Шикізат пен энергияны үнемдеу
Өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған елдердің шикізат түрлеріне сұранысы, негізінен, дамушы елдер есебінен қамтамасыз етіледі. Маңызды шикізат түрлерінің барлығын дерлік сырттан әкелетін Жапонияны былай қойғанда, салыстырмалы түрде энергетикалық және минералдық шикізат түрлеріне бай АҚШ-тың өзі темір кенінің 1\3 бөлігін, бокситтің 90%-ға жуығын сырттан сатып алады.
Шикізат қорының азаюы геологиялық барлау жұмыстарының кең ауқымда жүргізіле бастауына себепші болды. Соның нәтижесінде Дүниежүзілік мұхит түбінен темір, марганец пен мыс, кобальттың ірі кен орындары табылған. Ал көптеген елдер мұнай мен газды теңіз қайрандарының 5–6 км-ға дейінгі тереңдікте өндіруді игерді. Соған қарамастан дамушы елдердің жер қойнауында әлі қоры анықталмаған шикізат түрлері болуы мүмкін.
Шикізат тапшылығы проблемасын шешу үшін қазіргі кезде жаңа кен орындарын игерумен қатар,
шикізат түрлерін жасанды жаңа материалдармен алмастыру, металл сынықтарын қайта қортып, пайдалану, қағаз қиқымдарын екінші рет өңдеу тәрізді шаралар пайдаланылуда. Мысалы, қазіргі кезде өндірісте пайдаланылатын металдардың 30%-дан астамы қайта қорытылған металл сынықтары болып табылады.
Сонымен шикізат қорының шектеулігіне, неғұрлым арзан пайдалы қазбалардың болашақта сарқылмайтындығына байланысты шикізат пен энергияны үнемдеу, ресурс сақтаушы технологияларды кеңінен пайдалану қажеттілігі туындайды. Бұл маңызды мәселені шешуде елдер халықаралық деңгейде ынтымақтасуы қажет.
С.Б. Балабатыров Электротехниканың теориялық негіздері. 2 бөлім. − Алматы: «Бастау» 2009. – 340 б.
389-тапсырма. «Шикізат пен энергияны үнемдеу» мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
Шикізат мәселесінің пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?
Неліктен кейбір елдердің энергетикалық және шикізат мәселесі болмағанымен, бұл проблема ғаламдық сипат алып отыр?
Қазақстанда шикізат тапшылығы бар ма?
Біздің елімізде балама энергетика қорларын игеру жүзеге асырылды ма?
Қазақстанда энергетикалық және шикізат мәселесін шешудің қандай жолдары бар?
Энергетик ресурстары көздерін атаңыздар.
390-тапсырма. Төмендегі сөздерден жаңа сөздерді теріп жазыңыздар.
Университет, карта, телевизор, аялдама, кеден, өнеркәсіп, қағаз, оқулық, баспасөз, ғарыш, әмбебап, желтоқсан айы, сынып, қорғаушы, сұраныс, тапсырыс, асаба, студент, ұстаз.
391-тапсырма. Тәуелсіздікке байланысты кірген жаңа сөздерді қатыстырып, «Тәуелсіз Қазақстандағы электр желісінің даму қарқыны» деген тақырыпқа мәтін құрастырыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |