүйелік тасымалдауға арналған паралельді сумматор. Паралельді сумматорлар жүйелік тасымалдаумен барынша көп, тез әрекеттерді орындауға болады. Оларда дәрежелі сигналдарды тасымалдау жүйесін тарату процестері болмайды.