ТҰрсын жұмаш періште жыр кітабы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата03.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#7324
1   2   3   4   5

ТҮС КӨРЕМІН
Есенғали РАУШАНОВҚА
Құлақ қойып жүремін құс тіліне,
Жылап қойып... қайтқанда түстігіне.
Жақсы күндер жалт беріп көрген түстей,!
қаңтар келіп қалың қар түсті, міне.
Мейлі енді апталап қар борасын,
Қар жамылып қалмасаң, бар боласың!
Түс көремін... Түсімде құс көремін,
Құс келгенше, сен - өмір
э
 тар боласың..!
68

ҚАРАЙЫП ЖАЛҒЫЗ ОТЫРМЫН
"Көзіме қара, мұңым бар".
Мұқағали
Кел, кел аспан, кел, аспан,
Балқантау биік мен асқан.
Бұлтыңды қара, бұлтыңды,
Қуам деп көңіл ұмтылды.
Қуа алмай, көзге мұң тұнды.
Қуантсам деп ем жұртымды.
Ақпанда мынау, ақ таңда,
Тірілер ұйықтап жатқанда.
Қарайып жалғыз отырмын,
Қасқырдай түскен қақпанға.
Айқасып кетсе кірпіктер,
Санамды шабыт түртіп көр.
...Сәл қалғып алып саңқ етіп
Самғайды қыран-бүркіттер.
70

МЕНІ ДЕ ЖҮР ЖАРАЛАП
Жаралы құс
Қанаттарын жатты ұрып,
Қара жерге тым қатты.
Өз денесін өзі құзға лақтырып,
Көз алдында күн батты.
Ертең өліп
қалатындай жүремін,
Туған жерді аралап,
Аппақ құстың жараланған жүрегі
Мені де жүр жаралап...
Көңіл толмай, тірлігіме өзімнің,
Мағынасыз көрінеді манағым.
Көрмейтіні қалмаған соң көзімнің,
Қайтып тірі қаламын.
71

ӨМІРГЕ ҒАШЫҚ ЖҮРЕК
(Элегия-монолог)
Мен кетемін Өмірден тымық таңда,
Мені ойлауды сен бір түн ұмытқанда.
Мен кетемін...күлімдеп Күн шығады,
Күнмен бірге күрсініп үн шығады.
Мен туралы ойлама, жырақтанба,
Қара шәлі жамылып, жылап таңда,
Қабіріме келмегін, гүл екпегін...
Қабірімді құшпасын білектерің.
Саған деген Махаббат жүректегі -
Сенде қалсын, ең соңғы тілектерім.
Сенде қалсын дүние-мүліктерім,
Мен өмірде жүрмедім, күліп тегін.
Алтын, күміс жүректі жылытпайды,
Мен қашанда байлықты бүлік дедім.
Сен менің шыдай алмай, тасқыныма
Ақырында қара жер басты мына...
Жердің үсті жарқырап тұрғанымен,
Қара түнек екен-ау асты мына.
Кім періште дейсің-ау, кімдер пенде,
Нұр жаусын жанымды ұға білгендерге.
Бұл жалғанды қиналып, қимасам да,
Көзім алды таң ата түрленгенде.
Өлең жаздым... өлмеуге тырыспадым,
Құдайға қарғыс айтып ұрыспадым,
Төсегімді қайтадан жайлап салып,
Басымды құбылаға дұрыстадым.
72

Ақ самал тұрушы еді есіп күнде,
Ашылғанын сезбедім есіктің де...
Анамның ақ жүзіне қарайладым,
Құлағыма жетті үні бесіктің де.
Көз алдымда Балқантау теңселеді,
Неткен асқақ, айбынды, енселі еді.
Мен де солай Өмірден өтсем керек,
Өтпей тұрып, сен маған келсең еді...
73

ТҮНГІ ОН ЕКІ
Пенде едім кеше тағдырдан тақыр
түңілген.
Бір өлең жазып қуанып жүрмін бүгін мен
Түңіліп жүріп түлеген қыршын түлекпін,
Түнектен алып ұшқанда мені бір екпін -
Мен өліп кетсем, Шындықты айтып
шыңғырып,
Солқ етіп қайта соғуы мүмкін жүректің.
Көңілден күмән тарқамай шегіп темекі,
Көк бұлттың ішінде отырмын: түнгі он екі.
ӨМІР ЖАҚСЫ
Ауырады жүрегім... таза білем,
Жылдарымның болды ма, мазағы кем.
Өлім деген немене, Өмір жақсы,
Өмір жақсы осындай азабымен.

Өмір жақсы, өйткені Күн бар мұнда,
Ажал оғын атады кім дарынға...
•••ДҮР етіп ұшып кетті көгершіндер,
Қарғаларды үркітіп тұрғанымда.

74

ЖҰМАҚ
Қайтемін енді басқаны,
Қайтқан құс келе бастады.
Бұрымды қыздар бұрылып.
Көзімді ашып тастады.
Тауым тұр мүлгіп, мұнартып
Шырайлы шырша, шынар тік...
Өлмейтін шығармын құмартып...
ҚҰЛПЫТАСТАҒЫ ЖАЗУ
"О, адамдар. Мен отыздан аспаймын,
Тәнім суып кеткен құлпытастаймын.
Қайран өмір, сені көру бір арман,
Қара жерді қалай сілкіп тастайын".
75

ДҮБІР ЖАҚЫН ДЕГЕНІ ОЛ
Жаныма жақын осы ақын - дала,
Жанымды қайдан ұқсын қатын-бала.
Сен жылап қаласың-ау, қалғып кетсем,
Сен жылап қаласың-ау, ақылды ана.
Жаныма жақын, осы, маған дала,
Жанымдай жақсы көрем, жамандама.
Түсімде Мұқағали күбір етті,
Дүбір жақын дегені ол, алаңдама.
СЕЗІМ ҚҰПИЯСЫ

Мен өзімнен қорқамын, қауіптенем,
Көшіп келем, бұлттардай ауып келем.
Табанымнан таусылып жүргенімде,
Қабағымнан мені іздеп... тауыпты өлең.
Қорқып тұрмын Ойлардан басымдағы,
Қорқыныш қой, бұл он төрт жасымдағы,
Содан бері он алты жыл өтсе де,
Бірге жасап келеді, басылмады...
МИСТИКА
Айналып ұшып қонбайтын жерге құс
көрсең,
Қайдағы түсіп есіңе сосын түс көрсең,
Ол менің мәңгі өлмейтін Рухым екені,
Қиналып кетіп... қия алмай жүрген мекенін
Айтайын саған қонуға әзір емесін,
Рухтардың қазір мүмкін бе көру денесін,
Мені іздеп бір күн Балқантау асып
жоғалсаң,
Аяулым, сені адасып өлді демесін.
76

***
Өмірімді алам кейде қиындатып,
Жүрем сосын көп ойдан миым қатып,
Сарыарқаға ұқсас бір мінезім бар,
Дауылдатып алатын, құйындатып.
***
Жапырақтағы тамшылар,
Жанарыма жүр сіңіп.
Тамшы деймін... қан шығар...
Ауырамын түршігіп.
77

Ж А Н А Р Ы М Д А БІР ҮМІТ БАР
ОЙНАҒАН...
Жеткізер ме бұл көктем күзге мені,
Жаз ұқтырып кетеді бізге нені.
Түні бойы жүрегім жылап шықты,
Жер бетінен табылмай іздегені.
Кезімде бұл өмірден алшақтаған,
Маған үнсіз қарайды он шақты адам.
Көзімді ілсем болғаны сені көрем,
Қап-қара көздеріңді моншақтаған...
Тереземнің алдында алма бағы,
Алмасы жоқ тірліктің бар ма мәні.
Жарығына телміріп жарықтық Ай,
Сағындырып Мақпалдың салған әні.
Кетіп барам таңдарға арайлаған,
Жанарымда бір үміт бар ойнаған.
...Мен саған еш қиянат жасағам жоқ,
Сен де маған жасама, жарай ма адам?
БОЛА АЛМАСПЫН
Мен сенің бола алмаспын қара есегің,
Солай етпек сенің бір бар есебің.
Туған жерде қуылып жүр демесең,
Мен де бір ақын жүрек Тарас едім.
Не табам сендейлермен жағаласып,
Қайтейін, қиянатың барады асып,
Мен саған жүрегімді көрсетіп ем,
Қателесіп қалыппын қара басып...
79

КҮЗГІ  О Р М А Н  І Ш І Н Д Е
Жапырақтар жауып тұрған,
Күзгі орман ішінде,
Аққайыңға сауық құрған,
Жиі барам түсімде.
Дөңгелейді далам дәйім,
Ай сәулесі жолымда.
Саған келдім дара қайың,
Бір шумақ жүр жанымда.
Сенде болмас жазық тіптен,
Аманбысың, қалайсың,
Әлемде жоқ нәзіктікпен,
Маған үнсіз қарайсың...
Қара қарға қарқылдайды,
Түсімді де қызғанып.
Балта жүзі жарқылдайды,
Өтермін деп сызданып.
Саған қарап тұрам күліп,
Түсім бе бұл, қалқашым.
Қорқамын мен бір әңгүдік,
Қайрап жатса балтасын.
Жапырақтар жауып тұрған,
Күзгі орман ішінде.
Аққайыңға сауық құрған,
Жиі барам түсімде.
78

КҮНДЕРІМ
Ғашық болған күндерім-ай, күндерім
Менен асқан болды дейсің кім керім.
Қос шумақтай қос із қалып ақ қарда,
Көкжиекке сіңіп жатты... білмедім...
Бетім тосып моншағына жаңбырдың,
Тасқа қашап өлеңімді қалдырдым.
Көтеріліп Балқантаудың басына,
Өшіп қалған жұлдызымды жандырдым.
Өшіп қалған жұлдызымды жандырдым,
Сен адасып кетпесін деп, жан құрбым.
Демеймін мен, неге сонда келмедің,
Демеймін мен, көңілімді қалдырдың.
Ғашық болып жүрек сырын шертеміз,
Қызық күнмен қоштаспайық, ерте біз.
Ертеңіме ертегідей сендірген,
Аман болшы, еліктей сол, ерке қыз.
КҮН КЕШТІМ
Қайғылы-мұңды күн кештім,
Күн кештім үнсіз күрсініп.
Қол ұшын бермей жүрді ешкім,
Аштырмай көзді тіршілік...
Ой соқты болып арыдым,
Жүдедім содан мен тіптен,
Өлеңім - жалғыз жарығым,
Сағынып сені ел күткен.
Алланың бары анық қой,
Күтпедім көмек өзгеден.
Сен кетпе Өлең. қалып қой -
Сен үшін ғана төзген ем...
80

Иттігін иттің айтам ба?
Кайтемін итпен таласып,
Жүректі ауыртып қайтам да,
Жүреді жаным тағы ашып...
Отыздан астым аз ғана,
Ашылды аздап аспаным.
Қарайды қыздар наздана,
Көрмейді көзде жас барын...
Ғасыр дерті - ісікті
Іздесең ... ЖҮРЕК ТҰСЫМДА.
Маған да құрық түсіпті,
Алладан келген қысым ба?
Қара жер қойның салқын ба,
Қайтеді құшақ ашпасаң,
Қарсы алу АТА САЛТЫҢ БА,
Болмайды-ау, болмас қашпасам...
Қырдағы Қазақ не дейді,
Не дейді Қазақ Ойдағы,
Абайды... сосын СЕМЕЙДІ,
Бұл ҒАСЫР жалмап қоймады.
Азапқа мен бір түстім де,
Көзіме жастың толғаны...
ЖҰМЫР  Ж Е Р . Сенің үстіңде,
АЛАШЫМ қалса болғаны,..
Қайғылы-мұңлы күн кештім,
Күн кештім үнсіз күрсініп,
Қол ұшын бермей жүрді ешкім,
Аштырмай көзді тіршілік.

81

СОЛАЙ ДОСТЫМ
Өз ортамнан алыс қалдым, алыстап,
Өмірден де алыстармын осылай...
ПОЭЗИЯДАН қашып кетіп... мал ұстап,
Байып алсақ қайтеді осы, досым-ай.
Бұл заманда таласады жырға кім,
Намыс буып, өлеміз бе намыстан.
АЛТЫНЫМ жоқ, берер едім бір қабын -
Туыстарға көшіп келген алыстан.
Бар бақытты берер дейсің үйіп кім,
Не табасың көшіп келіп ауылға.
Сен мен үшін алаңдама сүйіктім,
Қарсы жүріп кетіп қалсам дауылға.
Солай достым, түнді отырам күн етіп,
Адамзатқа айтар сөзім болғасын.
Жүрегіме көктемдерді түнетіп,
ПОЭЗИЯДАН бастаған ем жол басын...
МАҒЖАН
Алты Алаштың Анасы туган толғатып,
Көрем деп жүріп, көре алмай кетті ол
бақыт.
Кегім бар кеткен сұрқия сол бір заманға,
Қаламнан басқа қалмады АҒА, қолда түк.
Моншақтай тізіліп қапастан шықты
маржан-жыр,
Көрінбей бізге, көгімде қалқып Мағжан
жүр...
Өксік буып жыласам бар ғой, Сізді ойлап
Көзімнің жасын өтеді шәйіп ақ жаңбыр.
82

МЕН СОНДАЙМЫН
Құдайыма жеткізейін үнімді,
Түннен шығып көрейінші Күнімді.
Болашақта
не болары белгісіз,
Бұлдыраған көріп тұрмын Бүгінді.
Адамзаттың жеткізейін азғанын,
Өшіп қалмай тұрғанда өлең-маздағым.
Болашаққа жетіп қалар, жетпесе -
Махаббатқа айналады жазғаным...
Махаббатқа айналады, дауаға
Мен сондаймын, ақындықтан сау АҒА...
Өлеңдерім қалады ғой, қалмаса -
Айналдырып алармын-ау, АУАҒА.
КЕЗДЕСЕМІН
Жетіскеннен емес енді айтам ән,
Жынданудың алдындамын айт оған,
Азғана уақыт көрінді де көзіме,
Көрінбейтін болып алды қайтадан.
Бар болатын болса жердің бетінде,
Айтшы оған: Ақын да бір жетім де;
Құлақ түріп отырамын түндерді,
ҒАРЫШ жақтан естілетін жеті үнге,..
Мен өзімді түсіне алмай шаршағам,
Қатарыңа қайта қосып алшы, Адам.
Көктем қайтып шығады ғой бұрқырап,
Қар астында қалып қойған аршадан.
Жүріп келем мен бір бөлек ізбенен,
Көз алдымда Періштелер жүздеген.
ҒАЛАМШАРДА ғалымдарға мәлімсіз,
Кездесемін сол бір жұмбақ қызбенен.
83

ҚАЙТА АЛАМ БА?
Аспанның сыймады ма қуысына,
Бір жұлдыз ағып түсті уысыма.
Түсінікті түс еді-ау,
гүсінбейді...
Түсінігі жоқ не деймін туысыма?
Түсіндіріп Оларға айта алам бар.
Түсінбейді МЕНІ ОЛАР, қайта одан да,
ҒАРЫШ ЖАҚҚА кетейін, жол түсіп тұр
Кетемін гой, кетуін...
ҚАЙТА АЛАМ БА?

ЖАЛҒЫЗДЬІҒЫМ ТУРАЛЫ
АЙТАМ...
С. Ақсұңқарұлына
Бір түн өтті, көз алдымды ісіріп,
Уысыма түспеді өлең-моншағым.
Таң жарықтық түн пердесін ысырып,
Қайта оралды шын бақытты: сол шағым,
Қалам тоқтап қалып еді қай тұста,
Ой мен Сезім түсті қызу айтысқа.
Емшілердің емін қабыл алмаған.
Қиын болды-ау кеудемдегі "байғұсқа".
Өмір сүріп жүрмесем де Елсізде,
Жалғыздығым туралы айтам мен Сізге.
Көктем жаққа жалғыз кетіп барамын,
Ақын-жүрек жазылады емсіз де.
Мен қайтемін мұңымды айтып басқаға,
Ақын да бір әлдиі кем жас бала..,
Бұл жалғанда Сізді жақсы түсінем,
Мен сияқты түсінсе ғой басқа да.
Сатқындықтың көрдім неше түрін мен,
Сақтанбайтын сәби едім бұрын мен.
Сізге қалай, ал мен бар ғой, жан аға -
Бірге жанып бара жатам жырыммен.
85

Ө М І Р Д І  Ж А Қ С Ы КӨРУ
Дүниенің қабағына қарайлап,
Отырамын таң атқанша арайлап,
Ж а з туралы ертегі айтып тұрады
Аппақ қарды жамылып ап бір аймақ.
Көктем келсе, гүлдер ашып қауызын,
Басым-ойға, жырға толып ауызым,
Мен өмірді жақсы көріп кетемін,
Сен де жақсы көріп кетші, жауызым.
Күйін кешіп Қорқыт ата бабамның,
Қобызы да мен боламын даламның,
Өлеңімді жаздырады құдірет,
Қайталатып жаздырады маған мұң,
Жанарымның ішіндегі тамшыны,
Көрмейтіндер үйіреді қамшыны,
...Өлеңі де қалады ғой мөлдіреп,
Ақындардың бар иманы, бар шыны.
86

САРЫАРҚАНЫҢ САРЫ ҚЫЗЫ
Алдамайтын шығар енді бізді арман,
Қызғанбай-ақ, қойшы мені қыздардан,
Есіңде ме,
сол бір көктем, сол бір кеш.
Сәуірдегі Балқантауға біз барған,
Ақ жаңбырдың қалып қойдық астында,
Жаңбырдан ба, әлде менен қаштың ба?
Тас үңгірден
қайта шығып жүгірдің,
Маған қарай... құшағыңды аштың да.
Жүрегімнің жеткіздім бе алғысын -
Айта алмаймын, айту ұят арғысын...
Махаббаттың
білеміз ғой қадырын,
Сарыарқаның сары қызы тал мүсін.
"87

поэзия
Поэзия - менің адал досымсың,
Құпияңды түсінбеймін - осым шын,
Мидан бұрын
озып туған мың жылға
Сен бір ғажап құбылыссың, қынжылма.
Айтшы өзің Құдайды кім көріпті,
СЕН көрінбе
Мылтық, Қанжар, Шынжырға.
Еркелете берме бізді, тасытпа,
Құпияңды түсінерміз - асықпа.
Құдай сені
сүйгеніне дарытып,
Жолатпайды екен өзі пасыққа.
Бір сол үшін рақым айтам Құдайға.
Құдай деймін ОЛ да: Біздей шыдай ма?
Мұқағали
өлең жазып отырды,
Абай атам түсіме еніп бұл Айда.
М Е Н І Ң  Д Е  Ж А Н Ы М  Ж Ы Л А Й Д Ы
...Менің де
жаным жылайды жаңбырлы түнде,
Жан жылуын жаралы қалдырдым гүлге.
Аспанның тамшыларын тамашалап жүріп,
Сезімге жеңдіріп Ойымды алдырдым мүлде.
Көктемге
қарай көңілдің алып ұшқанын,
Жамандыққа жорып қалмашы тағы
дұшпаным
ӨЛЕҢ жазып жүрген - жүрегімді сыздатып,
сол ғой, сол -
жылатып жүрген
сағыныштарым.
88

ЕКЕУМІЗДІ
Екеумізді табыстырған тағдыр ма?
Болса болар, мені жалғыз қалдырма-
Біз екеуміз қарыздармыз Көктемге -
Көктем айы, сәуірдегі жаңбырға.
Шартарапқа кетті ұшып жыр-құсым,
Бір-ақ күнде түзеледі тұрмысым.
Мені саған адалдығым үшін де,
Арманыма жеткізеді бұл Қысым.
Алаңдама қалған ғұмыр үшін Сен,
Бақыттымын жанымды ұғып, түсінсең..,
Қимасаң да томағасын сыпырып-
Қыраныңды қияндарға ұшыр сен.
Қасиетін түсіне біл тұғырдың,
Мәңгілігін емесін де ғұмырдың...
Бойымдағы барлық жақсы қасиет,
Кіп-кішкентей жүрегінде жүр ұлдың...
89

МЕНІҢ АНАМ
Өз-өзіме отырамын өкпелеп,
мені ешкім түсінбейді, көк терек.
Бақытсыздау ақынның бұл өмірі,
Өзгелердің тірлігінен көп бөлек.
Маған өлең, Оларға алтын керегі -
Алтын деші... тезекті де тереді.
АСПАН жақтан келіп едім адасып,
Мені сонда қабыл алған  Ж Е Р еді.
Жер еді ғой, сәби жанын түсініп,
Ақ бесікке алған мені түсіріп.
Алғаш рет көрдім сонда АНАМДЫ,
Анашымнан дарыды ғой, кісілік.
Көзімді ашып қарап жаттым пендеге,
Бұл дүниеден хабары жоқ мен-дене,
Елең еттім әлдиіне Анамның,
Шымыр етті жүрегімде әлдене.
Жерде қалдым анашымның қасында,
Қалған солай Мұқағали, Қасым да.
Ақын болдым әлдиімен Анамның,
Менің анам ұлы адам расында.
90

К Ө Р І Н Б Е Й Т І Н  Қ Ұ Д А Й КҮШТІ
Көңілімде нала-мұң бар, алаң бар,
Мені енді жынды етпекші жамандар,
Түңілдіріп жүрсіңдер-ау өмірден,
Өлеңімді оқып алып адамдар...
Қан жылаған жүрегімді қолға алып,
Мен жатырмын өлем бе деп толғанып.
Қара жерді қимайтын да табылар,
Аруағымнан қорқатыны - ол да анық.
Түңілдіріп алдыңдар ғой, алдыңдар -
Мені көріп түк түсінбей қалдыңдар.
Өлім деген немене ОЛ, түк те емес,
Көз тірімде көрге апарып салдыңдар.
Мен өлгенде сендерге осы түсті не,
Топырақ сап жатырсыңдар үстіме,
Көрінбейтін Құдай күшті.,. әттең-ай,
Хабар жетпей жатқан шығар Күштіге.
91

ЖЕТІМДЕРМЕН БІРГЕМІН
Кірлетпеймін, кіршігі жоқ арымды .
Жаутаңдаған жетім аз ба дарынды?
Олар түгіл, біледі ғой, Құстар да -
Мына менің дүниеде барымды.
Бір Алладан үміттерін үзбеген,
Қарайды Олар, аяулы бір жүзбенен,
Дарындының көбі жетіп, соны ұғып,
Мен оларды, Олар мені іздеген...
Жер бетінде жүрміз есен-аман Біз,
Ғажап өлең жаза алады балаң қыз.
Бір ауданның болмасақ та әкімі,
СОЛ ауданның ЕРТЕҢІ үшін алаңбыз.
Бұл әлемде жетімдердің бәры мұң,
көрсете алмай жүрген барын, дарынын,
Мен олармен біргемін ғой, біргемін -
Бір соларға түсіп жүрсін жарығым...
*
 * *
ОРАЛАМ
О, Жер-Ана, саған беріп тәнімді,
Аспанға алып ұшып кетем ӘНІМДІ.
ПОЭЗИЯНЫ түсінетін Адамдар -
Кетіп барам жақсы көріп бәріңді.
Ерік бермей сезімге бір, ез үнге -
Ғайып болған, мен бір басқа түрге енем,
МЕН сендерге қажет болған кезімде,
ЖЕР бетіне қайта оралып бір келем.
Есен-аман жүріндерші бір Сендер,
Қайта оянып, көздеріңді ілсеңдер...
ҒАРЫШ ЖАҚТАН жымыңдайды бір
жұлдыз,
ӨЛЕҢ үшін туғанымды білсендер...
92

ҒАРЫШ МЕНІ ТАРТАДЫ
Жазға асығам, асығам көк шалғынға,
Моласына өмірде жоқ Шалдың да.
Қайтейін-ай қайта оралдым, қаңтарға
Қиялыммен жер-көкті көп шалдым да.
Көзімді алмай түндерде жұлдыздардан,
Көріп қалып жүремін бір Қызды алдан...
Бір жарқ етіп ғайыптан, жоқ болады
Поэзия әлемінен біз бір барған.
Өткен жаздың қызығы... көбі есімде,
Шыбын өліп қалды деп өлесің бе?
ЖҰМБАҚ қыз-ау, көп жұлдыз арасынан -
Менің мөлдір бейнемді көресің бе?
Періштесін көрдім де Алашымның,
Жабық еді түндігім, тағы ашылдым.
Ғарыш мені тартады, қалған ғұмыр,
Көз жасыңда жүреді Анашымның.
Қаңтар айын - жат көрем, ұнатпаймын,
Сыңсып жылап тұрады мың Ақ қайың,
... Мені ешкім жұбатқан жоқ еді ғой,
Ал мен өзім ешкімді жылатпаймын.
93

БІР КЕРЕМЕТ
Көңілсізбін, тағы да көңілсізбің,
Мінезіңіз қызық-ау, ӨМІР сіздің.
Бұл Жалғанның шығармай жарығына,
Жылуы жоқ жырымның көбін сыздым.
Қаламымды қолыма алып тағы,
Қиял құсым қайтадан қалықтады,'
Биіктен биікке ұшқан сайын,
Көрінбейтін, көремін АЛЫПТАРДЫ...
Көрген сайын көңілім жай табады,
Айтарымды айтамын, айтам әлі...
ПОЭЗИЯ, мүлдем саған көрінбейтін,
Бір КЕРЕМЕТ бойымнан байқалады.
94

МАХАББАТ МҰҢЫ
Сенің жазған хаттарыңды сақтағам,
Сенсіз қалай Өмір сүрем, бақ табам.
Саған арнап өлең жазып өзімше,
Бір Құдайдың алдында сол ақталам.
Біздің ауыл шетіндегі Қайыңға,
Барып қайтам Сенің туған айында.
Ол да бәрін түсінеді, сезеді -
Ол да үнсіз беріледі уайымға.
Ақ қайыңға қызығады бар Адам,
Қорғап жүрмін балтадан да, арадан.
...Сен бір қызық адамсың-ау, Досым-ай,
Ғашық жүрек жазыла ма жарадан.
Мен не дейін. Ол да маған не десін,
Бір көруге зар болып ем елесің...
Бір жалт етіп қарайды да, қайтадан
Қара жерге жасырады денесін.
Қара жерде қалмағандай ешкімім,
Қимасам да, кетіп барам, КЕШ КҮНІМ.
Ақ қайыңға барғым келмей жүр еді,
АСПАН жақтан дауысыңды естідім...
95

БАР ДОСЫМНЫҢ ЕСІГІ
Мен аспанга қараймын, Аспан маған
Қарай-қарай көзімнен жас парлаған.
Жүрегім жүз жерден ауырса да,
Қатып-семіп, қарайып тас болмаған.
Аспан жаққа қарайлап алаңдаған,
Қуат беріп келеді маған Далам.
Дос болғысы келіп жүр көсем жігіт,
Сырт айналып Мені Сол жамандаған...
Өксік буып кеудемді алып тұрды,
екі жүзді пенделер жалықтырды.
МЕН жұмыстан қуылған күні өйткені,
Бар досымның есігі жабық тұрды.
Жұмбақ Кеудем білмеймін не тіледі,
Күресінге итеріп кетіп еді.
Көргім келмей жүр еді сол бір досты,
Түкіргім де келмейді бетіне енді.
97

ҚАЙДА?
Ұқпайды анық, мені ешкім ұқпайды анық
Кетсем бе екен мөп-мөлдір шыққа айналып,
Кереметпін деп жүрген Ақындардың,
Дірілдетіп тізесін жыққан байлық...
Ал Сен өзің алтын көрсең шыдайсың ба,
Шыдайтындай кім едің, Құдайсың ба?
Сенің шарап ішкенің кімге дәрі,
Өлесің ғой бір күні құлайсың да.
Өлсем өлем, өлмесе Қасым қайда,
Түседі еске Төлеген осындайда.
ЖЕР үстінде жүрмін бе, жүрсем егер,
Туған-туыс қайда жүр, досым қайда?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет