Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Бұл әңгімелердің идеясын ескермеу



бет57/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

Бұл әңгімелердің идеясын ескермеу бір тамшы партиялық ұяттың, бір шымшым большевиктік қырағылықтың қалмағандығы, демек қазақ совет әдебиетінің есігін ұлтшыл контрабандаға кеңінен ашу екендігін Сәбит Мұқанов неге түсінбейді. Жазушылар одағындағы былыққа Орталық комитеттің ағарту бөлімінің меңгерушісі, жазушы Мүсірепов жолдас та жауапты. Мүсірепов жолдас қауіпті бағыт ұстап отыр. Әдеби өмірден жақсы хабардар, жазушылардың арасындағы ұлтшыл-фашистік жалдамалылардың күшті ықпалын біле тұрып, ол қасарыса үнсіз отыр »,– деп көкіген мақаланы оқығанда, мінбеде отырып Сәбит пен Ғабитті кәдімгідей еңірете жылатып, партиялық билетін тапсыртқанда, жан-жүрегі суынып, тітіркенген.

Онысын қойшы, сол жайсаңдардың аяғы ауыр әйелдерін боқырауынның қарлы-жаңбырында үйлерінен қуып шығып, панасыз қалдырғанын көргенде мүлдем түңілген. Сол үйге мұны қонаққа шақырып, жең ұшынан тартқандар да болды-ау. Болды. Және олар ұзақ өмір сүрді.

Тағдыр дауылы көтерілгенде Мұхтар Ақсайдағы саяжайда еді. Алғашқы суық хабарды сол кездегі жас әдебиетші Темірғали Нұртазин мен Мұхаметжан Қаратаев жеткізіпті. Ашық күнде найзағай ойнағандай болған сол бір күнді «Біздің Мұхтар» атты естеліктер жинағындағы сөзінде Мұхаметжан Қаратаев:

«Отыз жетінші жылдың август айы еді. Бір күні Ақсайдағы семьяма барып қайттым. Сонда жатқан Мұхаңды, Тайырды, Сағыр Камаловты көрдім. Олар менен қала жаңалығын сұрады. «Құлагер» авторының Құлагер жолын құшқанын тұспалдап жеткіздім. Үшеуінің де түсі құбыла қалды.

Қой, жай бір қате болар,– деді Мұхаң бір мезетте ауыр әсерді шайып-жуғандай болып,мүмкін емес... Мына аңызақ жел сықылды кездейсоқ бірдеңе шығар... Ақиқатына келеді ғой.



Бұдан кейін мұндай тақырыпқа мүлдем сөйлеспейтін болдық. Үнсіз алақан ашып, иық қимылдатамыз да қоямыз. Ол жылы да, келесі жылы да алақан аз ашылған жоқ, иық аз қимылдаған жоқ. Бұл тұстарда Мұхаң тұнжыраңқы жүрді, бірақ басқамыздай еш жерде тіс жарып, сөйлеген емес, жауқаттылап атой да салған жоқ»,– деп өкінді.

Бұл да шындық. Бірақ өкінішті шындық және ол өкініштердің орны қайтып толмайтын еді.

Мұндай қоғамдық пікірдің алапат тасқынына жалғыз адамның, оның ішінде тағылған «қоңырауы» алынып үлгермеген Мұхтардың қарсы шығуы мүмкін емес-тін. Ең қатерлі кезең 1937 жылдың мамырынан басталған болатын. Қыркүйектен қарқын алған қара дүлейдің құйыны 1938 жылдың көктеміне дейін ұйтқыды. Күндіз-түні күдікпен күн кешіп, есіктің әрбір тықырына елегізіп қараумен жүрді. Өзінің арыз-аманатын айтып, отбасымен қоштасып қойды. Кезегін тосты. Бақытына орай ол «кезекке» ілінбеді. Сәбит Мұқанов Жазушылар Одағының билетін қолынан шығармай: «Қаламымды қалдырыңдар!»,– деп көзінен жасы ыршып кеткенде: «Пошел вон!», деген сөзді естіген күні Мұхтар әйелі Валентина Николаевнамен ұзақ бақұлдасып, іш киімдерін, сабын мен орамалын дайындатып, сақал-мұртын қырып, шашын алдырып, моншаға барып, тастүйін дайындалып отырыпты. Демек, Мұхтардың «жалмауыздың» аузынан аман-есен қалуы – тағдырдың кездейсоқ сыйына жатады.

ЕКІНШІ ТАРАУ: ЗАМАН ТАЛҚЫСЫ

(немесе «Оталған ормандағы аман қалған ағаштар»)
1.
Қандай қиыншылыққа қарамастан азаматтық арын таза ұстау – адам атаулының өмiр бойы мақсат етiп, тiршiлiк кешетiн асыл арманы. Бұл ретте, кез-келген пенденiң ғұмырын үлгi ету, не сол құбылыстың қатпарлы астарын, тарихи қажеттiлiгiн, не қоғамдық құрылыстың мүдде-жүйесiмен сәйкессiздiгiн түсiндiрiп беру қиынның қиыны. Сәуегейлiк бұл арада жүрмейдi. Тарих талғамы мен таразысы тұрғысынан талдау – қоғам тану ғылымының еншiсiне тиесiлi.

Алайда бiр мемлекеттiң даму тарихындағы күрделi де күрмеуi қиын қатерлi кезеңдi басынан кешiрген Мұхтар сияқты дана адам сол кезде өзiн-өзi қалай ұстады, қандай пендешiлiк кештi, қандай көзқараста болды деген сұрақтар ерiксiз алдыңды орайды. Шындығында да назарға ерiксiз iлiгерлiк, орынды қойылған сауал. Бұған бiр сөзбен мәмiле айту ағаттық. Сол бiр аласапыранның қалай басталғанын, қатерлi дауылдың қалай тез күш алып, өртеңге қойған өрттей қаулағанын мемлекеттiң iшкi-сыртқы жағдайынан тыс қарау мүмкiн емес. Троцкийдiң және оны жақтаушылардың толықтай талқандалуы Сталинді жеке дара көсемдiк дәрежесіне көтерді. Қатаң тәртiпке негiзделген әкiмшiлiк қалыптасты. Сондай салтанатты кезде «халық жауы» деген сөз бұлтты күнгi найзағайдай әсер еттi. Француз қайраткері Бенжамен Констанның:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет