2.2) Тробоциттің патофизиологиясы Тромбоциттер патологиясы. Қан пластинкаларында қан құрамының өзгеруі қанның біркелкі орналаспауынан, олардың көптеп бүлінуінен, сондай-ақ қан құрайтын аппарат функциясының бұзылуынан пайда болуы мүмкін.
Тромбоциттер санының азаы (тромбопения) зілді лейкемиядан, қатерлі анемиядан және кейбір инфекциялық аурулардан (инан, қан теңбілді ауру) пайда болады. Тромбопения бензолмен уланғанда, сәуле ауруларында да өршиді. Тромбопенияда, әсіресе оның қатерлі түрінде қанның ұйығыштығы кемиді, тері және асқазан-ішек жолдарының кілегей қабықтары қанталайды.
Тромбоциттер мөлшерінің көбеюі – тромбоцитоз қан қоюланғанда, полицитемияда, кейбір гипохромды регенеративтік анемияда, инфекциялық аурулардан айыға бастаған кезде байқалады.
Қанның ұюының өзгеруі. Қанның ұйығыштық қабілеті әр түрлі зақымдану кезінде организмді қансыраудан сақтайтын биологиялық қорғаныш механизмі болып саналады. Қанның ұю процесі үш кезеңде жүзеге асырылады.
Б і р і н ш і к е з е ң биохимиялық тұрғыдан едәуір күрделі, мұнда активті тромбопластиндер пайда болады (Шмидт бойынша – тромбикиназа).
Е к і н ш і к е з е ң д е кальций тұзы қатысқан тромбопластиннің әсерінен протроминнен активті тромбин пайда болады. Бауырда филохинонның қатысуымен протромбин пайда болады.
Ү ш і н ш і к е з е ң д е активті тромбиннің әсерінен фибриноген фибринге айналады.
Қанда ұю факторымен қоса ұйытуға қарсы заттар да болып, ол қанның сұйық қалпында болуын қамтамасыз етеді, әрі пайда болған тромбаларды ерітеді. Ұйытуға қарсы заттарға (антикаогулянттарға) мыналар жатады:
а). гепарин – бауырда, өкпеде және қан тамырларының майлы клеткаларында пайда болады;
б). фибринолизин (плазмин);
в). тромбин мен тромбопластиннің пайда болуын тежейтін бірқатар белокты заттар.
Ұйытатын және ұйытуға қарсы жүйелер өзара байланысты, мұның өзі тамырлардағы қанды сұйық қалпында сақтауға мүмкіндік береді. Қанның ұйығыштығының баяулауы немесе шапшаңдауы түрінде байқалады. Қанның ұю жылдамдығы әр түрлі малдарда түрліше: қойға, итке және терісі бағалы аңдарға қарағанда жылқыда ол едәуір баяу өтеді.
Қанның ұюының баяулауы. Қанның ұюының баяулауы мынадай себептерден болады:
1. ұйыту факторларының – прокоагулянттардың (плазмалық және пластиналық) біреуінің немесе бірнешеуінің жетіспеуінен;
2. антикоагулянттардың көптігінен;
3. фибринолиттік жүйелердің активтенуінен. Гемофилия – жыныс арқылы жабысатын тұқым қуалайтын ауру.
Қан ұюының шапшаңдауы мынадай себептерге байланысты:
1. қанда прокоагулянттар (тромбопластин, тромбин т. б.) концентрациясының көбеюінен;
2. табиғи антикоагулянттардың (гепарин, антитромбин т. б.) активтілігі кемуден;
3. фибринолиз процесінің тежелуінен.