Қ.И.Сәтбаев – қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі бай рухани мұраға зор ілтипатпен қарап, айрықша көңіл бөлген ғалым. Әсіресе қазақтың батырлық жырының жарияланып, зерттелуіне елеулі үлес қосқанын біз әр уақытта да естен шығармауға тиіспіз. Ғалым 1927 жылы Мәскеу қаласындағы КСРО халықтары баспасынан «Ер Едіге» атты кітап шығарды. Қаныш Имантайұлы даярлаған бұл кітаап Едіге жырының Шоқан Уәлиханов пен профессор П.М.Мелиоранский жариялаған нұсқасы болатын. Жырдың 1905 жылы шыққан қазақша мәтінін салыстыра отырып, Қ.И.Сәтбаев үлкен текстологиялық жұмыстар жүргізді. 1905 жылы профессор П.М.Мелиоранский жариялаған «Едіге батыр» жырының мәтінінде араб және татар сөздері аса көп еді. Ғалым жырдың мәтінін қазақ оқырманына түсініксіз араб, татар сөздерінен түгелдей тазартып, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындады. Бұл ғалымның жыр мәтінін баспа бетінде жариялар алдындағы елеулі текстологиялық еңбегі болатын.
295-тапсырма. Жоғарыдағы берілген мәтінге ат қойыңыздар. Мәтіндегі
«тоғыз» деген сөзге назар аударып, тоғызға не кіретінін анықтаңыздар.