Тұрсынова Г. Т



бет3/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

ФОНЕТИКА




  1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты дыбыс дейді. Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты айтады және естиді.

  2. Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді. Яғни әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.

  3. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді. Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады. Олардың тізбектелген қатары мынадай: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ѐ, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я.

  4. Қазақ тіліне тән әріптер (9): ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, һ.

  5. Қазақ тілінде дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс болып 2-ге бөлінеді.



1-тапсырма. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.

Астана, тәртіп, жазушы, алтыбақан, кітап, оныншы, инженер, кесек, студент.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет