Компьютердегі ең үлкен электрондық плата – жүйелік тақша (аналық плата) болып табылады. Жүйелік тақша-жүйенің ядросы. Бұл шынындада ДК-нің басты бөлшегі-қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады.
Аналық тақша жүйелік бөліктің негізгі бөлімі болып табылады, сонымен бірге дербес компьютердің құрылғыларын анықтайды. Келесі компоненттер міндетті түрде орналастырылады:
1. Процессор үшін слот
2. Оперативті жад үшін слоттар
3-4. IDE-құрылғысы (қатты диск, CD-ROM, иілгіш магнитті дискі)
5. Видеокарта AGP үшін слот
6-7. PCi және ISA-слоттары
8. Корпустың лампасымен кнопкасын біріктіретін контактілер жиынтығы
Дербес компьютердің шиналары Шина дегеніміз – бұл сым – жолдарының жиынтығы, кей кезде цифрлік жүйеде бірнеше компоненттерді біріктіруші өткізгіштер. Бұл сым – жолдары 3 типке бөлінеді: адрес, мәліметтер және басқару. Кейбір кезде бір өткізгіш арқылы әр уақытта адрес және мәліметтер беріледі. Бұндай шинаны – мультиплекстелген деп атайды. Шинаға қосылған құрылғылар 2 негізгі типке бөлінеді – басқарушы (master) және бағынушы (slave).
Адрестік шина. Бұл шина арқылы берілетін мәліметтер оперативті жады ұяшықтарының адрестері ретінде қарастырылады. Осы шинадан процессор орындалуға тиіс командалар адрестерін оқиды. Қазіргі заманғы процессорларда адрестік шина 32 – разрядты, яғни ол 32 параллельді өткізгіштерден құрылады.
Мәліметтер шинасы. Бұл шина арқылы оперативті жадыдан регистрлерге және керісінше мәліметтерді көшіру процесі жүреді. Intel Pentium негізіндегі процессорларда мәліметтер шинасы 64 – разрядты.
Командалық шина. Процессорда орындалатын командалар асы шинамен оперативтік жадыдан келеді. Командалар байттар түрінде көрсетіледі. Қарапайым командалар 1 байтқа сыйады, бірақ 2 немесе одан да көп байтты сыйымдылықты қажет ететін командалар да болады. қазіргі заманғы процессорлардың көп бөлігінде 32 – разрядты командалар шинасы бар, сонымен қатар 64 – разрядты командалық шинасы бар процессорлар да кездеседі.
Аналық тақшадағы шиналар тек процессормен байланыс орнату үшін ғана қолданылмайды. Аналық тақшадағы ішкі құрылғылар және де оған тікелей қосылатын құрылғылар бір – бірімен шиналар арқылы байланысады, әрекеттеседі.