Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Бірде барғанымда Әлекең: Мұхтар менің хатымды алмай қойыпты, – деп қоңырайып отырды»,–



бет61/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   273
«Бірде барғанымда Әлекең: Мұхтар менің хатымды алмай қойыпты, – деп қоңырайып отырды»,– деген естелігі дәлел.

Мұның шындығын Гүлнар Міржақыпқызы Дулатованың:



«Мұхтар ағаны көрмегеніме 5-6 жылдай уақыт өтіпті. Отызыншы жылдары ұсталып, түрмеде отырғанын білетін едім, босап шыққанын естімеппін. Екеуміз аяңдап қатарласып келеміз, менен үй-ішімнің амандығын сұрады. Бұрынғыдай еркелете сөйлейтін жылы лебізін бұл жолы ести алмадым. Өзім туралы қысылмай бәрін баяндай бастадым... Сөзімді үндемей тыңдап келе жатқан Мұхтар аға кілт тоқтады, мен де бетіне қарадым, өңі сұрланып, қабағы түсіңкі, денесі бір түрлі еңкіш тартып, кішірейгендей көрінді. Менің бетіме тура қарамастан қарлығыңқырап, булыққан дауыспен жайлап: «Қарағым Гүлнар, енді келешекте кездескенімізде бір-бірімізді танитын кісілерше амандасып, сөйлеспейтін болайық»,– дегенін естігенімде денеме суық су құйылғандай өне бойым мұздап, шошып кеттім. Сөзін әрі қарай жалғастыра бергенінде қолымды бір сілтеп, тыңдамай, тез бұрылып жүріп кеттім»,– деген жазбасы да растайды.

Жалпы репрессия кезеңiнiң науқандық әрекетiне байырқалай қарасақ, ол өте тереңнен, жан-жақты ойластырылған, үлкен-үлкен құрбандықтарға барып, асаулардың басын жерге тұқыртып иетiндей айла-амалмен, пәрменi күштi үгiт-насихаттың желiгiмен және темiр тәртiппен – күшпен жүзеге асырылғаны байқалады. Арғы-бергi тирандардың барлық жазалау, арандату, үрей тудыру, күш көрсету, ұрып-соғу тәсiлдерiн меңгерген. Атом жарылысының iркiлiп соғатын толқыны тәрiздi – бiр науқанның күшi әлсiреген сәтте екiншi толқын керi қарай соққан. Алғашқы Пятаков пен Радектiң компаниясы – дүлейдiң ядросы, тұтандырғыш шақпағы едi. Оларды «мойындатып», «қаралап алған» соң, халықты сендiрген соң нағыз науқан басталды. Бұл – тоғыз айға созылды. 1938 жылғы қаңтарда:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет