Қиналамын, қимаймын осы адамды.
22
СЕНІҢ ҚАРА КӨЗДЕРІҢ
Қиындығын тағдырдың тағы
ұқтырдың,
Мен де үнсіз егіліп, налып тұрдым,
Қу жалған-ай, біз саған не жазып ек,
Өлеңді де жаздырып... жалықтырдың.
Алтыным-ай, сүйенші мына маған,
Мен де саған қосылып, жылап алам.
Мұқаң айтып кетті ғой, Мұқағали
"Барлық ақын туған деп бір анадан".
Сеніп келдік анаған, мынаған да,
Біздің тірлік оларға ұнаған ба?
Адамдардың жүрегі - Мұзды мұхит,
Ерімейтін ақындар жылағанда...
Керегі жоқ ақылдың ақылсызбын,
Жүрегімде таңбасы жатыр сыздың...
Қорықпаймын ешкімнен, ештеңеден,
Сенің ғана алдында батылсызбын.
Мен сен үшін болмаймын қайтып
құрбан,
Махаббаттың ләззатын қайта ұқтырған.
Көздеріңнен айналдым, көздеріңнен,
Жалғанның жалғандығын айтып
тұрған.
Ұнатпайтын болдым мен көп пендені,
Өлеңіңді оқышы өткендегі.
Көсемнің көшесінде екі ақын тұр.
Бірін-бірі көрмеген көптен бері.
23
ТҰЛПАРЛАР КЕТІП, ҚАМШЫ
ҚАЛАДЫ
Ғарыштың ғажап тыңдаймын әнін,
Білесіңдер ме, мұндайдың барын?
Адасып жүрген бір бақыт барын,
Білемін және бір қайғым барын.
Айғайлағым кеп Айға қарадым,
Қайдан келіп ем, қайда барамын?
Мен бұрын егер өмір сүрмесем-
Компьютерді қайтіп пайдаланамын?..
Үйімнің есігін ашып тастадым,
Пілтелі үміт ғашық-дастаным.
Менің әрбір қимылымды үнсіз,
Қағып алып тұрады қас-қағым...
Бір тылсым күш бағып тұрады,
Лүпілдеп жүрек қағып тұрады.
Алаштың Данкосы мен болсам егер...
Ол болса жүрегін жағып құлады.
Жүректің қаны тамшылап ағады,
Тұлпарлар кетіп, қамшы қалады,
О дүниеге мен өзім бармаймын, -
Көзімде жүрген тамшы барады.
П Е Н Д Е Л Е Р - А Й
Табиғаттың бұзбайықшы салтын біз -
Жапырақта, тамшыларда, қыздарда...
Сен жақсысың, сен жылысың,
салқын күз,
Абай, Пушкин, Мұқағали, біз барда.
Адамдар-ай, айналайын адамдар,
Мен сөйлейін, тыңдаңдаршы ал,
тұрып:
24
Жалғыз апам, жалғыз ағам анам бар,
Қайда кетем мен оларды қалдырып?
Он төртімде өлең өріп өзімше,
Балалықтан даналыққа ауыстым,
Кешір, Алла, шайқап ішіп көзіңше,
Шарапты да іштім, болдым,
тауыстым.
Мен сенбеймін, Алла сенен басқаға,
Саған аян менің адал екенім.
Ақмола емес, аспанда ғой астана -
Сонда менің мекенім.
Кетіп қалмай соңында сол бір қыздың,
Кеттім жырдың орманына ендім де,
Күндіз-ақын, түнде - жарық
жұлдызбын.
Періштемін көрінбейтін мен күнде.
Пенделер-ай, айтқанымды түсініп
Бұл заманды демеңдерші ақырғы.
Мен сендерге көктен жарық түсіріп,
Иранбаққа айналдырам тақырды.
Талай таңды кірпік ілмей атырдым,
Ойға толы ауыр тартып тұр басым.
Аспан жаққа ұшып бара жатырмын,
Түсінбейді замандасым, құрдасым...
25
К Ө З Ж А С Ы
Қырандар ғана ұшатын биік бар,
Қарғалар ұшады төменде.
Таңдайда - шөл, кеудемде -күйік бар
Әйтпесе нем бар өлеңде?
Тауға да, тасқа соқтым басымды,
Өмірден таппай тиянақ.
Құдайым, өрге домалат тасымды.
Жасатпа маған қиянат...
Асылын ойлап Алаштың өткен,
Ойымды жылдар қашты алып,
Сен маған бұрылып қарашы, көктем,
Көзімнен кетті жас тамып...
26
Т Ү С І Н Б Е Й С І Ң
Түсінбейсің қуаныш, қайғымды да,
Тәкаппар да емеспін, айбынды да:
Бойымда бір ғажап тылсым күш бар,
Адам ете алатын маймылды да...
Білмеймін мен өлген соң өзгерем бе,
Өлеңнен басқа не бар өзге менде?
Адамзатқа тән емес күйге түсем,
Он сегіз мың ғаламды тез көрем де...
Білмеймін, ғашық болдым қанша
қызға-
Арулар-ай, ғашықпын баршаңызға,
айналайын, жүрегім, қалғып кетпей,
Қаттырақ соқ, күйініп, шарша, мұзда...
Өмірдің көрсек-тағы ызғарын бар,
Өзгермейтін жандармыз біз -
дарындар.
Жүрегімнен шығатын жырларымды
Жүрегімнен оқитын қыздарым бар...
Оларды да қу тағдыр аямаған,
Баяғыдай алдайды баяғы адам.
Анамның мен сағындым алақанын -
Ақ бесікте әлдилеп, аялаған...
27
РОБИНЗОН КРУЗОҒА ҚЫЗЫҒАМЫН
ЖАНАТҚА
Өңімде көрген қызық, түске де кір,
Арман өліп барады іште небір...
Робинзон Крузоға қызығамын,
Өмір сүрген аралда кішкене бір.
Жалғыздыққа көңілдің ауғаны анық,
Өмір сүрсем қайтеді тауға барып?
Немесе жалғыз өзім бір бұрышын,
Он сегіз мың ғаламның жаулап алып...
Әйелді де білмесе, ешкімді де,
Арайға да қызықпай кешкі мүлде,
Ақындықтан қол үзіп, ешкі бағып -
Корольды да менсінбей, пешкіні де...
Солай етсек бұл өмір өзгере ме,
Еркектер де әйелше сөзге ере ме?
Робинзон Крузоға қызығамын,
Жас толады, Жанат-ау, көзге неге...
28
ШАҒЫМ
Алладан басқаға басымды имен
Ұмытып барады екем... ҚАСЫМҒА
игем!
Ақсұңқардың Серігі, кешір мені,
Шықпағалы көп болды расында Үйден.
Тентек інің тіксініп, тағы ашынды,
Алып ұшам аспанға Алашымды.
Бір топ қыран бір жаққа ұшып кетіп,
Құл-құтанмен, Қарғаның Бағы
ашылды...
...Өлтірді олар Мұқағали, Қасымды да,
Өлтірді олар Жұматай асылды да.
Серік аға, ЖҮРЕГІҢ қалай өзі -
Ауырғаны, әйтеуір басылды ма?
Маған да СОЛ көп емес, жақын қалды.
Қайтеді ОЛАР, қайтеді АҚЫНДАРДЫ?
АСТАНАДА Еркек жоқ, АУЫЛДА ДА -
Шалбар киген кілең қырт, ҚАТЫН
қалды...
Өсек айтып, малтасын езетіндер -
Тұрып алмай жолымда, тез өтіңдер.
Серігімнің өлеңін басқан шығар,
"Орталық Қазақстан" газетін бер!..
29
АСПАН ЖАҚҚА АСЫҚПАШЫ, БАУЫРЫМ!
Халық-Ананың құрсағынан Ақынның жарық
дүниеге келуі - әрі таңғажайып құбылыс, әрі
трагедия. Ақынның өзегінде өрт болса, халықтың
жүрегінде дерт болғаны. Тобыр мен халық бір-
біріне кереғар қоғамдық құбылыс. Тобырға айты-
скер шәйір секілді көңіл көтеретін халтурщик
(дәлдүріш) керек болса, халыққа Тұрсын секілді
ақын керек!
Тобырға керегі қарабайыр өлең, халыққа қажет
- Поэзия.
Орыстың осы заманғы ұлы ақындарының бірі
Андрей Вознесенский Литературная газетада ө з н і ң
алғашқы топтамасы жарияланғанда сол газеттің
150 данасын өзі сатып алып, еденге жайып тас-
тапты да, бетінде еңбектей беріпті. Ол өзінің
әрбір өлеңі жарық көрген сайын осындай сезімді
бастан кешеді екен. Өзімнің басымда бар осы бір
творчество рахатын Тұрсынның да сезінетініне
кәміл сенем. Ақынға осыдан басқа түктің де ке-
регі жоқ. Ал дәлдүрішке көп нәрсе керек: ат пен
шапан, автомобиль мен кілем, бағалы басқа да
сыйлықтар...
Тұрсын менің сәт сапарыма зәру емес. Ол
қазірдің өзінде талай талантты ұл мен қызға игі
тілек айта алатын шамада. ТЕК АСПАН ЖАҚҚА
АСЫҚПАШЫ, БАУЫРЫМ! Жер бетінде сенсіз
бітпейтін шаруалар жетіп артылады. Абай мен
Мағжан, Мұқағалилар аспанда болғанымен жердің
бетінде Алаш бар ғой әлі. Поэзия дегеніміздің
өзі осы!
Тұрсын хақында оған дейін қандай ойда
жүрсем сонымды бүгін айттым. Айтпай кетіп ба-
ра жатқаным - мен осы жігіттің жүзін әлі
көрген жоқпын. Бір кезде бізді билеген Саяси
Бюро мүшелерінің Анна Ахматова. Борис Пастер-
нак жөніндегі ой-пікірлері базарға барған
әйелдерінің қаңқу-өсегімен қалыптасады екен.
Ақынды тану үшін оның өлеңін оқу керектігін
олар қайдан білсін? Ақынның жүрек кардиограм-
масы - поэзиясында. Оның өлеңіне қарап, ел-жұ
ртының жүрек лүпілін аңғаруға болады. Тұрсын
соған қарағанда шынайы ақын.
Серік А қ с ұ ң қ а р ұ л ы
Қазақстан Ж а з у ш ы л а р Одағының мүшесі
" О р т а л ы қ Қ а з а қ с т а н " , 17-қаңтар, 1995.
31
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ШЫР АЙНАЛЫП БАЛҚАНДЫ
ПЕРІШТЕ ЖҮР
Мына мені бір күні еске түсіріп,
Жылайсыңдар тағдырымды түсініп.
Бұл фәниден шындық іздеп жүргенде,
Алып кетті қанатына құс іліп.
30
АҚЫН РУХЫМЕН СЫРЛАСУ
М. Мақатаевқа
Басымда мынау
жатқандай бейне тас қайнап -
Мен бар ғой Аға, өткердім өмір босқа ойнап,
Италияның тамаша ақыны Тассодай,
Жүрмеспіз, бәлкім, бір мезгіл ішер асты
ойлап...
Өмір дейді ғой
Өмір деп осыны айта ма?!
Адасып жүрсем ақылыңды маған айт, Аға!
Өмірім көңілсіз,
Заман да жетісіп тұрған жоқ,
Жетісіп тұрса -
Қайтпаған бетім... қайта ма?!
Рухыңыз Сіздің
төсектен алды тұрғызып -
Оңаша қалып өлең жазудың өзі бір қызық...
Қай жаққа бастап барасыз мені
Жан Аға,
Таулармен биік, аспанға қарай жүргізіп...
БАҒЫ ШЫҒАР...
Бойды буған ақындық па, емшілік пе -
Кереметім бар шығар, кемшілік те...
Шыр айналып Балқанды періште жүр,
Құдай өзі жіберген Елшілікке!
Алашымды аспанға алып ұшар
Нақ әулие Ақындар тағы шығар...
Құдайымның көрсеткен Періштесі,
Басымызға қондырған бағы шығар!
32
АЛЫП ¥Ш МЕНІ, ҚАНАТЫМ!
Еңсемді қайғы басқандай,
Қалшиып көзден жас тамбай.
Алдамшы жарық жалғанға,
Қараймын тура жасқанбай!
Қара жер болса алатын,
Өлеңім бар ғой, қалатын.
Күндерім өтіп барады,
Алып ұш мені, қанатым!
Қалдырып Мені кетпе Сен,
Аспанға болмас жетпесем.
Мен бір күн қайтып оралам,
Жұлдыз боп ағып кетпесем,
Аспан бар, биік аспан бар,
Қара жер суық, басқан қар.
Аспан, ол - Ақын мекені,
Ал сендер аяқ баспаңдар!
Оралмас қайтып білемін,
Аспанға аяқ басқандар!..
зз
Мен жалғызбын жұмыр жердің бетінде!
... Мені біреу аусар ақын демесін...
ШАҒАЛАЛАР
Шағалалар,
Шағалалар зарлағасын,
Толқындар ұрып жатыр жарға басын...
Өмірде де осылай, өмірде де -
Біреу үшін күйесің, арланасың.
Шағалалар қанатын қағады да,
Зарлайды кеп, төмен қарай ағады да.
Қара жартас
теңізге кеуде тосып -
Тұрады үнсіз, қимылын бағады да...
Өмір деген ашыну емес пе еді,
Бұл көрініс ертегі емес тегі.
Теңізді еркелеткен қара жартас,
Кәдімгі қара нар болып елестеді.
АЛЛАҒА ЖАЛБАРЫНУ
Арым таза, оған несін таңданам
Әлі талай өлең жазып, оқырмын.
Жетпіс жасқа жетіңкіреп қалды Анам,
Өзімді емес, Анамды ойлап отырмын...
Сұмдығына бұрын-соңды болмаған,
О, Жаратқан қабақ шытпай шыдайын.
Дүниеге қымбат Адам, ол - маған,
Тек Анамнан айырмашы құдайым!
35
ЖАЛҒЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ ЖЫР
Періштелер жүреді ұшып аспанда,
Көреді олар барлығын...
(Е. Раушанов)
Мені біреу аусар ақын демесін,
Көзімді ілсем көрем Қыздың денесін...
Қыз болған соң асқан сұлу, ерікті -
Қолаң шашын төрт елі етіп өріпті...
Қалу үшін сол қалпында қымбатты,
Қалуы үшін қалпында сол сымбатты
Шыдамасын біліп өсек-атысқа,
Құсқа айналып кеткен ұшып батысқа...
Көкірегімде қалды жүрек белгісі,
Көретінім... келіп жүрме, келгісі...
Көк аспанға қадап көп күн көзімді,
Мен бір түрлі сезінгенде өзімді
Көз алдымда сан түсті өмір ауысып,
Көріністер... төзімімді тауысып -
Тұрғанымда жетті үні-дауысы:
"Көздеріне толса жасы күйіктің,
Мен өртеніп бара жатам сүйіктім!
Тұрып алам көздерінің алдында,
Жер бетінде жетімсіреп қалдың ба?!
... Тұрып алам көрмесін деп өзгені,
Сенің кеудең алтын толы сөз-кені!
Көрсетем деп сол бір байлық Атасын
Жалғыз өзің батып бара жатасың...
Жалғыз өзің жылап бара қаласың,
Жалғыз өзің құлап тұрып аласың...
Сені жаным мүмкін емес түсіну,
Сен өйткені жұмбақ ақын баласың!
... "Алыста емес шығар осы арамыз,
Кеңістікте қатар ағып барамыз.
Жазылмайтын шығар осы Адамзат,
Жазылмайтын шығар осы жарамыз" -
деген сөзі қалды жүрек-етімде.
34
КӨРІКТІМ МЕНІҢ ....
Көктемім менің, албыртқан жүзі ақ арман,
Көзіме ыстық Көріктім өтті тағы алдан...
Сыздатады екен жүректі әсте махаббат,
Сағыныштар мен жаңылыстардан жаралған.
Алдыңда Сенің басымды иген пендемін,
Қоштастық қалай, кінәлі Сен бе, Мен бе
едім?!
Бақытты күндер көзімнен бұл-бұл ұшқаны-ай,
Көріктім менің бір хабар маған бермедің.
Көктемде мынау теңізді тербеп, тасытқан,
Тағдырға нала, айтпашы жаным, жасытқан.
Жетем деп жүріп, жете алмай қалады екен-ау,
Ақ, адал жандар арманына асыққан.
ҚИЯЛДАНАМ
Қиялданам... қиялыма еремін,
Ешкімге де болмаса да керегім.
... Аман болшы Менің Аппақ қайыңым,
Аман болшы Менің Қара терегім!
Қиялданам... құсқа қарап көктегі,
Мен тағдырға, тағдыр маған өкпелі.
Күзде қайтқан Құсым қайтып келмеді»
Өкініш қой өмірімнің өткені...
Түсінбейтін... түсінбесін түктері,
Алдан шығар Ақындардың күткені.
Шебер Құдай өз қолымен қоймаса,
Мен өлеңге қоя алмаймын нүктені...
36
ОЙ ҰШҚЫНДАРЫ
Қайда менің көңілім алып-ұшқан,
Шала жанып отымның өшкені ме?
Табалайтын болдың-ау, тағы дұшпан,
Күйкі тірлік қамына көшкеніме.
Шығарып салып, ұзақ қысты мына,
Муза келді мұңайып, қайта маған.
Жердің асты - көңілсіз, үсті - күнә,
Сәби едім, ештеңеге байқамаған...
* * *
Сүріну мен жығылу өз басымда болған соң
Тентек болып жүрсем де, жылаушы едім,
толғансам,
Қамалымды алдырмай тас боп қатып
қалушы ем,
Жүрегімді ұқпайтын жауларымнан
қорғансам.
* * *
Өлең жазып қайтесің, азаптанып
дейді Анам жылауға, аз-ақ қалып...
Бәлкім мен бұл өмірде болмаспын да,
Алғанша мені бүкіл қазақ танып...
* *
*
Таусылып демі, күлкісі,
Өмірден қайтса бір кісі.
Ойларға ауыр батырар,
Ажалдың суық түр-түсі
37
• • •
Оңаша қалып ой кештім,
Отырмасам да тұғырда,
Жанымды ұқпай қойды ешкім,
Күрмеуі қысқа ғұмырда.
Көпті көрген қариядай,
Жалғызсырап күрсінем.
Ағыл-тегіл дариядай,
Қара жерге бір сіңем.
ТУҒАН КҮНІМ ТОЙҒА
АЙНАЛЫП КЕТСЕ ДЕ...
Көріп түрмын өмір, өлім арасын
Біліп тұрған сызықтардың қарасын!
Қызыл сызық... болсын қыздың маңдайы
Қара сызық... қарғыстың ол қандайы?!
Қара сызық сызық емес келесі
Қарқылдаған қарғалардың елесі...
Жұтқыны кең, жұдырықтай денесі
Қара қарға құстың жаман немесі!
Қара сызық... қара мысық емес пе,
Қайран қалам, қайдағы жоқ елеске.
Сағынышым шығар осы Сарысы...
Қалай болар екен өмір барысы?
Қалай болар екен әмір ағысы
Көз алдымда құстың қанат қағысы.
Көз алдымда Теңіз... сосын толқындар...
Сосын, қырдың қандыбалақ тағысы.
Сосын, сосын... аққу, аспан, ақ қайың...
Мен өмірге келуімді ақтайын!
...Туған күнім тойға айналып кетсе де,
38
Қара сызық барын есте сақтайын!
СЕН ТҮРА ТҮР
Ойларымды кезінде айта алмаған
Қатал уақыт, сен енді қайтар маған!
Менде бір тұлпарыңмын тағдыры бар,
Даланың кеңдігінен байқалмаған.
Шылбыр үзіп... шарқ ұрып кісінеген,
Қайран менің тұлпарым - кісі денем!
Сен тұра тұр! Қайталанбас қалпымда осы
Көрерге көзі жоқтың... түсіне енем!
ҚАСИЕТТІ МАҢДАЙ ТЕР
Арманымның ақ бозын қамшылаған
Қасиетті маңдай тер тамшылаған!
Ащылығың ұмытылып бара жатса,
Шаншиды кеп жүрегім шаншымаған.
Зейнет көрем терімді тамшылаған,
Тамшылаған ыстық қой тамшы маған!
... Маңдайыма біткен бір бақыт едің,
Өлең болып мәңгілік қалшы маған!
39
БАЛҚАНТАУ БАСЫНДАҒЫ
ТОЛҒАНЫС
Мен осында, өзім құдай ерікті
Байлық-мансап емес өлең беріпті!..
Сағынамын Балташұлы Ермекті,
Көргім келіп Сұңқар ақын Серікті!
Сағынамын біріңді емес, бәріңді
Ауылдасым Сауғабаев Кәрімді...
Көкірегіме қайтқан құстың үні еніп,
Мен отырмын Балқантауға сүйеніп...
Туған жерге сәлем жолдап биіктен
Жылап-ұшып барады олар күйіктен!..
Сол құстардың мүмкін бірі шығармын ,
Құсқа айналып кетсем ұшып... шыдармын!
...Барады ұшып мені жалғыз қалдырып!.*
Ақындарға ұқсас құстың тағдыры,
Сол тағдыры көзіме жас алдырып!..
Қимайтыным қайталанбас үндері,
Қимайтыным қайталанбас күндері!
Қимайтыны... жалғыз құс деп алданба,
Қимайтыным жетіп жатыр жалғанда!..
Өлең арнап қыршын кеткен досыма
Көзіме жас алуым бір осы ма?!
Қимайтыным жары кетті басқаға,
Қимайтыным жаутаңдайды жас бала...
Қимайтыным жігіт еді ол дарын,
Маған қайтып ұсынбайды қолдарын...
Қимайтыным қайран өмір өзіңсің,
...Қимайтыным сайран өлең-сезімсің!
...Жауып тұрған жапырақ па, қар шығар!
Мені де бір қимайтын жан бар шығар
Балқантаудың басы бір күн ағарып,
Сосын қайта үзіледі тамшылар!..
41
ТАБИҒАТТЫҢ ҚАТЕЛІГІ ЕКЕН ДЕП...
Қара жердің сезіп тұрмын салмағын
Ұмытам деп өзімді-өзім алдадым...
Алма беті албыраған сұлу қыз,
Өте шықты зар илетіп балдағын!
Қара балдақ сұлу қызды демеген
Бөлектеніп бара жатты денеден!
Бөлектеніп бара жатты дүние,
Бөлектеніп бара жаттың... сен өлең!
Осындайда қайтып, қалай қалғырсың
Көңіл шіркін қайтем сені.... алғырсың.
Табиғаттың қателігі екен деп,
Қайран қыздар, балдақтарын қалдырсын!
40
ЖАНЫМ АҒА...
Ағам Шәкеннің аруағына
Кетіп қалдың елу екі жасыңда,
Сенсіз қиын екен Аға расында!
Сені ажал алып кеткен Күні мен -
Өліп қалып... жатқым келді қасыңда.
Көзіміздегі тамшыларды құрғатып,
Уақыттың алдағаны жүр батып.
Жаным, Аға, Мен жетісіп жүргем жоқ,
Жетпейтіні сол баяғы бір бақыт...
КЕШ КЕЛГЕН ХАТТАР
Кеш келген хаттар,
Кеш келген хаттар -
... Көңілге мұң салдыңдар, маңдайға қатпар
...Жаумайды дейсің бе, жауады ақ қар -
аяулы шақтар, сыңсиды бақтар...
Сен жылама, жаным,
сағынышыңды айтып үзілме енді,
Толағай ойлар құшағында жүрер
күзім де келді.
Хаттарың сенің үзілген жапырақтардай -
барады ұшып, өкініш бар жүзімде менің...
42
МЕН СҮЙГЕН ӘЙЕЛДІ...
Махаббат жатыр ғой, жатыр ол жүректе,
Мен өлсем ілесіп барады ол түнекке
Мен сенен сұраймын, жалынам құдайым.
Мен сүйген әйелді мен үшін жүдетпе.
Жарай ма, құдайым, жарай ма, жарай ма,
Менсіз ол әйелдің қайғысы тарай ма?
Кездескен күндерім, бір болған түндерім
Бәрі де есімде, бәрі де бар ойда.
Бір қызбен, бір ұлды ойлады ол маған,
Жақсылық жасады дүниеде болмаған.
Мен сүйген әйелді құдайым қорғайды,
Қайталап оқиды хатымды жолдаған...
ҚҰПИЯ
Мың құбылган мінезінен пенденің,
Жерідім ғой таусылғанша мен демім.
Жүрегіме
үңілмеші, дәрігер,
Жүрегімнің таба алмайсың енді емін.
Қайғыңды үға алам десең өзің біл,
Маза берші, шаршадым мен, көз ілдір!
Менің қалай
ауырғаным - Құпия
Өлең жазып емін табам өзім бір!
Поэзияның сауықтыра алатын,
Қ¥ДІРЕТІН сезіне ме, бар Ақын?..
Алып - ұшып
бара жатса түнекке,
Құшағыңнан қашып шығам, Қара түн!
43
БІР КҮНІ ЕСКЕ ТҮСІРІП...
Мына мені
бір күні еске түсіріп,
Жылайсыңдар,
Тағдырымды түсініп.
Бұл фәниден Шындық іздеп жүргенде,
Алып кетті қанатына Құс іліп!
Алып ұшып
кетті Ол мені биікке,
Ақ Періштем қалай қисын күйікке!
Құдайменен
бірге жүрген жақсы ғой,
Жаным Сені үлгермедім сүйіп те...
45
ДАУЫЛ НЕМЕСЕ ЖҰМБАҚ
ҚЫЗ ТУРАЛЫ ЖЫР
Бұлттар көшіп барады лек-легімен,
Қаңбақ ұшып барады тілегі кем.
Келіп қалар
кезегім деп тұрғанда,
Орап алды бір Ару білегімен...
Аман алып қалған бұл сормаңдайды,
МЕН айтайын
Сен тыңда, Ол қандай-ды.
Ертегіден келді деп айта алмаймын,
Хор қызына алғысым жолданбайды.
Қайталап айтамын ба: ескіні не?
Қарадым да отырдым кескініне.
МЕН ғашық
болған сұлу қыздар аз ба,
ұқсата алмай қиналдым ешбіріне.
Дауыл оның оралып етегіне,
Қан жүгірді Адамзат бет-өңіне.
Ғайып болып
жұмбақ қыз бара жатты,
Еріп кетті жынды жел жетегіне....
44
ҮЗІЛМЕГЕН ҮМІТІМ БАР
Кеттің білем қайта оралып келмеске,
Қажеті жоқ алудың да енді еске...
Қаңтар менің
көз жасымды мұз етіп,
Келіп тұрмын екінші рет он беске.
Бір бұл емес, қайтып жұтып қалғаным,
Өткен өтті, бар ғой әлі алда Күн.
Үзілмеген
үмітім бар, алдаса -
Алдап кеткен шығар мені Арманым,
Арман алдап кеткен шығар, алдаса
Осалдығым емес шығар Ол да аса.
Кешірімді
бола білген жақсы ғой,
Жүрекке ауыр тиетіні болмаса.
Қараймын да отырамын Айға алыс,
Арманымды алып кетті қайда Қыс?!
Көрер қызық
алда шығар, өлмесем -
Тірілермен үзілмейді Байланыс!
Қателіктер... қателік кетті менен,
Су түбіне демейін кетті Кемем.
Кешірімді болуым-кемшілік пе,
Жақсы көріп Сол үшін кетті ме, Өлең?
Ғұмырдың қысқалығы мұң-қайғым бар,
Қысқа болса қайтейін, тыңдайын ба?!
Қарашада үзіліп жерге түскен,
Қайта көктеп жапырақ тұр Қайыңда!
46
БАҚЫТ ДЕЙМІН ЕСІМІН
Көңілдегі мұңымды көктем емес, қуған күз,
(Мен білемін екеуміз шындық деген руданбыз)
...Қай жақтарда жүр екен көктем іздеп адасып,
Қай жақтарда жүр екен бір мен үшін туған қыз. ,
Ай қара әйнектен қарай ма екен ол дағы,
Қарай ма екен мен бе деп, қарайғанға жолдағы...
... Есімді алған елестен есім кіріп келеді,
маңдайымнан сыйпалап тұрғандай-ақ қолдары.
Бақыт деймін есімін, Бақыт деймін елге мен,
Сенбейді тек сенбейді, махаббатқа сенбеген...
...Қай жақтарда жүр екен қиялдағы қыз - Бақыт,
Жылдар бойы жыр болып жүрегімді тербеген.
АҚМАРАЛ ДЕСЕМ...
Ақынның алар кейде есін,
Жүрек боп жанар мұнартып.
Ақмарал қыздың бейнесін,
Жырлаймын күнде құмартып.
Жырлаймын еске алам да,
Бақытқа толы шақтарды...
Махаббат керек адамға,
Жайнату үшін бақтарды...
Сен жаққа қарап кештерде,
Жылдарға өкпе артамын.
Ұқпайды мені еш пенде,
Ұқпайды мені, бар таңым...
Ақмарал десем орманда,
Аққайың жауап береді.
Туған ай толып болғанда,
Ақмарал саған келеді...
Достарыңызбен бөлісу: |