Негізгі физикалық шама – температура жылу құбылыстарымен тығыз байланысты. «Температура» сөзі бәрімізге бала кезден таныс. Температура туралы түсінік ғылымда бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болған. Ертедегі ғалымдар жылудың күйі (дененің температурасы) туралы жылуды нақты сезіну арқылы тұжырымдар жасағанмен, олар субъективті, дәл, анық емес. Біз салқын, жылы немесе ыстық денелерді анықтай аламыз, өйткені дене әр түрлі дәрежеде қызу қасиетіне ие бола алады. Бұл қасиетті температура деп атайды. Температура дене жүйесінің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайды:
жүйедегі бір-бірімен жылулық тепе-теңдікте тұрған денелердің температурасы бәрінде бірдей болады. Екі дененің температурасы бірдей болған кезде, олардың арасында жылу алмасу болмайды. Егер денелердің температурасы әртүрлі болса, онда олардың жылулық жалғасу болған кезде энергия алмасуы жүреді. Сонда температурасы жоғары дене энергияны, температурасы төмен денеге береді. Денелердің температура айырмасы олардың арасындағы жылу алмасудың бағытын көрсетеді. Дене температурасын термометрмен өлшейді. Температураны өлшеу үшін сынап, спирт сияқты термометрлік заттар қолданылады. Сынап және спирт термометрлерінің көрсетуі тек екі тірек нүктеде ғана сәйкес келеді.
Сынап бағанасының ұзындығы бойынша адам денесінің температурасын анықтауға болады. Термометр дененің температурасын еш уақытта денеге тиісімен бірден көрсетпейді. Дене мен термометр температуралары теңеліп, температура өзгермейтін жағдайға жетіп, олардың арасында жылулық тепе-теңдік тағайындалғанша біраз уақыт қажет. Температурасы әр түрлі кез келген денелер арасына уақыт өтуіне қарай, жылулық тепе-теңдік орнайды. Суы бар стаканға кесек мұз тастап, оны қақпақпен тығыздап
жабыңдар. Мұз еріп, ал су салқындай түседі. Мұз еріп біткеннен кейін су жылиды. Судың температурасы айналадағы ауаның температурасындай болғаннан кейін, суы бар стаканның ішінде ешқандай өзгеріс болмайды.
Осындай және осыған ұқсас басқа да қарапайым бақылаулардан, жылу құбылыстарының өте маңызды жалпы қасиеттерінің бар екендігі жайлы қорытынды жасауға болады. Кез келген макроскопиялық дене немесе макроскопиялық денелер тобы сыртқы жағдайлар өзгермегенде, жүйеде өздігінен жылулық тепе-теңдік күйге келеді. Жылулық тепе-теңдік деп – барлық макроскопиялық параметрлер мейлінше ұзақ уақыт бойы өзгермей қалатын күйді айтады.
(Ә.Қ.Шоқанов. «Жалпы физика курсы»)
Бақылау сұрақтары:
Негізгі физикалық шаманы атаңыздар.
Қай кезде жылу алмасу болмайды?
Жылу құбылыстары туралы не білесіздер?
Жылулық тепе-теңдікті атаңыздар?
497-тапсырма. Төменде берілген сөздердің антонимдік сыңарын табыңыздар.
ҚЫЗЫҚ
|
ШЫН
АЗ
ЖОТА
ҮЛКЕН
КӨҢІЛСІЗ
КӨРМЕ
КІР
БАЯУ
ҚАРАҢҒЫ
|
Достарыңызбен бөлісу: |