Тұрсынова Г. Т



бет137/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Тербелмелі қозғалыс




Күнделікті өмірде біз тербелмелі қозғалыстар немесе жай ғана тербелістер деп аталатын қозғалыстармен жиі ұшырасамыз. Мәселен, жел соққан кезде талдың бұтақтары тербеледі, бір шеті қысқышқа бекітілген металл пластинаны майыстырып тұрып жібере салса, ол да тербеліске түседі. Сол сияқты вертикаль күйінен ауытқыған әткеншек, бесік қабырға сағатының маятнигі, серіппеге ілінген жүк, домбыра шегі, таразы сілтемесі және т.б. тербеледі. Бұл қозғалыстардың ұқсастығы сол, олардың барлығы қайталанып отыратындығымен сипатталады: қандай да бір уақыт өткен соң тербеліп тұрған дене бастапқы орнына үнемі қайта оралады, демек, тербелмелі қозғалысқа периодтылық тән. Қозғалыстың периодтылығы белгілі бір уақыт өткен соң дене орнының, яғни оның координатасының дәл немесе шамамен дәл қайталанып отыратынын білдіреді. Сонымен, механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.

Мәселен, ғаламшарлардың, Жердің жасанды

серіктерінің орбита бойымен қозғалысы, сол сияқты сағат тілі ұшының, бала бесігінің, әткеншектің, үнтаспа дискілерінің қозғалысы тербелмелі қозғалыс тәрізді периодты болып табылады.

Дене қозғалысының сипаты бастапқы шарттар мен әрекет етуші күшке тәуелді болады. Тербелмелі қозғалыс жасауы үшін денеге әрекет етуші күштер қандай шарттарды қанағаттандыруы керек екенін қарастырайық. Кез келген тербелмелі процестің маңызды сипаттамасы амплитуда болады. Гармоникалық тербелістердің амплитудасы деп тербелістегі шаманың ең үлкен мәнінің модулі аталады. Бұл электр зарядының немесе кез келген басқа периодты түрде өзгеретін шаманың модулі бола алады.

Тербелмелі қозғалыс пайда болуы үшін мына шарттар орындалуы қажет:

Біріншіден, дене тепе-теңдік қалпынан шығарған кезде, оны бастапқы күйіне қайтаратын күш болуы керек. Мысалы, жүкті жоғары не төменгі шеткі нүктелерде тепе-теңдік қалыпқа қарай бағыттайтын серпімділік күшін алуға болады.

Екіншіден, үйкеліс мейлінше аз болу керек. Өйткені үйкеліс әр уақытта қозғалысқа қарама-қарсы бағытталатындықтан ол тербелістің өшуіне себепші болады. Әдетте, тербелістің еркін, еріксіз, электромагниттік тербеліс түрлері кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, тербелістерді, период, жиілік, амплитуда және циклдік жиілік арқылы сипаттайды.

Бірдей уақыт аралығы өткен сайын дәлме-дәл немесе жуықтап, дәл қайталанып, отыратын қозғалыстар механикалық тербелістер деп аталса, жүйе тепе-теңдік күйінен шығарылып, өзіне ерік берілген соң пайда болатын тербелістер еркін тербелістер деп, ал сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер еріксіз тербелістер деп аталады.

Электромагниттік тербелістер деп – конденсатордың разрядталу кезінде – заряд, ток, кернеу, сондай-ақ электр және магнит өрістерінің периодты түрде өзгеріп отыруын айтады. ( Н. Ілиясов «Жалпы физика курсы»)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет