Экономика және бизнес институтының даму тарихы
Экономика және бизнес институты еліміздің жоғары білім ордасы – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің (ҚазҰТУ) құрамына кіреді. Институт өзінің 40 жылдан астам тарихында еліміздің ірі мемлекеттік және қоғамдық ісінің өркен жаюы мақсатында көрнекі ғалымдарды, өнеркәсіптік өндірістердегі талантты ұйымдастырушыларды дайындап шығарушы алтын ұя болып саналады. Институттың түлектері Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Олар өз істерін мемлекеттік және жергілікті басқару
ұйымдарында және бизнесте кәсіби түрде қызмет атқарып жүр.
Өткен ғасырдың 60 жылдары дамыған Қазақстан экономикасына тау-кен және металлургия өндірісінің негізін меңгерген жоғары біліктілікті экономист мамандар қажет болды. Осындай мамандарды дайындау үшін тау-кен және металлургия факультетіне 1964 жылы мына мамандықтар бойынша студенттүлектер қабылданды: «Тау-кен өнеркәсібінің инженер-экономисі» (ТКӨЭ) және «Металлургия өнеркәсібінің инженер-экономисі» (МӨЭ). Барлығы 50-ге жуық адам қабылданды. Студенттерді дайындау бойынша осы бағыттың әрі қарай дамуы, жеке факультеттің құрылуын талап етті. Осыған байланысты, 1966 жылы ҚазПТИ (ҚазҰТУ) ректоры Г. Есіркегенованың бастамасымен Одақ пен Республиканың халық шаруашылығы үшін инженер-экономистерді дайындауға арналған Инженер экономикалық факультеті (ИЭФ) құрылды. Ол 1972 жылы ИЭФ өнеркәсіптік өндіріс пен құрылыс ұйымдастырушыларын дайындау факультетіне (ӨӨпҚҰФ) алмастырылатын болды. 1976 жылы ӨӨпҚҰФ қызмет етуі үшін «Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері» (ӨБҒН) кафедрасы ашылды.
Қазақстан тәуелсіздігін алуы және нарықтық қатынастар дамуымен байланысты факультетте қайта алмастырылулар жүргізілді. 1991 жылы ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың тапсырысы бойынша «Өндірісті ұйымдастыру менеджер» мамандығы бойынша мамандар дайындайтын Менеджмент және бизнес факультеті құрылды. 1993 жылы факультет, Экономика және басқару оқу факультетіне ауыстырылды. Факультет мына мамандықтар бойынша студенттерді қабылдау жүргізді: «Өндірісті ұйымдастыру», «Өнеркәсіп экономикасы», «Отын-энергетикалық кешендегі экономика және басқару», «Баспа ісі мен типографиядағы экономика және басқару». Факультет құрамына бес кафедра кірді: «Басқаруды ұйымдастыру», «Өнеркәсіп экономикасы», «Минералдық ресурстар экономикасы және басқару», «Экономикалық теория» және «Жоғары математика». 2000 жылы университеттің қайта құрылымдануы барысында, факультет Инженерлік-экономикалық институт болып қайта құрылды. ҚР-на арналған Тұрақты даму қағидалары концепциясын енгізудің өзектілігін ескере отырып, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 2002 жылы 8 желтоқсанда Инженерлік-экономикалық институт Экологиялық-экономикалық институтына қайта ауыстырылды. Экологиялық-экономикалық институт 2006 жылдың жазында Экономика және бизнес институты болып қайта құрылды. Бүгінгі күні Экономика және бизнес институты – еліміздің өнеркәсіп және банк салаларына экономистерді дайындау бойынша Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың жетекші оқу және ғылыми бөлімшесі.
Бұл саланы экономистермен қамтамасыз ету үшін институтта «Экономика» мамандығының «Мұнай бизнес» мамандануы бойынша бакалаврларды дайындау ісі жүргізіледі. «Экономика және минералды ресурстарды басқару» кафедрасының 65 жылдық тарихы бар. Кафедраның басты мақсаты − оқу және ғылыми бағдарламаларды іске асыру, инженерлердің экономикалық дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ экономика саласына жоғары дәрежелі мамандар дайындау болып табылады.
424-тапсырма. Мәтін бойынша сөз тіркестерін аяқтаңыздар. Еліміздің------------------ даму----------------------- бизнесте------------------ қайта құру --------------- мамандығы -------------- нарықтық----------------- жетекші------------------ білікті ------------------- басты --------------------
Достарыңызбен бөлісу: |