527-тапсырма. «Уақыт» сөзімен сөз тіркесін құрастырыңыздар.
белгісі
528-тапсырма. Берілген мәтіннің мазмұнын ашатын мақал-мәтел ойлап жазыңыздар.
Сіз “Уақыт” сөзінің мәні мен маңызын ойланып көрдіңіз бе? Бәріміз бұл сөздің мән-мағынасын білеміз, бірақ оның маңызы туралы аз ойланатын сияқтымыз. Өйткені күн сайын таңертеңнен кешке дейін уақытты қалай өткізетіні әркімнің өзіне белгілі шығар. Дегенмен уақытты дұрыс қолдана білу керек. Өркениетті елдердің дамымаған елдерден айырмашылығының бірі уақытты берекелі өткізуінде. Уақыттың қадірін білген адам үшін ұйқы мен демалуға бөлінген аз ғана уақыттан басқа уақытын босқа өткізу қалтадағы ақшаны бостан-босқа шашқанмен бірдей болып есептеледі. Халықта мынадай сөз бар: “Өмірдегі ең қиын үш нәрсе: сыр сақтау, уәдеде тұру және уақытты босқа өткізбеу” міне, осы үш нәрсені жүзеге асырған адам ғана нағыз адам болып табылады. Сондықтан не уақытыңды пайдалы істермен өткіз, не ойлану арқылы уақытыңды босқа өткізбеуге тырыс. Бұл екеуінен басқасы бекершілік. Себебі екі күні бірдей болған адамның өмірінде береке де, рахат та, тыныштық та болмайды. Бүгінгі істі ертеңге қалдыру − ақымақ адамның ісі. Мұндай адамдардың өмірдегі зияны туралы айтып тауысу мүмкін емес. Сондықтан қазақ халқы: “Еріншектің ертеңі бітпес”, − дейді. Бұл өміріміз үш күннен тұрады: кеше, бүгін, және ертең. Кешегі күн өтті де кетті. Оның орнын толтыра алмаймыз. Ертеңгі күн болса, өте жақын. Сол үшін бүгіннен бастап жұмысқа кірісу керек.
Қорыта айтқанда, ауырмастан бұрын денсаулықтың, кедейліктен бұрын байлықтың, жұмыс істемес бұрын бос уақыттың, қартаймастан бұрын жастық шақтың, өлместен бұрын өмірдің қадірін біліңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |