Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет150/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

«1950, қазан. Сұрақ (мақала мен өзге де құжаттарды екі рет оқып шыққаннан кейін): – Біздің әңгімемізді қалай түсіндіруге болады және Сіздің пікіріңізді қалай жеткізу керек?

Жауап: – Ең басты мәселені бөліп алып жауап беру: Кенесарының қозғалысы реакциялық қозғалыс болды ма, әлде прогрессивтік қозғалыс болды ма? Біз оны осы уақытқа дейін прогрессивті деп есептеп келдік. Шәріповтің мақаласы Орталық комитеттің пікірін білдіреді. Егер «Правда» қалай да бұл мәселе жөнінде пікір білдіруді қажет деп шешсе, егерде бұл мәселе пісіп-жетілді деп есептейтін болса, онда бұл мәселені одан әрі талқылау барысында тұғыр етіп алу үшін мақаланың өктем мәнерін (об изменении тона) өзгертуді ойластырған жөн шығар. Біздің да атқарған жұмыстарымызды атап өту керек, Шәріповтің мақаласын, сонымен қатар өзге де құжаттарды жариялату арқылы Орталық комитет дұрыс бағытта жұмыс істеді ғой.



Сіздің мақаланың авторлары жөніндегі сұрағыңызға жауап ретінде айтарым мынау: бұл мәселені көтерудегі өздерінің орынын дұрыс түсінбей, Орталық комитеттің басына шығып, масайрап кетпес үшін мақаланы мұнда қолы қойылған адамдардың атынан бермегендеріңіз дұрыс. Бүркеншік атпен, ең дұрысы орыс фамилиясына ұқсас келетін атпен бергендеріңіз жөн. Әйтпесе, қазақтың астарлы фамилиясының артында кімнің жасырынып тұрғанын іздеп бүкіл Қазақстан шабылып жүрмесін. Мақаланы маған көрсетіп, сенім білдіргендеріңізге өте ризамын»,– деп екіұштылау жауап беріпті Ж.Шаяхметов жолдас.

Ж.Шаяхметовтің бұдан басқа мазмұнда жауап беруі мүкін бе еді? Әй, қайдам. «Мақаланы екі рет оқыған соң», «Қалай да бұл мәселе жөнінде пікір білдіруді қажет деп шешсе», «мәселені көтерудегі өздерінің орынын дұрыс түсінбей, масайрап кетпес үшін» деген сөздер Кенесары Қасымов қозғалысы мен Е.Бекмахановтың соңына түскендердің де табанды күресін, талыс сүйенішін танытады. Осы уақытқа дейін оларға Ж.Шаяхметов тосқауыл қойып келсе, енді оған «ризашылығын білдіру» ғана қалған еді.



Бұл мәселенің «беті кері қайтпайтындай теріс бағып кеткенін» 1950 жылғы 12-желтоқсан күнгі «Правданың» бас редакторы Л.Ф.Ильичевтің БК(б)П Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, әлемге «коммунистік идеологияның сұр кардиналы» деген аты шыққан М.А.Сусловқа тақырыбы «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деп қайтадан өзгертілген қызмет бабындағы мәліметтік жазбасы анық дәлелдейді. Мұнда сол кездегі Қазақстандағы саяси көзқарас ахуалынан және ұлттың адал азаматтарының ұстанған пікірінен толық мағлұмат берілетін болғандықтан да, тұтас келтіреміз:

«Кенесары Қасымовтың қозғалысына дұрыс баға бермеген Е.Бекмахановтың мәселесі туралы әр кезде бірнеше адам: мәскеулік тарихшы Якунин мен Х.Ғ.Айдарова, қазақ тарихшысы Шойынбаев, «Правданың» меншікті тілшісі Черниченко редакцияның алдына арнайы мәселе ретінде қойып келді. Якунин мен Х.Ғ.Айдарованың, Шойынбаевтің бірігіп жазған мақаласы редакцияның алқа кеңесінде үш рет талқыланды. Кенесарының қозғалысы туралы мәселені П.Кузнецов («Правда»), Морозов пен Лихолат ( БК(б)П ОК үгіт-насихат бөлімі) жолдастар арнайы қарастырып шықты. Олардың барлығы да Е.Бекмахановты айыптаған бұл мақаланы жариялау жөнінде ұсыныс білдірді. Мақала жариялауға қабылданды.

Е.Бекмахановтан жедел хат алған соң және сіздің нұсқауыңызбен қосымша тексеру жұмыстары жүргізілді. Правда» газетінің сын және библиография бөлімі редакторының орынбасары В.Озеров арнайы Алматыға барып қайтты. Қазақ тарихшыларының көпшілігі Е.Бекмахановтың ұстанымына қарсы екені, оны буржуазиялық-ұлтшылдық деп бағалайтыны анықталды. Қазақ ССР Ғылым Академиясының басшылығы (Сәтбаев жолдас) және Орталық комитеттің қызметкері (Омаров), (иә, олар үшін Орталық комитеттің хатшысы жай қызметкер – Т.Ж.) Кенесары Қасымовтың қозғалысына реакциялық қозғалыс ретінде баға берілген жарияланымға үзілді-кесілді қарсы екендіктерін мәлімдеді.

Мақаламен Шаяхметов жолдас та танысып шығып: оның өзі қозғалысты реакцияшыл деп есептемейтінін, егерде мәселе пісіп-жетілді деп есептеп, «Правда» мақаланы жариялауға бекінсе, онда оған кейбір өзгерістер енгізу керектігін білдірді. Өзгерістер енгізілді.

Бұдан басқа, «Правда» редакциясының сын және библиография бөлімі арнайы кеңес шақырды. Онда мақала әр түрлі көзқарас иелерінің талқылауына ұсынылды. Мақалаға қарсы Бекмаханов пен Вяткин жолдастар (кітаптің редакторы) қарсы сөйледі, олар Бекмахановтың соңғы хатының рухында, бірақ бұрынғыдай өктем емес, пікір білдірді. Якунин, Х.Ғ.Айдарова және Қазақстаннан арнайы келген Б.Сүлейменов – Е.Бекмаханов кеңестің назарына ұсынған құжаттарды жоққа шығарды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет