Тұрсынова Г. Т



бет66/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   180

Үстеу




Үстеу – қимылдың түрлі белгісін (мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын) білдіретін сөз тобы.

Үстеу құрамына қарай үшке бөлінеді:

  1. Негізгі үстеу бөлшектеуге келмейтін төл үстеулер (ең, ертең, бұрын).

  2. Туынды үстеу түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалады (бірге, зорға, балаша.) 3. Күрделі үстеу кемінде екі түбірден тұрады (бүгін, қыс бойы). Үстеудің мағынасына қарай 7 түрі бар. Олар төмендегідей:



Түр

Ереже

Сұрақ

Мысал



Мекен

Қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді

Қайда? Қалай?

Қарай?


Қайдан?

Ілгері, осында, бері т.б.



Мезгіл

Қимылдың мезгілін

білдіреді



Қашан?

Қашаннан бері?



Бүгін, таңертең, түнде т.б.



Себеп-салдар

Қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді

Неге? Не себепті?

Неліктен?



Амалсыздан, босқа, лажсыздан, бекерге т.б



Қимыл-сын

Қимылдың жүзеге асу

амалын білді-реді



Қалай?

Қайтіп?


Қалайша?

Емін-еркін, әрең т.б.



Мөлшер

Қимылдың мөлше-рін,

көлемін білді-реді



Қанша?

Қаншама?

Қаншалық?

Қаншалап?



Неғұрлым, әжептәуір, біршама, соншалық т.б.

Күшейткіш

Қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не сол-ғындатып көрсетеді

Қалай?

Қандай?


Ең, тым, аса, өте, нағыз, кілең, орасан т.б.



Мақсат

Қимылдың болу мақсатын

білдіреді



Қалай? Не мақсатпен?

Әдейі,қасақана, жорта т.б



269-тапсырма. Үстеудің қандай тәсіл арқылы жасалғанын ажыратып түсіндіріңіздер.

Ең алдымен ойлан, онан кейін істе. Досыңды алдынан, жауыңды соңынан көр. Жұмсақ төсеп, қатты ұйықта. Ақылдың арзаны жоқ, ақылдының бүгінгі ісі кешке тынған. Ақыл ауыздан, мерей көзден. Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке сүйрер. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. Естіге екі сөз де жетіп жатыр. Адамды еңбек асырар, жалқаулық құтын қашырар. Айырылмастай досыңа, қайырылмастай сөз айтпа. Ғылым кітаптың ішінде де бар, тысында да бар. Білім – бақтың жібермейтін қызығы, тілімсіз бақ – әлдекімнің азығы.



270-тапсырма. Мәтінді оқып, үстеуді табыңыздар.

Қазақстанда бүгінгі күнге дейін автомобиль құрастырушы ретінде 1996 жылы Алматыда құрылған «Іскер-ГАЗ» кәсіпорны белгілі. Мұнда жүк тасымалдайтын машиналарды, кішігірім автобустарды құрастырады. Бұрынғы №1 Алматы автожөндеу кәсіпорнында «Газель» микроавтобусы мен «КамАЗ»дың үш түрін құрастыру қолға алынды. «КамАЗ» машинасы Көкшетауда да шығарылуда Татарстанның Набережный Челный қаласындағы ауыр жүк тасымалдайтын «Камаз» автомобиль зауытынан екі ел арасындағы өзара келісім бойынша оңтүстік астанаға машина жасау бөлшектері әкелінеді. 2001 жылдан бері 100-ден аса жүк машиналары құрастырылып, олар шаруашылыққа тапсырылды. «Іскер-ГАЗ» кәсіпорны мұнайшылар мен геологтер үшін арнайы автомобиль техникаларын (автокрандар) отандық зауыттармен бірлесіп шығаруда. Бұдан басқа келешекте жол машиналарын шығаратын зауыттармен бірлесіп қызмет көрсету нұсқалары талқылануда. Бұл жүзеге асқан жағдайда «КамАЗ» автомобиль базасының негізінде Қазақстанда бензин және су тасымалдайтын машиналар құрастырылады деп күтілуде.



271-тапсырма. Төмендегі үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңыздар. Үстеулердің емлесін есте сақтаңыздар.

Жаздыгүні, таңертең, ендігәрі, әлдекімше, әрең-әрең, ауызба-ауыз, алдыалдына, бірте-бірте, жол-жөнекей, біртін-біртін.



272-тапсырма. Үстеулерді тауып, оларды мағыналық топтарына жіктеп жазыңыздар.

Толассыз екі күн соққан бораннан соң, ептеп саябырлаған секілді болып еді, бір тәулік өтпей қайта басталды. Бірақ енді алай-түлей боран емес, баяу ғана үлбіреп түсіп жатқан ақша қар жерді көме берді, көме берді. Алдындағы боранда нығыздалып қалған қабыршақтың үстіне мына түскен қар үлбіреп, борпылдақ болып жатыр. Қардың үстіңгі қабаты қоян ізін көтере алмаса, астындағы қабаты қой тұяғын бірде көтеріп, бірде одан сықырлап ойылып кетеді.

Оны бұрын жылқы тұяғы жасайтын. Қырандарым таудан төңкерілген судай ағыңдап, менен озып, айналамнан алға қарай ағылып жатты. Қалай дегенмен де, алғы шеп кейін лықсығанда, мен едәуір сасқалақтап қалдым.

273-тапсырма. Оқып шығып, үстеулерді табыңыздар. Олардың қай сөздерге қатысты екенін айтыңыздар.

Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды көресің. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отты елестеді. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Шынында, олардың әрқайсысы күнге ұқсас жанып тұрған, орасан зор газ шарлар. Ең ірілері Күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар.

Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді.

Жерге ең жақын жұлдыз – Күн. Оның төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар планета деп аталады (планета – грекше адасушы жұлдыз деген сөз).

Планеталар – өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Планетаның олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан.

Өз кезегінде планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Жердің серігі –Ай.

Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.

Күн жүйесі – Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар тым көп – миллиондап саналады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет