Тұрсынова Г. Т



бет136/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   180

Ғарышты зерттеу




Дүниежүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін Жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңістігіне шығарылды. Осы уақыттан бастап, адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады. Ал қазіргі уақытта жерді айнала жүздеген Жердің жасанды серіктері ұшып жүр. Олар арқылы радио мен теледидар хабарлары тез арада дүниежүзіне таралады.

Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райын дұрыс және дәл болжауға мүмкіндік туды. Теңізде жүзген кемелер мен ұшақтар бағытын бұрын жұлдыздарға немесе Күн мен Айға қарап болжайтын болса, қазір бұл Жердің серіктерінің көмегімен жүзеге асады.

Космос кораблі. Ғалымдар ойлап тапқан жасанды Жер серіктері адамның өмір сүруін жеңілдетуге септігін тигізуде.

Жердің жасанды серігі, ғарыш кемелері және автоматты ғарыш станцияларының көмегімен алынған ғылыми мәліметтер біздің ғарыш кеңістігі туралы білімімізді молайтып қана қоймай, ғаламшарымыздың да құпия сырларын тереңірек білуге, тануға мүмкіндік жасайды. Ғарыш кеңістігінде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі қазірдің өзінде геологиялық барлау жұмыстарында, ауа райын алдын ала болжауда, кен орындарын анықтауда, ауылшаруашылығы салаларында пайдалануда.

Тұңғыш рет Ресей азаматы ғарышкер Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде ғарыш кеңістігіне жол салды. Ол ұшқан «Восток» кемесі 28 000 км шамасындағы жылдамдықпен ұшты. Одан кейін Жер төңірегіндегі орбитада көптеген ғарышкерлер болып қайтты. Ғарышкерлер үшін ғарыш кемесі – әрі үй, әрі ғылыми зертхана. Онда ғарышкерлер тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Өз елімізден шыққан ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев та ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талғат Мұсабаев «Союз ТМ -27» ғарыш кемесінің командирі болып, ғарышта 200 күнге жуық болды. Ғарышкерлер халықаралық және мемлекеттік маңызы бар тапсырмалармен қатар, ғылыми зерттеулер жүргізуге басшылық жасады. Олар: Қазақстан жерінің табиғи ресурстарын зерттеу, астықты аймақтың мүмкіндігін болжау; жер асты пайдалы қазбаларын іздестіру; ғарыш жағдайында материалдану; атмосферамен қатар, ионосфера және мезосфера қабаттарын зерттеу; биотехнологиялық және биомединицалық зерттеулер жасады.

Ғаламшарды айнала ұшып жүрген Жер серіктерінің ел үшін пайдасы орасан зор. Оның түрлері де сан алуан. Мысалы, метеорологиялық жер серігі ауа райын бақылап, өз байқауларын радио арқылы дәлме-дәл хабарлайды. Тәулігіне ғарышты бірнеше рет айналып үлгеретін ол дауыл, боран, нөсер туралы хабарды жерге жеткізіп отырады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Теңіз жәндіктерінен реактивті қозғалысты қалай байқауға болады?

  2. Дүниежүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін Жердің жасанды серігі қай жылы аспан кеңістігіне шығарылды?

  3. Жер серігінің атқаратын қызметі қандай?



515-тапсырма. Жақшаны ашып жазыңыздар. Үлгі: жазыл(бұрынғы өткен шақ) жазылған

Шық(ауыспалы келер шақ)---------------

Тара(мақсатты келер шақ)---------------

Жүзеге ас(болжалды келер шақ)-------



Тұр(жедел өткен шақ)-------------------

516-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, оған сұрақ әзірлеңіздер. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді тауып, талдау жасаңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет