Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет133/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

Ғабит

17. ІІІ. 47»

Хаттағы айтылғандардың барлығы да жанашыр сөздер. Құнанбай Мекеге аттанар тұста Дәркембай мен Қиясбайдың құн даулауы туралы ұсынысы қабыл алынып, кейін өзгеріс енгізді. Ал: «Соңғы кездегі бар жайды ескеріп» деген емеурінін: бірінші екеуара әңгімені мекзеп отыр, екінші, Құнанбай бейнесі мен «федализмнің салтанатын сүйсіне жазды» дегенді астарлап жеткізген деп түсінуге болады.

Бірақ бұл да 1:2-нің, 2:1-дің ойнақы ойынын тоқтата алған жоқ.

10.


Енді іске идеологтар қосылды. Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің 1947 жылғы «Қазақ ССР Ғылым Академиясы Тіл және Әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысына орай академик Сақтаған Бәйішевтің «Профессор М.Әуезов өткендегі қателерінің шырмауында» атты әшкерелеуші мақаласы «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланды. Бұл мақаланың бірыңғай жүйелі түрде нығыздалып, айып тағуға құрылғандығы сондай, одан іріктеп сілтеме алудың өзі мүмкін еместей және мұнда М.Әуезовке осы уақытқа дейін тағылып келген, алдағы уақытта «ащы сыбаға» болып тартылатын «өмір дәмінің» талқысы сызылап берілгендіктен де, оны бөліп, жармай тұтас беруді жөн көрдік.

Негізгі мақсатымыз – алаш идеясының жанышталуын деректер мен құжаттар арқылы әшкерелеу болғандықтан да, бұл еркіндігімізді зиялы да аңғарлы оқырман түсінер деген үміттеміз. Сонымен...



С.Бәйішев, «Профессор М. Әуезов өткендегі қателерінің шырмауында»: «Қазақстан К(б)П Орталық комитеті жақында ғана «Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы» арнаулы қаулы алды. Бұл қаулыда Тіл және әдебиет институтының идеология жұмысындағы аса маңызды мәселелер жөнінде марксизм-ленинизмнің негізінен ауа жайылғандығы атап көрсетілді.

Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы орын алған сорақы саяси қателер мен бұрмалаушылықтар Қазақ ССР Ғылым Академиясының белді қызметкерлерінің бірі профессор М.Әуезов жолдастың да басында, оның әдебиет жөніндегі ғылыми еңбектерінде бар. Мысалы, қазақ әдебиетінің тарихын теріс жолмен пішкен, теріс жолмен жазуға жобалаған, «Қазақ әдебиеті тарихының» сорақы саяси қателермен жазылған бірінші томын басқарып, редакциялаған профессор М. Әуезов жолдас болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет