ТҰрсын жұмаш періште жыр кітабы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#7324
1   2   3   4   5

47

Әйнектің алған мазасын,
Ақ жаңбыр қандай тазасың.
Ғашық боп кейде дариға-ай,
Мөп-мөлдір өлең жазасың.
ТАТАР ҚЫЗЫНА
Өлең боп келсе атар күн,
Шығамын шыңға тым биік.
...Аққұба қызы татардың,
Көздерің қандай тұңғиық.
Көңілге кейде салар мұң,
Әндерді тындап өскен ем.
Арманға толы жанардың,
Жарқылын көрдім өшпеген.
Сәні ғой шіркін, әні елдің,
Әнімен елдер ұғысқан.
Сүйемін жырын Жәлелдің,
Сүйемін сені туысқан.
Даламды тербеп айтам ән,
Жылдардың жыр боп
өткенін,
Көктемде келші қайтадан,
Көгілдір көзді - көктемім.
48

ОТАНЫ БҰЛ ҚАЗАҚТЫҢ..
Елімді ойлап, ойлап оның ертеңін,
Тәттімбеттің тәтті күйін шертемін!
Ару деймін қазағымның қыздарын,
Батыр деймін қазағымның еркегін!
Бозторғайы қоймай-қоймай боздайтын
Шабытымның шарасы жоқ қозбайтын...
Жапондықтар сияқтанып бір күні -
Қазақ озып шыға келер... озбайтын!
Қанаттарым ұша-ұша талғанда,
Үмітімді жалғастырдым арманға
Жылап бара жаттым үнсіз,. мен бар ғой
ҚАЗАҚСТАН - тәуелсіздік алғанда!
Туған жердің топырағын уыстап,
Өлеңімді оқи алмай дұрыстап,
Қуаныштан есім шығып, қайтейін -
Мен көшеге шығып кеттім Ту ұстап!
О, туған ел, қасиетіңді тағы ұқтым,
Кеңдігіңе қайран болып қалыппын,
Қазақстан - Адамзаттың мекені,
Отаны бұл - ҚАЗАҚ деген халықтың!!!
49

ЖЕЛТОҚСАН ТРАГЕДИЯСЫ
Алматының алмасы үсіп кеткен,
Желтоқсанда жүрегім қысып кеткен.
Өзегімді
Өртеудей
Өртеп алып,
Менің қайғым ішіме түсіп кеткен.
Көшесінде болмадым Алматының,
Ауылда едім, ауылда қалды ақының.
Көз алдында
Әлемнің жұрдай болды -
абыройы партия солдатының!
Еркек болып туғаным осы ма деп,
Мен ұрыстым өзіме, досыма кеп.
Өлгім келді
асылып... мұсылманға -
Шейіт болу кәпірше, тосын әдет.
Қалш-қалш етіп қолыма пышақты алдым -
Атылғым да, келді рас, пышақталғым.
Құлағыма
сәбидің үні келіп,
Жылап тұрып, қызымды құшақтадым.
Құшағында баламның аман қалғам,
бір сүйеніш таба алмай жамандардан.
Балқантаудан
Алатау көрінбейді,
Көрінбейді ауылым, далам қардан...
51

ҚАРСЫЛЫҚ
"Бұл өлең 1989 жылдың тамыз айында жа-
зылған еді. Әттең сол кезде, ауданға американ-
дықтар келген кездесуде оқытпады..."
Радиация құрбаны Кәріпбек қылқаламды тісімен
тістеп алып, қинала сурет салғанда ол маған
зорлық-зомбылыққа, әділетсіздікке, көпе-көрнеу
қорлыққа қарсы тұру белгісі болып елестейді".
Автор.
ХХ-ғасырды бұл дәріптеп,
Өлең жазар аусар емен мен енді,
Бүкіл әлем көрсін сені Кәріпбек,
Көрсет, қолсыз жаратылған денеңді!

Көрсет, көрсін сонау алыс Мәскеуде,
Бізді адам көретіңдер бар шығар.
Жанды мүсін сияқтанып жас кеуде
Көздерімнен үзіледі тамшылар...
Болашаққа көз жібере аламын,
Бабалардың ұлылығын дәріптеп.
Қасіретке толы осынау даланың
Қарсы тұру белгісі, ол - Кәріпбек!
50

СОҢҒЫ ӨЛЕҢ ТУРАЛЫ ОЙ
Кеудемнен ұша алмай жатыр құсым,
Жазып кетсем арман жоқ ақырғысын...
Туған жер емес енді аспан барып,
Қиялым-ау, қиналып жатырмысың?
Мен үшін түсті досым арашаға,
Мен осы қалай жеттім қарашаға.
...Жүрегім мәңгі тоқтап қала жаздап,
Көз алдымнан кетпеді бала-шаға.
Аққайыңдар, аман-сау тұрмысыңдар,
Қайта көктеп шығуға тырмысыңдар.
Туған жерді бір көру арман еді,
Менің алда ауырлау тұрмысым бар.
Мен өлгенше болсыншы құсым аман,
Ұнамайды бұл жылдың қысы маған.
Өкпемді оқ тесіп кеткендей бір
Күнім жоқ маңдайым ысымаған.
Мен ақынмын, өзгеше, өзім білем,
Күндер өтіп, бір күні көзімді ілем.
Қабіріме аппақ қанат құс қонып,
Ақындықтың қасиетін сезіндірем.
53

ТОҒЫШАРҒА
Аппақ нанға майды жағып жегенмен
Қара жүрек ағармайды,  д е г е н м е н . |
Туған жердің
суын ішіп шөлдесем,
Бір Алланың айтқанымен келем мен
Ақ бесікке сүйеп едім басымды,
Сәби күнім көзіме оттай басылды...
Адастырып
бара жатса дарыйсыз,
Мен өзіме тартып алам Асылды!
Қара жүрек-қайырымы жоқ, қайғысы
Нанға жағып жей беріңіз майды СІЗ
Креслоны
қызғанбаймын, алайда -
Сол отырған орныңызға саймысыз?..
Түсініксіз Өлең жазып Бүгінде,
Түсінікті болармын-ау, түбінде!
Ал Сен бар ғой
аппақ нанға май жағып -
Креслоңда отыра бер, бүлінбе...
52

Д. БРУНОНЫҢ МИКРОМОНОЛОГЫ
Тұрмын ба, жылыұшырап көздеріңе,
Тарихтан таныспын ғой өздеріңе.
"Жер-Ана дөңгелейді Күнді айналып"...
Отқа жақты мені олар
күлге айналып,
Қай тудым... От болып тіл байланып!
Арамызда түсініксіз байланыс бар,
Лап берсем, мені адам қайдан ұстар,
Қызықпаймын адамның денесіне,
Өртенгендер алады мені есіне!
ӨЛЕҢ ҚАЛУ ҮШІН МЕН
Жүректері мың сан қабат қамалдайын,
Жаны ашымас олардың амалдайын.
Барлық жылы ағысқа қосылып бір
Есейін де тұрайын самалдайын.
Өлең қалу үшін мен күнде өсейін,
Тылсым жұмбақ күшімен тілдесейін.
Сағыныштан кеудесі күйіп ұшқан,
Биік ұшқан құсыммен үндесейін»
Аман болшы, ақ -құсым бір сен дейін,
Қиындау бұл тағдырым білсең дейін.
Жердің үстін жылытып көріп едім,
Жердің асты жыли ма кірсем кейін.
54

БОРАНДЫ КҮН
Боранды күн, боранды күн, боранды -
Қыз көрпеге, ақын отқа оранды...
Қыз күрсініп кімді есіне алды екен,
Ақын мәз боп ойларына орамды,
Боранды күн, боранды күн, боранды.
Жерменен Көк көрінеді бүтін боп,
Жерменен Қөк елестейді түтін боп.
Қыз ұйқыда. Ақын отыр ойланып,
Әйелі бар, жасамайды күтім көп,
Жерменен Көк көрінеді бүтін боп.
Аққағазға жорғалайды қаламсап,
Жыр тудырар шырын сәтін тағы аңсап.
Ақын отыр... Қыз түсінде жылайды...
Боранды күн көңілдерге алаң сап.
МИКРОЭВАКУАЦИЯ
Атып тұрам, ұйқы қалып, ет қызып,
Жер астынан сұмдық үрей жеткізіп.
Бір жойқын күш тербетеді үйімді
Кітаптарды, төсек-орын киімді...
Тербетеді жақтау, төбе, есікті
Кіп-кішкентай сәби жатқан бесікті.
Төрт қабырға тірлік құрған мен сеніп,
Әлсіздігін мойындайды теңселіп.
Егер адам кең әлемге шықпаса,
төрт қабырға болмайды екен мықты аса.
...Жанарында үміт-үрей алмасып,
деді әйелім: "Жүр далаға, қалма, шық"
Қыл үстінде тұрса өмір азапты
Мен осындай көрдім қанша мазақты!
Құдіретің асып тұр ғой. Полигон,
Құдіретің басып тұр ғой Қазақты...
55

МҮМКІН ЕМЕС
Көрсете бермеңдерші суық пішін,
Жүрегім ақын болып туыпты шын.
Қатар жүрген қайғысыз кей адамнан
Биік ұшқан ақ құсым жуықпысың?
Айта-айта жалықтым ай, күн барын,
Ақын болып туған соң қайғым барын.
Сальери ұсынған шарапты ішіп,
Кім біледі өлерін қай күн дарын.
Айта-айта жалықтым таза ақын деп,
Бұл өмірге қонақпын аз-ақ күн деп.
Қара жердің түскенше түнегіне
Қара дүрсін ойлардан азатпын деп.
Аппақ қарды ақырын уыстаймын.
Аппақ қар деп сұп-суық су ұстаймын.
О, адамдар, мен осы сендерге емес,
Аппақ қанат құстарға туыстаймын.
Көзім алды қара орман, дүркін елес.
Қара орман дегенім құлқын егес.
Құсқа айналып шынымен кетсем ұшып
Қайта оралып қонуым мүмкін емес.
56

АҚЫН РУХЫН ІЗДЕМЕҢДЕР...
МОЛАДАН
Мен бір күні Балқантаудан асқанда,
рухым ұшып кетер сіңіп аспанға,
Бүтін денем бөлектеніп өзінен
Ғайып болсам Адамдардың көзінен,
Құтылармын деп ойлаймын сөзінен...
Құтылармын деп ойлаймын алайда,
Жалғыз өзім адасамын қалайда.
Құстар болса мен солармен үндесем,
Жұлдыздардан көзіңді алмай түнде Сен
Жалғыз өзің күйіп-жанып төсекте
Төтеп бере аласың ба өсекке?!
Кездескенше жанымды ұғар туысым
Мен армансыз кезем аспан қуысын
Біреу ұғып, біреу мейлі ұқпасын
Ақындардың рухы осында мықты-асыл!
Аспан болса Ақындардың мекені
Белгілі ғой кімдер құдай екені!..
Көретін де шығармын-ау, талайын
Олар мені қабыл алса қалайын!..
Аяулы ақын Мұқағали осында,
Осында ғой Шәкәрім мен Абайым!
Пушкин тірі... Лермонтов қасында,
тірі бүгін Сәкен, Мағжан, Қасымда!
Саңқылдайды Айбергенов Төлеген...
Ақындардың рухы өлмейді расында!
Мүсін болып құйылса да қоладан,
Ақын рухын іздемеңдер моладан:
Ақындардың мықтылығы - Құдай-Ол,
Ақындардың осалдығы... ол - Адам!
57

Астана алыс, Аспан алыс, алыс Қыр,
Сырласатын көрінбейді-ау таныс бір!
Ей, Алтын Күз, Сері Тұрсын мен болам,
Балқантаудың Қорланымен таныстыр!
Әлі күнге естімеген атымды,
Қ а н д а й  Қ ы з Ол,  о қ ы т ш ы оған  Х а т ы м д ы !
Б а л қ а н т а у д а  Қ ы з  т у м а с а  Қ о р л а н д а й ,
Бұл топырақ қалай туды Ақынды?!
Хатымды  о қ ы т ,  о қ ы м а с а  т а ғ ы ұсын,
Қ а й т е р  е к е н ,  қ а й р а п  к ө р ш і  н а м ы с ы н !
Қ ы з - Қ о р л а н ы м  қ о р  б о л м а с а болғаны,
Мейлі мені  т а н ы м а с ы н ,  т а н ы с ы н !
***
С е н і ң  к ү л к і ң  қ ы м б а т  м а ғ а н  А л т ы н н а н ,
Алла мені  а қ ы н етті, емші ғып...
Мен көрмеген... Маған  қ ы м б а т
қ а л п ы ң н а н ,
періште  д е таба  а л м а й д ы  к е м ш і л і к !
Сені  м е н і ң  с а ғ ы н ы ш ы м емдейді,
Мүмкін Ауа,  м ү м к і н Алла  а р қ ы л ы .
Сені  к ө р м е й  м е н і ң өлгім  к е л м е й д і ,
Қ а н д а й  ж а м а н  қ а р ғ а л а р д ы ң  қ а р қ ы л ы . . .
***
Н е өңімде,  н е түсімде  к ө р м е г е н ,
Қ о р л а н ы м - а й ,  ж о л ы ғ а м ы з  қ а й Күні?
Э р м и т а ж д а н көрінбедің,  к ө р м е д е н ,
Көтере  а л с а м  ж а қ с ы ғой бұл  қ а й ғ ы н ы .
Жүрегімді  ш а р а п ішіп  у л а с а м ,
Қабіріме  қ ұ л а й с ы ң ба өкіріп?...
Мен  т у ғ а н  Б ұ л  т о п ы р а қ т а  т у м а с а ң ,
Менің  а қ ы н екенім  д е өтірік!
59

ҚОРЛАН
"Миымдағы қиялымның қолымен"
(Ж. Жақыпбаеө) мен Сені осынау жарық дүниеге
өткен жылдың алтын кузінде тудырған едім,
аяулы Қыз-Қорлан... Зымырап күндер, жылжып
айлар өткен сайын Сен мен үшін қыбырлаған
пенде баласының көзбен ішіп-жеп, қолмен ұстап
тамсанып - тамашалауына көнбейтін Музадан
он сегіз мың ғаламның ең бір сырлы да назды
жұмбағына айналып
барасың... Бір қызығы осы топтама жазылып
біткен өткен күздің жаңбырлы бір түнінде Сен
түсіме кіріп едің-ау.. "Қош бол" дедің маған
"Мен енді өз ел-жұртыма - АСПАНҒА
қайтамын, жабырқама" деп ғайып болып бара
жаттың...
Оянып кетсем, жанарым жасқа толып, кеу
демді өксік буып жатыр екем... Арамыз тым ал-
шақтап кеткендіктен болар, көп ұзамай қатты
ауырып, ауруханадан бір-ақ шықтым...
АВТОР
Қатып қалған қағиданың қалпын бұз,
Махаббаттың кереметін бол, ұқтыр!
Қорланыма жолықтырсаң, Алтын Күз,
Мына жарық дүниеде жолықтыр!
Мені іздеп жүрген шығар Ол - дағы,
Сағынышы түнде қірпік ілдірмей.
Қолдарыма тиіп кетсе қолдары,
Жылар едім тірі жанға білдірмей...
* * *
Ойлар келіп мазалайды не түрлі,
Жапырақтар сырғаларың секілді...
Күздің суық тамшылары сүйеді,
Көптен бері Қыз сүймеген бетімді!
58

Жаздан шығып, жеттім Күзге мен есен,
Саған арнап жыр маржанын көп тердім.
Көзіме бір көрінбейсің Неге сен,
Төлегенсіз Қыз-Жібекті көп көрдім...
***
Қорлан менің оқыдың ба, Хатымды,
Өлеңдерім көзіңе оттай басылып.
Қорланым-ай, Сендей қыз жоқ ақылды,
Асықпайсың, ал мен жүрмін асығып.
***
Қорлан, Қорлан, Қорланым-ай,
Қорланым,
Сенсіз алға баспай қойды ісім бір.
Рас болса бұл дүниеде болғаның -
Маған қалай жолықпадың түсіндір?!
***
Аспанымды шарлап қайттым мен кеше,
Түні бойы көше кездім тынымсыз.
Көрінбедің... Жоқ болғаның ендеше -
Ирангүлдер арасында бұрымсыз...
Саған арнап Өлең жазып, айтам Ән,
тауға кетем таң алдында оянып,
Қазір Күз ғой, Көктемде де байқағам,
Табиғат та тұрады екен боянып!
***
Шықтым бүгін Балқантаудың басына,
Сенсіз өмір бара жатыр бүлініп,
Көрінбейтін Құдай келіп қасыма,
көп қарады жанарыма үңіліп...
Қайда жүрсің, адамым-ай, ең ізгі,
Жұдырықтай ақын жүрек ат ұрып...
Мен де жақсы көруші едім Теңізді -
Мүмкін Сені Нұх пайғамбар шақырып...
61

***
Біз туралы ғажап аңыз тарайды,
Біз туралы айтады Олар асырып...
Көрінбеші... көрінбеші... жарайды,
Ақ жүзіңді жүре берші жасырып.
Осы Сенен неге бір Хат алмаймын?
Бір хат жазшы мына мені түсініп.
Мен Сені емес. Мен өзімді алдаймын,,
Көрінбейтін... Сені есіме түсіріп!
***
Сені ойласам кетем мүлде өзгеріп,
Аспандағы Алламен де тілдесем.
Жылдам естіп. Қатты күліп, тез көріп
Отыратын көріпкелмін, білмесең...
Махаббатқа сенбейсің бе, сенбесең -
Жүрегімнің ішіндесің - бөліп көр!
Сені ғана емдей алам, емдесем,
Сені ғана көретін мен Көріпкел...
***
Орындаймын мейлі менен не тіле,
Көрейінші Отқа, Суға түсіп бір!
Ай сәулесін түсірмейін бетіңе,
Жанып кетпе, алақаным ысып тұр!
Мен қандаймын, көзіме бір қарап қал
Сеніп қалма, Менен басқа пендеге.
Біз ішпеген неке суы - Шарап бар,
Мені Хафиз, Хаямдардан кем деме...
***
Құдай Сені көрсетпесе көзіме,
Көрсете ме қанатына Құс іліп?
Қорланым-ай, жылап өлең-сөзіме,
Жүрсең болды мені есіңе түсіріп.
60

Уақыт өтеді, өтеді-ау тоқтамай,
Үлгерсем болды тек айтуға...
Өмірден өтермін. Өмірден өтті Абай,
Ол жақтан болмайды қайтуға...
***
Жылағаның жүрегіме тұр батып,
Аспан жаққа кетейікші, асып Қыр.
Көз жасыңды қолдарыммен құрғатып,
Кең кеудеме тұрайыншы басып бір!
Қара көйлек ақ жүзіңе жарасып,
Көлеңкеңнен көрінеді пәктігің.
Аспаннан да кетейікші әрі асып,
Сәрсенбінің күні бүгін - Сәтті күн!
Жұлдыздарды шашайықшы уыстап,
Айды да бір таңдырайық есінен -
Ойланбайық, ойнайықшы қуыспақ
Махаббатсыз қызық Өмір несімен?!
***
Жаным, Сені сүйе алмаймын Пендеше,
тиын санап, гүлін бұлдап сыйлаған...
Адам-Ата, Хауа-Анамыз еңдеше,
Қайта кетіп қалсақ екен, қиналам...
Білем Сенің көңілінде бір мұң бар,
Маған ба, әлде, жүрсің кімге өкпелеп?!
Бізді қалай, қайдан ұқсын тұрғындар -
Біздің ойлау жүйеміз де көп бөлек...
***
Мен бір апта азап шектім, аз күлдім,
Қоштасарда мені бекер жазғырдың.
Мені тірі жүрсін десең, түсінсең -
Маған лайық бір ауыз сөз, жаз құрбым!
Ақындарға жарасады ірілік,
Қандай бақыт жүрсе бірін-бірі ұғып.
"Ұмыта алмай жүрмін Сені" деп жазсаң -
О дүниеден оралар ем тіріліп.
63

Сен мен үшін айналдың ба елеске,
Қорланы жоқ мына Тұрсын - серінің!
Бұйра толқын бұрымдарың емес пе,
Тұзға айналып бал татыған ерінің...
* * *
Сырымды айтып жатыр өлең ашып бар
Тәтті сезім жүрек қылын шертеді.
Бір-біріне қосылмайды ғашықтар,
Шын махаббат болса да Ол - ертегі.
Төлеген жоқ, Қыз-Жібектің бары анық
Қорлан, менің құлақ қойшы сөзіме.
Аққу-қыздай сыланып бір таранып,
Көрінбейсің неге менің көзіме?
Балқантауға қайта оралып Күз келді,
Қол ұстасып кетейікші асып қыр.
Ақ қайыңдар көріп мына біздерді,
Қуаныштан теңгелерін шашып тұр!
Жапыраққа айналыпты теңгелер,
Алла демін сіңіріпті Ауаға.
...Бізді неге ұнатпайды пенделер,
Айтыңдаршы, Адам-Ата, Хауа-Ана!
Аспан жаққа серуендеп қайтайық,
Қарағым-ай, қабағымыз ашылсын.
Армандайық, Әдемі әндер айтайық -
Бұлт ішінен күміс күлкің шашылсын! 1
Көз жасымыз көзімізден бұршақтап,
Ғалам бізді ғажап ойға қалдырсын.
Бұл Әлемді бір құдырет тұр сақтап,
Біз кетейік, ол ұйқысын қандырсын...
***
Көгілдір тауларды көрдің бе, қарашы,
ай жақын, Айнам-ау, алыс Күн.
Өрт шығып кетпесін... ақырын тарашы,
Шашыңның ұшында бар ұшқын...
62

***
Сеніменен аталмай қатар атым,
Қор болдым-ау, Қорланым, махаббатым,
Халықтың аузында бір аңыз бар -
Екеуміздің атымызбен аталатын.
Түсіріп бір ғажайып күйге мені,
Күйдіріп қиын болды-ау, сүймегені.
Жұлдыз щығар, қолыңда жүзік болса,
Күміс шығар, болса егер түймелері.
***
Қорланым-ау, арман құсым көктегі,
Қол созып ем, қолым саған жетпеді.
... Біз екеуміз жүрген жерге шөп шығып,
Сенің қолың тиген ағаш көктеді.
Сен туралы сенемін бар Аңызға,
Тазалық пен Адалдық арамызда.
Біз Олардың қателігін кешірсек -
Олар біздің тұз сеуіп жарамызға...
***
Махаббатты түсіріп сергелдеңге,
Кетіп, қайта оралдым Елге менде...
Мен Ақын болмас едім, дүниеде -
Қыз-Қорланның барына сенбегенде.
Өтіп жатыр... бұл өмір тоқтасын ба?!
Ойран болған ойларым көп басымда.
Әйтеуір, жүрмегенің анық Сенің -
Көп әйелдің бірі боп От басында.
Көрсетпей... көзден жас ағызғанда,
Болжаусыз ұрынып тағы ызғарға...
Мен кетсем де, Өмірде сен қаласың -
Сен туралы мен жазған аңыз барда!
64

ҮШІНШІ БӨЛІМ
ҒАРЫШ ЖАҚТАН КҮЛІМСІРЕП
ТҰР АҚЫН
Есен-аман жүріңдерші бір сендер,
Қайта оянып, көздеріңді ілсеңдер—
Ғарыш жақтан жымыңдайды
бір ЖҰЛДЫЗ
Өлең үшін туғанымды білсеңдер.
65

да, түндерде жымыңдаған жұлдыздарға да
қараймын, бірақ Папам көрінбейді.
Біз үйде екеуміз: мен және інім Медет. Еке-
умізді де бетімізден қақпай, еркелетіп, бауырым-
ды кіші болғандьіқтан ба, жанынан қалдырмай
ертіп жүрді.
- Медетім менің Медетім,
Сезімтал болдың неге тым?
Жанымнан бір сәт кетпейсің,
Сөзімді екі етпейсің, - деп жазып еді-ау.
Бос уақытында Балқантаудың басына шыгып,
мұңын, сырын шертіп келуші еді. "Табиғат қана
мені түсінеді, мен табиғатты түсінемін" деп тау-
да туған тасқынды ойларының өсерін өлеңге
айналдырып отыратын.
Менің әкем аз ғұмыр сүрсе де артына
өлеңдерін өмірінің жалғасындай етіп қалдырып
кетті. Өлеңдер - біз үшін жарқырап тұрған жұ
лдызбен тең, мәңгі жанымызды мол шуаққа
бөлеп тұрады.
67

ЛӘЙЛӘ ТҰРСЫНҚЫЗЫ
"САҒЫНДЫМ ӘКЕ, ДАУСЫҢДЫ"
"Өмір деген осы екен ғой, осы екен ғой" деп
папа өзің өмірден кеткелі бері көкейімді осы бір
сөз өртейді де тұрады. Жүре беретіндей, мәңгі
бақи өлеңдерін оқып қуанып, күліп, кіріп келе
жатқандай елестейді де тұрады.
Папамның өлең жазып отырған кездегі бейнесі
әлі көз алдымда. Қайсыбір ойын қағаз бетіне
түсірсе де бір орнында тағат тауып отыра алмай,
ерекше күйге бөленуші еді-ау.
Папам кітапты көп оқитын. Талдау жасап,
пікірін айтатын. Әсіресе ақындарды жақсы
көретін. Абай өлеңдерін толғанып оқитын. Сол
сияқты М. Мақатаев, Ж. Жақыпбаев, Е. Рауша
нов, С. Есенин, А.Ахматова, М.Цветаева,
С. Ақсұңқарұлы тәрізді ақындардың шығармала
рын қолынан тастамайтын.
Мен папамды жай ғана ақын емес, көріпкел
деп білем. Өйткені ол өзіннің "басқа ауылға" ке
тетіндігін маған бір жыл бұрын айтқан-ды.
"Ләйла, мен 1995 жылы маусымның ортасында
"шетелеге кетемін"деді. Ал өзінің қайтыс болары-
нан үш күн бұрын мұны маған тағы қайталады.
Қайдан сезейін, аяулы әкемнің жарық дүнием
қимай жүргендігін.
Папам небәрі 36 жыл өмір сүрді. Оның жүрген
жүрісі, сөйлеген сөзі, әзілі, еркелеткен кездері
көз алдымда, бірақ. қанша көруге тырысқаныммен
көре алар емеспін. Оған деген сағынышын
күннен-күнге жүрегімді мазалайды. Ұшқан құсқа
66

МЕНІҢ ДРАМАМ
Тар көрініп қара жер үсті маған,
Кешір, ана, азапқа түсті балаң.
Қайда барсам, алдымды орап осы,
Қарап осы тұрады сұсты ғалам.
Жерден емес, жерідім табансыздан,
Шеңбері тар Шебердің маған сызған.
Түні бойы жыр жазып өмір сүрем,
Күні бойы күлемін амалсыздан...
Қайыры жоқ киімнен үстімдегі,
Құтылуға асығам... қыстың лебі...
Дауысымды ілестіріп кетті қанша,
Сағындырып жететін құстың легі.
Орман шулап, көз алдым тұманданып,
Өлең жазам қайтадан... мың алданып.
Ақсұнқардың Серігін оқимын да,
Қайта оқимын қолыма "Құранды" алып...
Кешір мені, ару күн, асыл ана,
Өстіп жүріп, өксігім басыла ма.
...Жердің үстін бір жұлдыз жарқыратып,
Ғажайып Әлеміне асыға ма?..
БІР КӨЛЕҢКЕ
"Көлеңкеден дір еттім жас үзіліп жанардан"
С. Ақсұңқарұлы
Туған жердің сүйеніп терегіне,
Тұрмын үнсіз егіліп, керегі не...
Бір көлеңке соңымнан қайта ереді де,
Асылымды жүреді тереді де.
Сансыз сауал, сұранып миымдағы,
маған осы басылу қиындады,
Бір көлеңке соңымнан қайта ерді,
Бір уыс топырақ құйдыдағы.
69

ҚАЙРАН АҒА...
Жұматай ЖАҚЫПБАЕВҚА
Ғұмыр бойы шаршап күткен таңы атпай,
Өкініші алды-артына қаратпай...
Ғарыш жаққа кетіп қалды Жұматай,
Көпшіл еді, міншіл орта жаратпай.
Өлеңшінің қайғысы кем, басы аман,
Жұматайлар ұнамайды аса оған...
Бір әдемі Ақын ұшып барады,
Ақын да бір періште ғой, Жасаған.
Бүгінінен қызық еді-ау ертеңі,
Жетімсіреп Зайда бір күй шертеді,
Ғарыш жақтан күлімсіреп тұр ақын,
Бізге жұмбақ, аруларға ертегі.
Көзімде жас, көңілімде нала-мұң,
Кереметі жарқ етті ғой даланың.
Түнде ғажап түс көрдім мен, түсімде
Алатауға қарай кетіп барамын...

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет