Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Ал біздің әдебиеттанушыларға келетін болсақ, онда оған тарихи тұрғыдан кейбір анықтамалар бере кетуді өзімнің парызым деп есептеймін



бет163/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

Ал біздің әдебиеттанушыларға келетін болсақ, онда оған тарихи тұрғыдан кейбір анықтамалар бере кетуді өзімнің парызым деп есептеймін.

Кенесары Қасымов бастаған қозғалыс туралы алғашқы мәселе 1923 жылы «Еңбекші қазақ» газетіндегі жазушы Сәбит Мұқановтың: бұл – феодалдық-хандық, демек, халыққа қарсы және реакциялық көтеріліс,– деген мақаласында көтерілді. Кенесарының көтерілісі туралы пікірді жазушы Әуезов 1933 жылы 7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығында көтерді, бұл көтерілістің феодалдық мәнін жоққа шығармаса да, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов бастаған көтерілісті Кенесарының қозғалысымен қатар тақтаға қойып, олардың арасынан ешқандай айырмашылық көрмеді. Оның үстіне Әуезов 1935 жылы Кенесары жөнінде өте жоғары баға берді. Өзінің теріс көзқарастарын бекіту мақсатында «Хан Кене» пьесасын жазды. Ол Қазақтың академиялық драма театрының сахнасында қойылып, бірінші қойылымнан кейін идеологиялық тұрғыдан зиянды шығарма ретінде сахнадан алынып тасталды. Бұл пьеса туралы жазушы Мүсірепов 1935 жылы мамыр айында («Соц.Қазақстан» газетінің бетінде) мақала жариялап, қате және зиянды пьеса деп сынады. Ғ.Мүсірепов: «Ал, бұл хан Кене (яки Кенесары) пьесенің басынан аяғына дейін күшті, қайратты «қиырға көз салған» ер болып суреттелген дедік. Және «қиырға көз салған» ер болып суреттелгенде, ұлтшыл, «қазақшыл», «халықшыл», «отаншыл» ер болып суреттелген. Бұл пьесасында да, бұрынғы пьесалары «Еңлік-Кебек», «Қаракөздердің» сарынымен қазақ елінің ескілігін арман қып, ескі хандардың жұрнағы – «елім» деген ұлдарын, Кене хандардың өлімін, қаһармандығын мұраттаған, жоқтаған пьесесі»,– деп (үзінді Ғ.Мүсіреповтің мақаласының қазақша мәтінінен алынды – Т.Ж.) жазды. Міне, Кенесарының бейнесі арқылы автордың неге шақырғаны және оның неге арналғаны, міне, осыдан-ақ аңғарылады...

... Дулаттар қырғыздармен келісіп алып Қасымның ұлдарын қалдырып кетеді. Бұл, кейбіреулер айтып жүргеніндей, олардың қырғыздарға сатылып кеткендігінде емес, Кенесары қырғыздарды жеңіп кеткен жағдайда Абылайдың тұқымдары өздерін қырғыздың манаптарынан кем ұстамаған болар еді. Міне, ең қиын сәтте дулаттықтардың Қасымның ұлдарын тастап кетуінің себебі осында.

Кенесары мен Наурызбайдың өзінің «жақтастарының» көбейтуінің басты сыры – олардың жасағының бағынбағандарға қарсы көрсеткен зорлығы мен қатыгездігінде. Кенесары мен Наурызбай бастаған көтерілістің беделін Исатай мен Махамбеттің көтерілісімен еш салыстыруға келмейді. Халық Кенесарыға өзінің қорғаушысы деп емес:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет