Осылардан туатын бір сұрау – осыларды көзімен көріп отырып, түк істей алмаған, түк істемеген Абайдың алға сүйрер ойы қайда, істегені не?
VІІ. Абай кім екендігі жайында әлі ойланған жоқ екен. Ақындығы анда-санда бір жарқ етіп қалып отырғаны рас. Бірақ, Абай өзін өз заманының ілгері тілегі үшін күресуді парыз санаған адам екендігін айқын көрсетуі керек. Ақындығы сол тілегіне керекті көп құралдың бірі сияқты. Енді тізгін, шылбырын жинап ап, қомданған адам болуы дұрыс дер едім.