Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Жолдаушы: Мұхтар Әуезов. 22/ IХ – 27 ж



бет23/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   273
«Жолдаушы: Мұхтар Әуезов. 22/ IХ – 27 ж.

Алушы: Қызылорда қаласы, Ленин, № 26. Б. Майлинге – Сәдуақасов Смағұлға табыс ету үшiн.

Хаттың сыртындағы жазу: Бейiмбет! Смағұл онда жоқ болса Ташкенге жiберуiңдi сұраймын.

Смағұл!

Саған үнемi масыл болу маған бiр парыз сияқты мiнез болды. Iстеген iсiмдi: «Барарына барғыз»,– деп сұрау бiр сәрi жұмыс болсын, соңғы уақытта: «Жата-жата жамбасқа ауды»,– дегендей, «Ендi маған пұл бер, мені асыра»,– деген күйге де жеттiм. Соңғы жiберген ақшаң ерекше достықтың белгiсi болды. Бiрақ сенде де үй бар, бала-шаға бар. Қазiргi уақыттағы табысың да мардымды болмау керек. Оның үстiне Ленинградта тұратын үйлi-баранды бөгде бiр кiсiнi тағы да асырау әлден асқан мiндет. Қандай күйге жетсем де мен сенi бұлайша зорлауым керек емес едi. Ерiксiз соңғы уақыттағы хал соған әкелдi. Бiрақ iштей қатты қысыламын, қиналамын. Сен отзывчивосын, бiлемiн. Бiрақ солай едi деп асылу, солай едi деп жаралау керек емес едi. Талай-талай ұмыттырмас достық, туысқандық мiнездерiңнiң бiрi болды. Әйтсе де, бұдан былай өзгенiң қылығы үшiн өзiңдi жаралағанды қой. Оны мен тiлей де алмаймын, қабыл да көре алмаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет