Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Социалды Қазақстан», 1932 жыл, 10 маусым»



бет46/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   273
«Социалды Қазақстан», 1932 жыл, 10 маусым».
Дар ағашына баспақтап бара жатқан адамның жанталасы мен жанжүйесiн түсiну қиын. Қанша батыр, ержүрек болса да төнiп келе жатқан ажалдан сескенбеуi, тiтiркенбеуi, түршiкпеуi мүмкiн емес. Дегенмен де «Алаш iсiндегi» екi-үш елеусiз айыпкерлерден басқасы ешкiмдi сатпаған. Тек әр түрлi айла-амал қолданған. Ал Мұхтар Әуезов түгiн сыртына салып:

«Бiздiң аймақтың барлық қоғамдық шаруашылық қалпын капиталшылдың жолынан социализм жолына аударып, бұрып салу үшiн ол шаралардың қажет екенiн есептемедiм. Жекелеп айтқанда байлар мен ру басыларын конфискелеудiң қажеттiлiгiн iштей қабылдамадым, үкiметтiң колхоз, совхоз құрылысының тұсында iстеген берiк ұлы шараларына да басында сенiмсiздiкпен қарап, қарсы болдым»,– деп «кiнәсiн» мойынына алды.

Кемтар мен кеще, аяр мен ақымақ, мешеу мен мещан, қызғаншақ пен қорқақ, сараң мен сауатсыздар кекшiл келедi. Кеңес өкiметiнiң үкiмет мүшелерiнiң бәрiнiң бойында осындай бір кiнәраттар мен кiлтипандар бар болатын. Тiптi бүкiл мемлекеттiк құрылымның өзi сол кек пен кекшiлдiкке құрылып, өздерiнiң қастаншықпағыр пиғылын бүркемелеу үшiн «езiлген таптың күресi» деген сылтауды ойлап тапты. Әуелi өмiрге кеткен есесi мен өкпесiн Ресейден қайырып, ендi төрткүл дүниенiң астан-кестеңiн шығарды. Аш адамның ашкөздiгiнен обыр ештеңе жоқ. Билiк пен байлық қолына көшкен кезде олар ұлттың игiлiгiн бір-бiрiнен қызғанып, өзара қырық пышақ болып, бiрiн-бiрi арандатты.



«Алаш iсi» де сондай «қанды науқанның» қарсаңындағы соңғы дайындық болатын. Ал, олардың ең осал тұсы – жалған идеология едi. Өздерiн де, өзгелердi де сол жасанды даурықпаға сендiрiп бақты. Сондай сәтте «алашорданың екi көсемi өзiнiң ұлтшыл-буржуазияшыл көзқарасынан бас тартып, өткендегi қателiктерiн кеңес өкiметi мен еңбекшiлерiнiң алдында ашық мойындауы» оларға таптырмайтын саяси-идеологиялық құрал едi. Соны желеу ете отырып тобырдың санасын тұмандандырды, екiншiден, тұлғаларды үнемi үреймен өмiр сүруге мәжбүр еттi.
8.
Төтенше мекеме мен үштіктің: «Бақылауға алынсын, соңына тыңшы қойылсын, қадамы хабарланып отырсын»,– деген сұрқылтай бұрыштамасы М.Әуезовтің еркіндікте еркін өмір сүруіне мүмкіндік бермеді. Голощекин ауысып, орынына Мирзоян келгенде, яғни, «Қужақты – «Мырзажан» ауыстырса да тыңшылар қалғымады. Олар Мұхтар Әуезов пен Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық байланысын ұлтшыл-алашордашыл астыртын әрекет ретінде бағалады. Оны Мирзоянның өзіне «аса құпия» түрде былай «таныстырды»:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет