IDE мен SCSI шиналары. Қазіргі таңда ең танымал енгізу/шығару шиналарының бірі болып IDE және SCSI шиналары табылады. IDE (Integrated Drive Electronics-жетекке кондырылған электpоника), немесе ATA (AT Attachment - AT-ға жалғанатын) термині PC AT-ға арналған қарапайым және қымбат емес интерфейсті білдіреді.
Жинақтаушыны басқару қатысты барлық функцияны өзінде қондырылған контроллер қамтамассыз етеді, ал 40-сымды байланыстырғыш кабель 16-разрядты AT-Bus (ISA) магистpалдың оңайлатылған сегменті болып табылады.
Қарапайым IDE адаптер тек адресті дешифратордан тұрады – ал қалған сигналдар тікелей ISA алмалы-салмағышқа қарай бұрылады. IDE адаптерлерінде көбіне жеке BIOS-сы болмайды – IDE сүйемелдеуінің барлық функциялары PC AT–тің жүйелік BIOS-нің өзіне енгізілген.
Бірақта интеллектуалды немес кэштелетін контроллерлер, жүйеліктің барлық немесе жарым-жартылай функциясын алмастыратын жеке BIOS–тары болады. IDE құрылғыларының негізгі жұмыс режимі – орталық процессор басқаруындағы бағдарламалық алмасу (PIO), бірақта қазіргі винчестерлердің EIDE барлығы DMA режимінде алмасуды, ал контроллерлердің көпшілігі - Bus Mastering режимін ұстанады.
SCSI - Small Computer System Interface (кіші есептеуіш жүйелерінің интерфейсі) термині, көбіне АҚШ- ғы стандарттардың ұлттық институты (ANSI) жасаған мен компьютердің жүйелік шинасыменен периферийндік құрылғылар арасындағы мәліметтер тасымалдаудың магистральдарын іске асыру механизмдерін анықтайтын стандартар жиынын білдіреді. Қазіргі таңда екі стандар (SCSI-1 және SCSI-2) қабылданған. SCSI-3 стандарты дайындалу үстінде.
Енгізу/шығару шинасы AGP шинасы.Дербес компьютердің (PC) шинасы өздеріне қойылатын талаптардың өсуіне байланысты тұрақты өзгеріске ұшырап отырады. Сөйтіп жылдамдатылған графикалық порт (AGP) бұл деген PCI шинасының кеңейтушісі, оның қызметі 3D графикасының мәліметтерінің үлкен көлемді массивтерін өңдеу болып табылады. Intel AGP-ді PCI-ға 3D графикасын енгізу алдында екі проблеманы шешу үшін шығарады. Біріншіден, 3D графика z-буфері (z- buffer) мен текстурлы карталардың (texture maps) ақпараттарның барынша үлкен жадысы керек. 3D қосымшасы үшін текстурлы карталардың неғұрлым көбі ашық болса, соғұрлым соңы нәтиже тамаша көрінеді.
Қалыпты жағдайда, бейне тереңдігінің назарына қатысты ақпаратты құрайтын z- буфер тектура секілді сол бір жадыны құрайды. Бұл конфликт 3D шығарушылары үшін тиімді шешім таңдау үшін көптеген нұсқаларды ұсынады, олар текстурлар мен z-буферіне арналған жадының үлкен мәнділігіне ұштастырады және нәтижелер шығарылатын бейненің сапасына тікелей әсер етеді.
Сурет – 16.1 PCI мен AGP схемасы.
PC жасаушылыр жүйелік жадыны текстуралар мен z-буфер жөніндегі ақпараттар сақтау үшін қолдануға мүмкіндіктері болды, бірақ осындай түрде шектеу, бұндай ақпараттты PCI шинасы арқылы жіберу болды.
Графикалық ішкі жүйе мен жүйелік жадының өнімділігі PCI шинасының физикалық сипаттамаларымен шектеледі (сурет 16.1, а). Сонымен қатар, PCI-дің өткізу жолдарының ені немесе оның сыйымдылығы шынайы уақыт режимінде графиканы өңдеуге жеткіліксіз. Intel осы проблеманы шешу үшін AGP жасап шығарады.
Егер қысқаша AGP деген не десек, онда бұл – графикалық ішкі жүйе мен жүйелік жадының арасын тікелей байланыстыру (сурет 16.1, б). Бұл шешім, PCI шинасы рақылы тасымалдау кезіндегіге қарағанда мәліметтерді тасымалдаудың барынша өте жақсы көрсеткіштерін қамтамассыз етуге мүмкіндік береді және шынайы уақыт режимінде 3D графиканың шығару талаптарын қанағаттандыру үшін шығарылған. AGP беттік буфер (frame buffer) жадысын барынша нәтижелі қолдануға мүмкіндік береді, сонымен бірге 2D графика өнімділігін және 3D графиканың мәліметтер ағындарының жүйе арқылы өту жылдамдығын арттырады. AGP-ді графикалық ішкі жүйе мен жүйелік жадының арасын тікелей байланыстың түрі ретінде анықтау point-to-point байланысы деп аталады. Шын мәнінде, AGP графикалық ішкі жүйені жүйелік жадының басқару бөлігімен, бұл жадыға кіруді компьютердің орталық процессорымен (CPU) бөлісу арқылы, байланыстырады.