Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет33/48
Дата23.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#52022
түріКонспект
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
Дәріс мәтіні-КА

Бақылау сұрақтары:
1. Бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер.
2. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің типтері.
3. Файлдық сервер.
4. Баспа сервері (принтер-сервер).
5. Желілік басып шығарғыш. Жергілікті желіде принтерді пайдалану.
6. Электрондық почта сервері.
7. Мәліметтер қорын басқару сервері.
8. Жергілікті желілердегі желілік жұмыс станциясы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. А. Б. Медешова, Д. Ғ. Ғадуллаев Компьютер архитектурасы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
2. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2008
3. О Сейқұлов. Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар: Оқу құралы. – Шымкент: «Нұрлы Бейне», 2012
4. Гук М. Аппаратные средства IBM PC Әнциклопедия – спб.:«Издательство Питер», 2011


10-Дәріс
Тақырыбы: Арнайы ЭЕМ-дер.
Жоспар:

  1. Жоғары деңгейдегі өндірістік әмбебап және арнайы ЭЕМ.

  2. Арнайы есептегіш комплекстер архитектурасы, бағдарламалық жабдықтауға бағытталған архитектура.



Дербес компьютерлер - бір қолданушыға және бір адам басқаруға есептелген, кез келген жұмыс орынға тағайындалатын кіші габаритті есептегіш машиналар. Дербес компьютер пайдаланушымен диалогтік режимде жеке жұмыс істеу үшін арналған. ДК негізінен қарапайым құжаттардан бастап, баспа беттеуіне дейін әр түрлі мәтін дайындау, есептеулерді орындау, деректер базасын жасау, ақпарат іздеу және т.с.с. жұмыстарға арналған.
Дербес компьютерлердің кең таралуы мен қолданылуына келесідей сипаттамалары ерекше ықпал етті:
1) адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің қолайлылығы;
2) құнының арзандығы;
3) көлемінің шағындығы мен қоршаған орта жағдайына арнайы талап қоймайтындығы;
4) құрылымының―ашықтығы нәтижесінде пайдаланушылар әр түрлі шалғай құрылғылар қосып және компьютер қуатын жетілдіре отырып, ДК-нің мүмкіндіктерін кеңіте алады.
5) жаңа нұсқалары мен модельдерінің бағдарламалық және құрылғылық үйлесімділігі;
6) әр түрлі қолдану салаларына арналған бағдарламалық құралдарының мол болуы;
7) жұмыс істеудегі жоғары сенімділігі.
Атқаратын қызметі бойынша дербес компьютерлерді үш топқа бөлуге болады:
Тұрмыстық ДК жалпы тұтынушыға арналған, сондықтан олар мейлінше арзан, сенімді және базалық конфигурациясы өте қарапайым болуы тиіс. Тұрмыстық ДК үй жағдайында ермек үшін (бейне ойындар), оқу және жаттығу үшін қолданылады. Дегенмен бұл машиналардың құрылымы оларды байланыс арналарына қосуға, шалғай жабдықтарының жиынын кеңейтуге мүмкіндік береді. Біраз жаңартулар енгізсе, бұл модельдер мәтін өңдеуге, шағын ғылыми және инженерлік есеп шығару үшін қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет