Өйткені оның санасы тәуелсіз ұлттың санасы емеc, Абай айтқан, түйсігінен ұйыған «көп айтса көндіге» көндіккен «баспақтың» көндімі. Туған халқын көксеген азаттығына жеткiзген ұлы күрескерлер де басыбайлылық пен бостандықтың психологиясынан құтыла алмаған. Бұған Мұхтар Әуезовтің Дж. Нерудiң «Индияны тану» атты кiтабындағы:
«Индияның бүкiл болмысы менiң қанымда қайнап тұр, оның бойындағы құбылыстардың барлығы менiң жандүниемдi қатты тебiрентедi. Сонда да, мен өз елiме, оның бүгiнiне, өзiм байқаған өткеннiң сарқыншақтарына жаттың көзімен, және сондай жеккөрiнiшпен қарадым. Мен өз елiмдi батыстың көзқарасы арқылы таныдым және кәдiмгi достық пейiлдегi еуропалық оған қалай қараса – мен де солай қарадым... Өйткенi менiң елiмнiң тарихы ағылшындардың көзқарасымен жасалған тарих едi»,– деген тұсына көк бояулы қарындашпен: