«Кененің Сары Арқасы – кең пейіш еді» деу – біріншіден, шындыққа жатпайды, екіншіден – барып тұрған керітартпа пікір. Мұндай пікір тек хандар заманын аңсаған, алға емес, артқа қараған жылауық бишаралардың ғана аузынан шығуға тиіс.
деп сарнайды Бекхожин сол поэмасында. Бұл сарнау – кімнін сарнауына ұқсайды? Немесе:
Сорлаған ел жұртынды сақта өзің,
Самсаған албастыдай сонау жаудан»,–
деп күңіренеді автор.
Міне, автордың «Батыр Науан» поэмасын жазғандағы, онда қолдан сюжет ойлап тапқандағы айтайын дегендері осындай қоқыс, ұлтшылдық пікірлер. Бекхожин бұл поэмасында да Шыңғыс ханның аруағына бас ұра жығылады.
«Кешегі атышулы Шыңғысқа ұқсап», – дейді де Наурызбайды Шыңғысқа теңейді. Бұған қарағанда Бекхожиннің «Ақсақ құлан», «Батыр Науан» поэмаларын жазғандағы ой арқауы бір екенін айқын көреміз. Бұл екі поэмадағы оның ой пікірі ағып келіп мынадай арнаға құяды: кешегі қанды шеңгел Шығыс қазақ хандарының атасы еді, Кенесары, Наурызбай сол Шыңғыстың ұрпағы еді,– дейді. Сүйтеді де «бетті Шыңғысқа (яғни Шығысқа) қарай бұру керек. Европа мәдениетіне қарсы шығу керек»,– деген саяси идеяны дәріптейді. Бекхожин мұны мойындасын, мойындамасын, бірақ оның поэмаларында айтылған пікірлерден туатын қорытынды осындай. Бұл қателіктер оның 8-класқа арнап шығарған оқу құралында да кездеседі. Тіпті онда айтуға болмайтын сұмдық сөздер жазылған...
1944-жылы Бекхожиннің «Шеру» атты өлеңдер жинағы шықты. Жинақ «Қазақ ұлына» деген кіріспе өлеңмен басталады. Бұл өлеңде ол не айтады? Қазақ жауынгеріне жаумен жағалас дегенде, «атаң қазақ разы болсын», «ата қоныс – Сарыарқа разы болсын» – дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Совет елі үшін, большевиктер партиясы үшін, совет еліндегі туысқан халықтардың бақыты үшін, ұлы октябрь социалистік туы үшін күрес – деген сөздер Бекхожиннің аузына түспейді. Неміс басқыншыларын жойған негізгі күштерімізді көргісі келмейді.
«Өртенгенді қазекең азат етсін»,– деген екіұшты мағына беретін, ешбір логикаға жатпайтын пікірмен өлеңін бітіреді. «Қол бастаған батырға» деген өлеңінде: