Тұрсынова Г. Т



бет8/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Тасымал




Тасымал – сөзді жазған кезде оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.

Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы, «Кереге» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады: ке –реге, кере – ге.



Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:

  1. Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды. ( а – та, ә –ке, арми – я.)

  2. Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды (қант, төрт, бұлт.)

  3. Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды (ТМД, ҚазҰУ,Қаз МУ, ҚР).

  4. Адам атының қысқартылып алынған әрпін фамилиясынан айырып бірінші жолда қалдыруға болмайды (А.Қ.Жабаев, М.О.Әуезов, Қ.С. Мусин). 5. Қысқарған өлшем бірлігін саннан айырып тасымалдауға болмайды (15 см, 20 кг, 100 га).



50-тапсырма. Мәтіннен тасымалдауға болмайтын сөздердің астын сызыңыздар.

Қорқыт ата – кемеңгер, ойшыл, сазгер, қоғам қайраткері. Ол – Сыр бойындағы оғыз тайпаларынан шыққан тарихи тұлға. Оның Сыр өңірінен шыққаны айғақтармен дәлелденген. Профессор Ә.Қоңыратбаев 1986 жылы өлеңдерін қазақ тіліне аударып шығарды. Ғалым М.Байділдаев ардақты бабамыздың 20-дан астам күйін нотаға түсірген.



(«Қазақ әдебиеті» газетінен)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет