Тұрсынова Г. Т



бет5/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Дауысты дыбыс




  1. Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысына еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.

  2. Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады.

  3. Дауысты дыбысқа екпін түседі.

  4. Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.

  5. Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуанжіңішке, ашық – қысаң, еріндік – езулік болып жіктеледі.

Жуан: а, о, ұ, ы, у

Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, (у), э

Ашық: а, ә, о, ө, е, э

Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ

Еріндік: о, ө, ұ, ү, у Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э

19-тапсырма. Дауысты дыбыстар қалай жасалады. Дауысты дыбыстарды жазып шығыңыздар.

20-тапсырма. Мәтіннен дауысты дыбыстардың астын сызыңыздар.

Ұзақ жолды қысқарту үшін, айдалада жортқан Ақан Мөңкеге неше түрлі қызықты ертегі, дастандар айтып, ара-тұра ән салып, кішіпейіл ақын баламен тең құрбысындай сыр шерткен. Ақтоқты, Ұрқия, Жамалдардың қайғысын айтып, ара-тұра күрсініп, жапанның сары даласында ұзақ мұңды күйге түскен.



(С.Жүнісов)

21-тапсырма. Мәтіндегі жуан дауыстылардың астын бір, жіңішке дауыстылардың астын екі сызықпен сызып шығыңыздар.

Ағайдың биыл отыз жеті мүшеліне толып, кемеліне келген кезі. Алтын зерлі айыр қалпақ пен екі өңіріне, жаға-жеңіне зер тұтқан жібек шапан тал бойына құп жарасып, тақ үстінде айбындап отыр. (Қ. Жұмаділов)



22-тапсырма. Мақал-мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіріп, ашық пен қысаң дауыстыларды жазып шығыңыздар.

23-тапсырма. Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге өз ойларыңызды жалғастырып жазыңыздар. Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған кісі қайдан білсін?

Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін? (Ж. Аймауытов)



24-тапсырма. Дауысты дыбыстарға жұмбақ жазыңыздар.

Көкте бар, Жерде жоқ.

Көзде бар,

Қолда жоқ.

(--)

25-тапсырма. Мәтіндегі сөздерді жақтың қатысына қарай және еріннің, езудің қатысына қарай топтап жазыңыздар.

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер. Сіздің мінез қасиетіңізде адамгершілік бірінші болып орын алса, шыншыл, батыл, тиянақты, жігерлі және кішіпейіл адам болған болар едіңіз.



(Қ. Сәтбаев)

26-тапсырма. Ашық, қысаң, езулік, еріндік, дауыстыларды жазып шығыңыздар.

27-тапсырма. Дауысты дыбыстардың басты ерекшелігін түсіндіріп, мысалмен дәлелдеңіздер.

28-тапсырма. Тіл туралы айтылған ұлағатты ойларды жазып, осы сөздердегі дыбыстарды дауысты дыбыстың түрлеріне қарай топтап жазыңыздар.

Үлгі: Тіл жоқ жерде ұлт жоқ

(Ш.Айтматов)

Жуан – о, ұ

Жіңішке – і, е

Ашық – о, е

Қысаң – і, ұ

Езулік – і, е Еріндік – ұ, о.

29-тапсырма. Өлеңнің авторы кім? «Отырардың күйреуі» деген тақырыпта әңгіме жазыңыздар.

Алты ай бойы ерлік салтқа орын берген Отырар, Алты ай бойы алапатта жеңілмеген Отырар Алты-ақ күнде жермен-жексен қирады.

Ақыл-ойын жалындатқан,

Өнер, ғылым шамын жаққан

Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет