Тұрсынова Г. Т


Қазақтың тұңғыш – «KazSat» Жер серігі ұшырылды



бет144/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Қазақтың тұңғыш – «KazSat» Жер серігі ұшырылды

2006 жылы 18 маусым күні, таң алдында Жер серігі - «KazSat» әуе кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан ашық аспанның аясына жол тартты. Еліміздің алғашқы әуе кемесінің ұшу тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.Путин қатысты. Осы оқиға Қазақстанды жер бетіндегі ғарышпен байланысы бар жиырма бес елдің сапасына қосуға бірінші қадамды жасап берді. «KazSat» Жер серігінің техникалық ресурсы 12 жылға шақталған. Ол ары кеткенде 15 жылда өз сапарын аяқтауы керек. Спутниктің ретранциялық кешенін Италияның «Аления Спацио» деген фирмасы алдыңғы қатарлы жер серігі технологияларын қолдана отырып, жасап шығарған. Аппарат Ресей орбиталық ұстанымының 103 – градустағы шығыс қашықтығынан уақытша ұсынылған геостационарлы орбитаға орналасып, жұмысын жалғастырмақ.

Белгілі болған тағы бір жайт, «KazSat» жер серігін жасап шығару үшін Қазақстан жағы 65 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсаған. Оның 12 ретранциялық ұңғысы



бар. Бұлардың 8-і таза спутникті фиксациялық байланысқа қызмет етсе, қалған 4-і телевизиялық байланысқа жағдай жасайды. Өзі толық іске қосылғаннан кейін «KazSat» ғарыштық жүйесі еліміздің барлық аймағына телекоммуникациялық қызметтің қазіргі заманғы түрлерін көрсетуге қабілетті болады. Сонымен қатар, жасанды жер серігі Ресей Федерациясының орталық бөлігін соның ішінде Мәскеу төңірегін, кавказ маңайындағы елдер мен Орта Азия аумағын қамти алады. Осы арқылы болашақта тарифтердің бәсекелестігі қалыптасып, қосымша қаржы түсірудің көзі болып табылады.

«KazSat» Жер серігінің навигациясы Астана қаласынан 100 шақырым қашықтағы Ақкөл қаласына орналасқан ғарыш аппараттарын жерден басқару кешені арқылы да басқарыла бастайды. Оның құрылысы 2005 жылғы наурыз айында қолға алынған екен. Осындай аса маңызды кешен құрылысының жұмысы өте жоғары қарқынмен жүргізіліп, сол жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріліпті. Жалпы ауқымы 6916 шаршы шақырымды алып жатқан бұл кешенде бүгінгі таңдағы әлемдік стандарттарға жауап беретін, ең озық технологиялы ғарыштық жабдықтар орнатылған. Оның бүгінде теңдесіз дүние болып табылатынын ресейлік мамандар мойындап отыр. Мониторинг орталығы, басқару орталығы және пайдалы жүктеме бөлімі сияқты үш негізгі бөлімшеден құралатын бұл кешенде таза қазақстандық азаматтар жұмыс істейді.

Жобаны жүзеге асыру жұмыстары аясында 35 талапкер «РосКосмостың» Сколово, Дубна және Шаболовқа қалаларындағы орталықтарында арнайы дайындықтан өткен. Сол үшін мемлекеттің қазынасынан 85 миллион теңге көлемінде ақша жаратылған.

Ғарышты ел атануға батыл қадам жасап отырған Қазақстан «KazSat-2» деп аталатын екінші жобаны шамамен 2008 жылы аспанның төріне аттандырғалы отыр. Ал 2012 жылға қарай еліміз өздігінше 4 жер серігін ұшырса, тағы соншама дистанциялық спутникті Ресеймен бірігіп шығармақ. Республика маусымның 18-нен бастап, ТМД елдеріндегі Ресейден кейінгі жасанды жер серігі бар екінші мемлекетке айналса, 2008 жылы әлемдегі 2 және одан да көп ғарыштық аппараты бар 25 елдің қатарына қосылмақ. Сонымен егеменді еліміздің шежіресінде ерекше есте қалатын тағы бір күн. Ол тарих беттеріне «2006 жыл, 18 маусым, 04 сағат, 44 минөт» болып жазылып қалды.

Бақылау сұрақтары:



  1. KazSat «Жер» серігі туралы қандай мәлімет білесіздер?

  2. Сіз өз уақытыңызды үнемдей аласыз ба?

  3. Қазақстандық ғарышкерлерден кімдерді білесіздер?



531-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шығыңыздар. Мағынасы түсініксіз сөздерді түсіндірме сөздіктен қараңыздар. Мәтіндегі сөйлемнің тұрлаусыз мүшелеріне талдау жасаңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет