Жалпы мақсаттағы дербес компьютерлер ғылыми-техникалық және экономикалық сипаттағы есеп шығару үшін, сондай-ақ оқу жаттығу үшін қолданылады. Олар пайдаланушылардың жұмыс орнында: кәсіпорындарда, мекемелерде, дүкендерде, қоймаларда және т.с.с. орналастырылады.
Бұл класс машиналарының жедел жадының сыйымдылығы мейлінше үлкен және иілгіш, қатқыл магниттік дискілерде сыртқы жадысы, меншікті мониторы болады. Интерфейстер көптеген шалғай құрылғылар мен есептеу желісінің құрамында жұмыс істеуге арналған құралдарды қосуға мүмкіндік береді. Жалпы мақсаттағы дербес компьютерлерді, негізінен компьютердің арнайы маманы емес жалпы пайдаланушылар қолданады. Сондықтан олардың құрамында: операциялық жүйелер, алгоритм тілдерінен аударғыштар, қолданбалы бағдарламалар жасауын қамтитын, жетілдірілген бағдарламалық жасауымен жабдықталған.
Аппаратура құрамына мәтіндік те, графикалық та материалдарды шығаруға арналған құрылғылар, басу сапасы жоғары принтерлер кіреді.
Кәсіптік компьютерлердіңжоғары шапшаңдығы, ақпараттың үлкен көлемді жиымын тиімді жіберуді, жедел жадтың айтарлықтай сиымдылығын талап ететін күрделі ақпараттық және өндірістік мәселелерді шешу үшін ғылым саласында пайдаланылады.
Кәсіптік ДК-ні пайдаланушылар, әдетте кәсіби-бағдарламалаушыер болып табылады, сондықтан бағдарламалық жасауы мейлінше бай, икемді, құрамында бағдарламалық құралдардың аспаптары болуы тиіс.
Шалғай құрылғылардың көп түрін қосудың арқасында ДК-нің функциональдық мүмкіндіктері едәуір кеңейеді. Олар көп міндетті режимде, жоғары деңгейлі алгоритмдік тілдермен және есептеу желілерінің құрамында жұмыс істей алады. Өзінің функциональдық мүмкіндіктері бойынша кәсіптік көппрцессорлық ДК үлкен ЭЕМ-дердің алдыңғы буындарының мүмкіндіктеріне жақындап қана қоймай, олармен толық бәсекелесе алады. Қазіргі кезде ДК-лердің конструктивтік орындалуы немесе өлшем типтері бойынша жіктелуінің жаңа белгілері пайда болады:
Стационарлық немесе үстел үстіне қоятын компьютерлер өте кең тараған.
Тасымалданатын компьютерлер (әдетте оларды шағын деп атайды) алып жүруге қолайлы. Оларды ұзақ уақыт іссапарда, жол үстінде болатын кәсіпкерлер, коммерсанттар, кәсіпорындар мен ұжым басшылары пайдаланады. Тасмалданатын компьютерлер төмендегідей болып бөлінеді: шағын, блокноттар, қалтаға салынатын, электрондық (хатшылар) және электрондық жазба кітап.