Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


а) Жазушылар Одағының аппаратында әдебиет теориясы мен сын комиссиясы құрылсын



бет214/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

а) Жазушылар Одағының аппаратында әдебиет теориясы мен сын комиссиясы құрылсын;

б) «Әдебиет және искусство» мен «Советский Казахстан» журналдарының сын және библиография бөлімдері күшейтілсін.

5.Жазушылар Одағындағы шығармашылық секциялар және республиканың барлық жазушылары туындыны талқылаудың деңгейін көтерсін, идеялық-көркемдік тұрғыдан сапасы нашар, зиянды шығармаларды қатаң түрде қарап, қайтарылып тасталсын.

6. «Әдебиет және искусство» мен «Советский Казахстан» журналдарына: өздерінің беттерінде теориялық, әдебиеттанушылық және сыни мақалалар жариялау арқылы марксизм-ленинизм идеясы насихатталсын, сондай-ақ партияның ХІХ сьезіндегі нұсқауларының негізінде қазақ кеңес әдебиеті шешуге тиісті мәселелерді көтеру және оны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жарияланымдарды ұйымдастыру міндеттелсін.

7. Мұқанов пен Әуезов жолдастардың: өздерінің идеялық қателіктерін мойындаған және топшылдықты тоқтататыны туралы уәде берген өтініштері ескерілсін».

Осы, соңғы бап үшін бүкіл қазақ жазушылары, оның ішінде Әуезов пен Мұқанов, Мүсірепов, Мұстафин қаншама жанталасқа түскені, осы тараудағы талқының хаттамаларынан анық байқалады.

Мұхтар Әуезов осы талқыда:

«Сөзімнің осы бөлімін аяқтай келе, Одақтың төралқасынан менің осы мәлімдемемді республикалық баспасөзде жариялауға көмектесуін өтінемін»,– деген еді.

Ауызекі тілде сөйлеумен, ойланып жазған сөздің астарынан көңіл-күйдің ғана емес, адамның түйсігіндегі психологиялық күйзеліс пен үміттің де табы аңғарылатыны анық.


5.
Басты мақсатымыздың бірі – құжаттарды сөйлету болғандықтан да біз «Менің қателерім жайында» атты баспасөзде жариялауға дайындалған «Ашық хатты» тұтастай келтіре отырып, ондағы өз шығармаларынан бас тартуларының астары мен нәтижелеріне қысқаша түсінік берумен шектелеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет