370-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
371-тапсырма. Екі топқа бөлініп, Қазақстандағы қазіргі энергетика мәселелерінің бүгіні мен ертеңі жайлы пікірталас ұйымдастырыңыздар.
372-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыздар.
373-тапсырма. Мәтіндегі сөздерден синоним, омоним, антонимге мысал жазыңыздар.
Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған. Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілін білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.
(Б.Момышұлы)
374-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерге өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.
а) Алтын көрсе періште жолдан таяды.
ә) Атың шықпаса, жер өрте.
б) Байдан үмітсіз – құдайдан үмітсіз.
в) Өзіңде жоқ болса, әкең де жат.
375-тапсырма. Төмендегі сөздердің мағыналарын түсіндіріңіздер.
Арту, қамтамасыз ету, жаңа әдіс, ірі қопарылыс, қауіптілерінің бірі, біріктіру ұсынысы, тәуелді болу, тиімді пайдалану, мәмілені талқылау, тұжырымдамалық жоба.
376-тапсырма. Электр энергетика саласына қатысты терминдер жазып, мағынасын түсіндіріңіздер.
377-тапсырма. Берілген сөздердің сыңарын табыңыздар.
378-тапсырма. Мәтіннің тақырыбы мен идеясы бұдан бұрынғы қандай тақырыптар мен идеяларды толықтыратынын аңғарыңыздар. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөздерді табыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |