Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Мысалы, «Алашорда» партиясының белгілі көсемі Халел Ғаббасовтың туған інісі А.М.Ғаббасовты – Сәтбаев Шөлейттану институтының директоры етіп тағайындаған



бет149/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

Мысалы, «Алашорда» партиясының белгілі көсемі Халел Ғаббасовтың туған інісі А.М.Ғаббасовты – Сәтбаев Шөлейттану институтының директоры етіп тағайындаған...

Тарих саласында ұлтшыл, Сәтбаевтің күйеу баласы Әлкей Марғұлан тасаланып жүр. Филология ғылымдарының докторы бола тұрып ешқандай пайдалы ғылыми өнім берген емес. Оның 1939-1940 жылдардың арасындағы жалғыз еңбегі Едіге туралы мақала. Марғұлан бұл мақаласында орыс және қазақ халқының дұшпанын мадақтап, Едігені қазақ халқының ең озық өкілдерінің бірі, оның қорғаушысы етіп көрсетеді. Марғұлан өзінің бұл мақаласын БК(б)П Орталық комитетінің қаулысында Едігенің реакциялық сипаты әшкереленген соң жариялап отырғанын айта кету керек».

Иә, саяси қуғыннан әбден зықысы шығып, отыз жеті-отыз сегізінші жылдары «жындыханада», «өлген» деген қауесеттің нәтижесінде тірі қалған Ә.Марғұлан бұл жолы да ғылыми экспедицияға шығып, қалаға жоламай қойды. Ол Арқа, Балқаш, Іле бойында зерттеу жүргізіп, «Саят құстары» атты еңбегін жазды.

Комиссияның қорытындысы (жалғасы):«...Ұзақ уақыт бойы Сәтбаев төрт отбасынан тұратын байдың тұқымдары, ағасы көрнекті контрреволюционер, алашордашы болған Ермековтерді қолтығының астына алып келді...

Академияның президенті Сәтбаев басқаратын Геология институты саяси тұрғыдан барынша күдікті адамдармен нығыздала толтырылған. Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің Академияның жұмысы туралы қаулысынан кейін 1950 жылы осы институттан бұрынғы троцкийшіл, кеңес әскерінің қашқындары, шет ел барлауының агенттерінің, бұрынғы «Алашорда» буржуазияшыл-ұлттық партиясының белсенді мүшелерінің балалары, жиыны 10 адам жұмыстан шығарылды...

Академияның Президенті Қ.И.Сәтбаев аса ірі байдың отбасынан шыққан. Оның екі ағасы кеңес өкіметі мекемесі тарапынан репрессияға ұшыраған. Сәтбаев өзінің 1917-1919 жылдары «Алашорда» контрреволюциялық партиясына белсенді қызмет еткенін партиядан жасырып келген...

... Тексерудің материалдары таяу арада Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің бюросында талқыланатын болғандықтан да Қазақ ССР Ғылым Академиясының басшылығын ауыстыру туралы ұсыныс қойылғаны жөн болар еді – деп есептейміз».

Міне, Орталық комитеттің нұсқаушыларының саяси өресі қандай дәрежеде болған және қандай «ірі ғылыми мәселелермен» айналысып, анықтаған. Анығы, бұл «Қорытындыны» жазуға Черниченко, Шойынбаев тікелей атсалысқан және Б.Н.Митрейкин де тікелей мүдделі болған. Өйткені, ол СССР Ғылым Академиясының филиалдары мен базаларының ғалым хатшысы болып жүрген кезінде Қ.Сәтбаевпен қас-қабағы жараспапты. Қ.Сәтбаевтің осы «Қорытындыға» берген 25-тамыздағы Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов пен БК(б)П Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісінің орынбасары В.С.Кружковқа берген түсіндірмесінде: «Ол (Митрейкин – Т.Ж.) 1941-1945 жылдары Қазақ филиалына немкетті қарады, тіпті өзінің саруайымшыл күңкілімен оның өсуі мен дамуына кедергі жасады. Сол жылдары Қазақ филиалында құрылған кез-келген жаңа ғылыми институт Митрейкин жолдастың тарапынан үнемі «штыкпен» қарсы алынды, «қалай болып қалар екен» деген жалтақтыққа жол берді»,– деп жазуы Митрейкин мен Сәтбаевтің екі арасы «ежелгі жау дос болмас» деген жағдайда екенін байқатады. Өз кезегінде В.С.Кружков мәселені БК(б)П Орталық комитетінде тезірек талқылауды жүзеге асыру үшін «Правда» газетіне тапсырма беріп, Қазақ ССР Ғылым Академиясы жөнінде сын материал жариялауды тапсырды. Ал олар «дайын тұрған» Кенесары Қасымовтың қозғалысы туралы жазылған Е.Бекмахановтың кітабін оққа байлады. «Қазақстан тарихы туралы кітаптағы бұрмалаушылықтарға қарсы» деген сыни мақала ұйымдастырып, «Правда» газетінің сын және библиография бөлімі редакторының орынбасары В.Озеровті Ж.Шаяхметовке жолығып, оның пікірін біліп келуге жіберді. Бүкіл қазақ елін «жау шапты» деп атойлатуға мүмкіндік берген екеуара әңгіменің жазбасы мынадай:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет